Өңірлік бағдарламаны іске асыру қорытындылары туралы

2017 жылғы 20 қыркүйекте аудандық мәслихаттың заңдылық пен құқықтық тәртіп, еңбек қорғау және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынас жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Комиссиямен мына мәселе қарастырылды: «Федоров ауданында 2012-2016 жылдарға арналған Қостанай облысындағы нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі өңірлік бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы».
Комиссия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мектеп директорлары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Баяндамамен Федоров ауданы әкімі аппаратының заң бөлімі басшысының міндетін атқарушы Я.С. Уразбаева сөз айтты, ауданда өңірлік бағдарламаны іске асыру шеңберінде есірткі қылмыстықтарды алдын алу мен ескерту, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттарды заңсыз айналымына жол кесуге бағытталған іс-шаралар кешені өткізілгені туралы депутаттарды хабардар етті.
Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметінде есірткіге қарсы насихаттауды күшейту басымды бағыты болып табылды.
Ауданда «Спорт против наркотиков», «Вред наркомании» және т.б. тақырыбына спорт-көпшілік іс-шаралар өткізілді.
Оқушылардың жалпы санынан 68,1% қосымша біліммен қамтылды. Жазғы кезеңінде Федоров ауылында волейбол, баскетбол, футбол, теннис және бокс бойынша секциялар өз қызметін тоқтатпайды.
Бағдарламаны іске асыруда аудан кітапханаларында «Твое здоровье в твоих руках», «Ужасы наркомании», «Вредные привычки – загубленная жизнь» және т.б. атты кітапханалық көрмелер және тақырыптық сөрелер безендірілді.
«Не сломай свою судьбу», «Умей сказать нет!» және т.б. атты танымды сағаттар, ахуал және ескерту әңгімелері өткізілді.
Жыл сайын ауданда Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. Нашақорлықпен күрес күнін өткізу шеңберінде жастар үшін акциялар, флеш-мобтар, сауалнамалар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, АІІБ және АОА өкілдері аудан тұрғындарына үндеу салды.
Я.С. Уразбаеваның баяндамасын Федоров АІІБ бастығы А.В. Елисеев және Федоров АОА бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.С. Сырғабаев толықтырды.
Осы мәселе бойынша қорытындысымен заңдылық пен құқықтық тәртіп, еңбек қорғау және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынас жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Р.Г. Валеев сөз айтты.
Депутат біздің аймағында нашақорлық және есірткі бизнесімен күресінде қолданылатын шараларды жалғастыруды қажет туралы айтты. Алдағы жұмыс үшін жастарға демалыс және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, нашақорлықты алдын алу субъектілердің өзара әрекеттесуі және серіктестікті талап ететін нашақорлыққа қарсы насихаттауды өткізу қажет.
Отырысты қорытындылай отырып комиссия мүшелері ұсынымдар шығарды және тиісті қаулы қабылдады.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .