2018 жылғы 16 қарашада болатынкезектен тыс сессия туралы хабарлама
2018 жылғы 16 қарашада болатынкезектен тыс сессия туралы хабарлама
Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы) 2018 жылғы 16 қарашада сағат 11.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66-үйдің 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы
- Мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 213 «Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімін беру жөніндегі ұсыныс енгізу туралы.
- Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Владимир Петрович Матвиенконың есімін беру жөніндегі ұсыныс енгізу туралы.
- Қостанай облысының Таран ауданы атауын Бейімбет Майлин ауданына өзгерту жөніндегі ұсыныс енгізу туралы.
- Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін –Қазақстан Республикасының азаматында уақытша жер пайдалану құқығымен, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау бойынша бірлескен ұсыныстар енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 «Қостанай облысының жеделдетілген индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 104 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 86 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облысы әкімдігінің жанынандағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- Мәслихаттың 2015 жылғы 14 қазандағы № 455 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Мәслихаттың 2006 жылғы 17 ақпандағы № 289 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.