2018 жылғы 28 маусымда аудандық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясы ОФ депутаттар фракциясының заңдылық пен құқықтық тәртіп, еңбекті қорғау және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт ж

 «Нұр Отан» партиясы ОФ депутаттар фракциясының тұрақты комиссиялары «Федоров ауданындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы» және «Федоров ауданында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» мәселелерді қарастырды.
Отырысқа Федоров ауданы әкімінің орынбасарлары А.С. Кашиев,       А.В. Сошников, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, жергілікті қоғамдастық және ауданның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
         «Федоров ауданындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы» мәселесі бойынша Баннов ауылдық округінің әкімі В.Г. Воробкало, Пешков ауылдық округінің әкімі Ә.Қ. Ержанов және Федоров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С.В. Калиевская сөз сөйледі. Өз баяндамаларында олар ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы, Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы, ЖӨБ комуналдық меншігінің жылжымайтын мүлік объектілерін мүліктік жалға беру (жалдау), ауылдық округтердің бюджеттері, ауылдардың құрамдас бөліктерін қайта атау мәселелері қарастырылған жергілікті қоғамдастықтың өткізілген жиналыстары туралы, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері туралы сөз қозғады.
Солай, Баннов ауылдық округінде 2018 жыл басынан 6 жергілікті қоғамдастық жиналысы, Пешков ауылдық округінде 4 жергілікті қоғамдастық жиналысы және Федоров ауылдық округінде 8 бөлек азаматтар жиыны,             1 жергілікті қоғамдастық жиыны, 8 жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті.
Федоров ауданындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы тұрақты комиссияның қорытындысымен фракция басшысы, тұрақты комиссия мүшесі Р.Г. Валеев сөз сөйледі.
«Федоров ауданында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» екінші мәселе бойынша «Федоров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы А.Т. Салпенова сөз сөйледі. Ол Бағдарламның төрт бағыты туралы әңгіме қозғады. Сондай-ақ ол социологиялық зерттеудің статистикалық деректерімен таныстырды. Солай, В1 деңгейінде мемлекеттік тілді игерген аудан мектеп түлектерінің үлесі 42,9% құрайды, онлайн тәртібінде қашықтан қатынасу мүмкіндігімен ұйымдастырылған, Тілдерді оқыту орталығы оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар үлесі – 71,4%, В1, В2 деңгейінде мемлекеттік тілді игерген, «Қазтест» жүйесі бойынша анықталған мемлекеттік қызметшілердің үлесі – 25,7%, В1, В2 деңгейінде мемлекеттік тілді игерген, «Қазтест» жүйесі бойынша анықталған мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің үлесі – 10,7%. Сонымен қатар есепте мемлекеттік тілді насихаттау және оны қолдану аясын кеңейту мақсатында өткізіліп жатқан іс-шаралар, сыртқы жарнама өнімдері құралдарына және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы нормаларын сақтау затына көрімделген ақпаратқа мониторинг жүргізу, лингвистикалық капиталды дамытуға қолайлы жағдайларды жасау үшін жүргізілетін жұмыс, сондай-ақ ауданда Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың        2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының белгіленген индикаторларын талдау және оларға қол жеткізу мәселелері көрініс тапты.  
         Осы мәселені қорыта отырып, аудандық мәслихаттың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Т.Н. Решетникова сөз сөйледі.
         Мәселелерді талқылағаннан кейін депутаттар тиісті қаулыларды қабылдады.             

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .