Құрметті қостанайлықтар! 01.05.2018 ж.
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барлық қазақстандықтарға қымбат. Қазақстан халқының бірлігі күні бүкіл әлемдік қауымдастыққа нағыз достық пен бірлікті көрсетететін халқымыздың ерекше дәстүріне айналған мереке.
Әр түрлі ұлыстар мен ұлт өкілдері біздің қасиетті жерді өз Отаным деп санайды. Бірлікті сақтау ісіне өз үлесімізді қосып, дінаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, біздің облысымызды одан әрі дамыту үшін жағдай жасауға тырысамыз.
Осы көктемгі күнде сіздерге тамаша мерекелік көңіл-күй, денсаулық, табыс, амандық тілемін, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін! Қазақстан халқының достығы нығая берсін!
Құрметпен,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С.Ещанов