Бюджеттің атқарылуы
2018 жылғы 26 сәуірде Федоров аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының Х сессиясы өтті. Сессияда негізгі мәселелердің бірі қаралды – «2017 жыл бойынша Федоров ауданының аудандық бюджетін атқару туралы есебі».
Баяндамамен экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Ф. Завощенко сөз айтты. Ол, 2017 жыл бойынша бюджеттің кіріс бөлігі 100,9% орындалғанын атап өтті. Жеке кірістер 103,4% орындалды. Түзетілген жоспарда 887082,0 мың теңге сомасында түсімдердің аудандық бюджетке нақты 916925,2 мың теңге келіп түсті. Аудандық бюджетке қосымша 29 843,2 мың теңге түсті. Былтырғы жылға қарсы есептік жылдың салықтар мен төлемдердің түсуі 147850,9 мың теңгеге өсті. 2017 жыл бойынша 4683,2 мың теңге сомасына 2 кіріс көздері бойынша түсімдер болжамы орындалмаған.
Осы мәселе бойынша жарыссөзге Федоров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Н. Кожуков қатысты.
Федоров ауданының бюджетін орындалуына бақылау қорытындылары туралы Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Ж. Испудинов хабардар етті, соңында бюджеттік қаражаттардың сапалы және уақытылы игеруі бойынша ұсыным берді.
Осы мәселе бойынша қорытындысымен экономикалық реформа, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жоспарлау және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Я. Пфунт сөз берді. Ол, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның отырысында былтырғы жылмен салыстырып 2017 жылғы аудандық бюджеті алдын ала қарастырылғаны және оған саралау жүргізілгені туралы айтты. Бұдан басқа аумақтарды дамыту бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу, 2017 жыл бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі», «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және авутомобиль жолдары бөлімі» ММ басшылары тыңдалды.
Депутаттар, қарастырылатын кезеңі бойынша бюджеттің атқарылуы жалпыда жағымды болып бағаланатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың бюджетін атқару кезінде барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсынымдарына назар аударуды қажет.
Сондай-ақ депутаттармен бюджеттің ІV деңгейіне көшкен Баннов, Пешков, Федоров ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенттері бекітілді.