Депутаттармен Лисаков қаласының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі бекітілді
Ағымды жылдың 26 сәуірде А.Б. Демисеновтың төрағалық етуімен Лисаков қалалық мәслихатының ХII сессиясы өтті.
Сессияның жұмысына: Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.В. Томилина, облыстық мәслихат депутаты С.В. Шанина, әкімдік мүшелері, қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралы ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияда «Лисаков қаласының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» мәселесі қарастырылды.
2017 жыл ішінде жергілікті бюджет кірістері 118 млн. 365,6 мың теңге сомасында ұлғайту жағына, трансферттер бойынша бюджет 429 млн. 898,8 мың теңге сомасына ұлғайту жағына түзетілді және анықталды. 2017 жылдың болжамы барлық бағыттар бойынша орындалды.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қаражат 1 шағын аудандағы балабақша ғимаратының бөлігін қайта жаңартуға, «Лисаков» атауымен стеллаға дейін Қостанай-Жітіқара автожолының бұрылысынан көшек жүйелерін жарықтандыру құрылысына, Темірбаев көшесін қайта жаңартуға бағытталды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаланың бес мектептерінде және Октябрь кентінің мектебінде, төрт балабақшаларда және мектептен тыс ұымдарда ағымды жөндеулер өткізілді.
Ағымды жылы негізгі құралдарды сатып алу 135 млн. теңге сомасына сатып алынды, оның ішінде: оқулықтарды, спорттық жабдықтарды, компьютерлік жағдықтарды сатып алуға. Қаланың балабақшаларына жиһаз, асхана жабдығы сатып алынды. Депутаттар мен халық ертеректе қозғалған мәселелер шешілгенің депутаттар белгіледі.
Сессияда жергілікті атқарушы органның есебіне қорытындысымен Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.В. Томилина сөз сөйледі. Есепте жергілікті бюджетті атқару талдауы, қаланың макроэкономикалық көрсеткіштерінің талдауы өткізілген, кірістер, салық және салық емес түсімдері, шығындады орындау және бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы актвтерін сату және сатып алу бойынша талдау мәліметтері айқындалған. Бұдан басқа қалалық бюджетін орындаудың және басқа да бағдарламалық құжаттардың бағасы, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бағасы, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бюджет қаражатын пайдалану бағасы, мемлекеттік сыңайлы секторлар субъектілерінің активтерін пайдалану және т.б. бағасы берілді. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.