Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы депутаттар көзімен
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы депутаттар көзімен
2018 жылғы 21 қарашада облыстық мәслихаттың білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру» жоспарлы мәселені дайындау бойынша іссапары болды.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі − бағдарлама) бойынша бірқатар объектілерге барды. Бұл бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші бағыт бойынша. «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету». Осы бағыт бойынша Қостанай қаласындағы «Қостанай тұрмыстық сервис колледжі» КМҚК объектісіне барды. Педагогтердің айтуынша, қайта даярлау бағыттары арасында шаштараз-модельер курстары өте танымал. Әлеуметтік серіктес – «Большевичка» фабрикасының арқасында соңғы уақытта тігін ісі бойынша қайта даярлаудан өткен қызметкерлер сұранысқа ие болды.
Бұл мамандық тыңдаушыларының арасында ерекше қажеттіліктері бар жастар жиі кездеседі. Педагогтердің күшімен олар барлық студенттермен қатар білім беру және тәрбие үдерісіне тартылған, алайда инклюзивті жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша көптеген ашық сұрақтар қалып отыр.
Екінші бағыт бойынша. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» . Қостанай ауданында депутаттар биылғы жылы өз ісін дамытуға бағдарламалық несие алған жас кәсіпкерлер қолөнершілер құрған өндірістік алаңдармен танысты.Олардың арасында металл құрылымдары мен өңделген бұйымдарды дайындайтын Пасечник ЖК бар.«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бірінші несие алды. Мерзімінен бұрын жапты. «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқудан өтті. Бизнесті кеңейтуге несие алды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырды. Қазіргі уақытта 2 адам жұмыс істейді. Бағдарламаға қатысушы Е. Б. Ауғалиев ЖК, шамамен он жыл бойы пилорамда жұмысшы болып жұмыс істеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы туралы білгенде, өз ісін ашуға шешім қабылдады. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, несие алды. Пилораманы ашты. Жұмыс орындарын құрды.
Бағдарламаның барлық қатысушылары «Бастау бизнес» дайындық курстарында оқытудың тиімділігін атап өтті. Кәсіпкерлердің пікірінше, бұл тек қажетті білім беріп қана қоймай, дүниетанымды түбегейлі өзгертіп, өзіне және өз күшіне деген сенімділікті қалыптастырады. Несиені іске асыру шеңберінде Бағдарламаға қатысушылар қосымша жұмыс орындарын құрды.