Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту, жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы
2018 жылдың 03 шілдесінде Қадырғали Қоныспайұлы Жаманбалин мен Гүлмира Амангелдіқызы Қапенованың төралағылық етуімен Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту, жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы болды, онда «Жангелдин ауданындағы жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы» жоспарлы мәселе қаралды.
Тұрақты комиссиялардың отырысы Жангелді ауданының әкімі Шота Сабитбекұлы Оспановтың, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қуанышбекұлы Торбаевтың, Жангелді аудандық мәслихатының хатшысы Серік Бағдайұлы Нұрғазиннің, Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары: Қадырғали Қоныспайұлы Жаманбалиннің, Гүлмира Амангелдіқызы Қапенованың, Емим Салықұлы Давутовтың, Манат Кәкімжанұлы Карбозовтың, Ерболат Серікұлы Көппаевтың, Таран Наталья Ивановнаның, Семейкин Владимир Ивановичың және шақырылған қонақтардың қатысуымен өтті.
Жангелдин ауданындағы жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы ақпаратты тыңдап және талқылап, Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары жергілікті атқарушы органдар жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ескертуге бағытталған іс-шаралар кешенің жүргізіп жатқанын атап өтті.
Жангелдин ауданында 12 566 тұрғын бар, оның 2824-і жастар. 2017-2018 жылдардағы 5 ай ішінде жастар арасында жасалған қылмыстар тіркелмеген, ауданда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырумен айналысатын комиссия құрылды және комиссия құрамы бекітілді. Гуманитарлық циклдің пән мұғалімдерінің басшылығымен жалпы құқықтық тәрбие бойынша ақпарат және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша кезеңдік жұмыс жоспары құрылған, оған сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлармен бірлесіп, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу», «Қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» сынды тақырыптарға кездесулер және сауалнама жүргізілді.Алдын алудың негізгі бағыты - бос уақытты мақсатты пайдалану. Осыған байланысты «Жастар ресурстық орталығы» КММ базасында Н. Ахметбеков атындағы МҮ-де орналасқан демалыс орталығы ашылды, ол спорттық құрал-жабдықтармен және интернетке қолжетімділікпен толық қамтамасыз етілген. Орталық жастар арасында жаппай спорттық ойындар өткізеді.
Депутаттық қызметтің тарихында тұңғыш рет көшпелі отырыс шеңберінде 3 меморандум жасалды:
1) Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры Жаманбалин Қадырғали Коныспайұлы мен Жангелді ауданы әкімдігінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы, онда тараптар бір-бірімен мынадай бағыттар бойынша ынтымақтасуға міндеттенеді:
- Жангелді ауданының жастарын академик З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ-да таңдаған мамандықтары бойынша оқыту;
- педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша білім алуға университеттің екі грантын бөлу;
- ауданның барлық студенттерін бүкіл оқу кезеңінде тұру үшін жатақханамен қамтамасыз ету (оқу ақысы бойынша жеңілдіктер) .
2) Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «BEST.kz» білім және туризм орталығының директоры Қапенова Гүлмира Амангелдіқызы мен Жангелді ауданы әкімдігінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы, онда Қостанай облысындағы туристік ағымдарды ұлғайту мақсатында Тараптардың екі ұйымының туризм саласындағы тұрақты даму мен ынтымақтастыққа бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ынтымақтасуға міндеттенеді;
3) Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Тэрра» ШҚ басшысы Семейкин Владимир Иванович пен Жангелді ауданы әкімдігінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы, мұндағы мақсат Жангелдин ауданының ішкі нарығын қолжетімді бағамен көкөніс дақылдарымен молықтыру болып табылады.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді, оның мақсаты тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтау және заңнамалық нормаларды түсіндіру болып табылады.
Елорда күнін мерекелеу қарсаңында депутаттар Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлының атынан тоғыз баланың анасы көпбалалы ана Хасекенова Ажар Бақытқызына аналық парызы үшін алғыс хат тапсырды.
Сондай-ақ, «Мектепке жол» іс-шарасы аясында облыстық депутаттық корпус Амангелді ауданының Тауыш ауылының тұрғындары Оралбаевтар отбасына материалдық көмек көрсетті. балаларға мектеп заттары, аяқ киім, кеңсе заттары сатып алынды.
Ауданда мұражай кешені бар. Облыстық мәслихаттың депутаттары Шақшақ Жәнібек, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтың мұражайларына барды.