Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қымбатты қостанайлықтар!
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қымбатты қостанайлықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қымбатты ардагерлер, біздің өмірімізді сіздердің рухы сөнбейтін энергиясымен нұрға бөлеп, сіздер әлі күнге дейін сенімді «сапқа тұруды» жалғастырып, қазақстандық жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесіп, өз Отанының нағыз патриот азаматы болуға үйретіп келесіздер, сіздерге рахмет! Шайқас алаңында қалып, қанды және қатыгез қырғын соғыста қаза тапқан майдангерлерді мәңгілік есте сақтаймыз.
Бүгінгі ұрпақ соғыс ардагерлерінің дәстүрін жалғастыра отырып, егеменді Қазақстанның қазіргі замандағы тәуелсіздігін және тұтастығын қамтамасыз етуге қабілетті. Біздің сақтайтын және қорғайтынымыз бар ол бейбітшілік, тұрақтылық, дәстүр, бақытты және бейбіт өмір.
Барлық қостанайлықтарға денсаулық, бақыт, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізде жоғары табыстарға жете беріңіздер!
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С.Ещанов