Алтыншы шақырылымның 19-ншы кезектен тыс сессиясы өтті
2017 жылдың 15 қыркүйегінде Ұзынкөл ауданының әкімі Қ.М.Сәрсембаевтің бастамасымен аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымның кезектен тыс сессиясы өткізілді. Сессия аудандық мәслихаттың хатшысы А.С. Бараншинаның төрайымдылығымен, аудан әкімінің орынбасары Н.Ж.Абдрахманованың қатысуымен өтті.
Кезектен тыс сессия күн тәртібінде: Ұзынкөл ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралды.
Аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселесі бойынша депутаттар алдында экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Д. Займулдынова сөз сөйледі. Бюджетті нақтылаудың себебі аудан әкімінің резервін, бюджет қолданысындағы бюджеттік жинақты қайта бөлу болып табылады, сонымен қатар аудандық бюджеттің теңестіретін шығындарын қысқарту және қаражаттың дереу қажеттіліктері үшін. Аталған аудандық бюджетке өзгеріс енгізу жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша Бюджеттік кодекісте рұқсат етілгендей тоқсанына бір рет жүзеге асырылып отыр. Аудан бюджетін нақтылау сессияда бекітуге дейін, Н.С. Булатовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралды. Депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша, тиісті шешім қабылданды және депутаттар бірауыздан дауыс берді. Сессия аяқталысымен, Н.Ж. Абдрахманова депутаттардың жұмыстарына белсенді қатысатындарына, ынтымақтастықтарына өз ризашылығын білдірді.