2017 жылғы 20 қыркүйекте кезектен тыс сессиясы
Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының облыстық бюджетін нақтылау туралы) 2017 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66-үй, облыстық әкімдік ғимаратының 6-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі
- Мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 91 «Қостанай облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қарашадағы № 330 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы және мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 134 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағыДенсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы».
- Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедіг № 175 «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 «Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 16 тамыздағы № 182 шешімінің күшін жою туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроримзге карсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.