Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі күні депутат А.Р.Жалғасовтың төрағалық етуімен Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына облыстық мәслихат хатшысы С.Е.Ещанов, облыс әкімінің орынбасары Е.И.Аман, облыстық мәслихат депутаттары, бірқатар облыстық департаменттер мен басқармалар басшылары, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Сессия күн тәртібінің негізгі мәселесі - «Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 101 «Қостанай облысының 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.А.Кисленкова алдын ала облыстық мәслихаттың бюджет жөніндегі комиссиясында сөз сөйледі және депутаттар облыс бюджетінің өзгерісін жете қарастырды. Мәселені талқылау барысында депутаттардың қойған сұрақтарының бәріне тиісті түсінік берді.
Сессия күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша Г.А.Кисленкова облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себептері: республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлінуі; жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша облыстық бюджетке өзгерістер мен қосымшалар енгізу екендігін түсіндірді.
2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 954 ҚР Үкімет Қаулысына сәйкес «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әуежай ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациясына Қостанай облысының бюджетіне 305 млн.884 мың теңге сомада нысаналы трансферт бөлінді.
Бұдан басқа облыстық бюджеттің атқарылуының мониторингі өткізілді, қорытындысында облыстық бюджеттің түсімін 124 млн 252 мың теңгеге ұлғайту ұсынылады.
Бюджеттің шығыс бөлігінің талдауы 106 млн. теңгені босатып алуға мүмкіндік берді. Осы қаражаттар (178 млн. теңге сома) нысаналы трансферттермен аудандық және қалалық бюджеттерге жіберу ұсынылады.
Облыстық бюджет бойынша қосымша 52 млн. 305 мың теңге бөлінеді: Әкім аппаратына «Өңірлік шлюз «Электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі ретінде қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қосымша мемлекеттік автоматтандырылған электрондық қызмет көрсету түрін тираждау үшін 27 млн. 305 мың теңге; Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына Қостанай облысы кәсіпкерлерінің 2013 жылы Қазан, Тюмень қалаларында сауда-экономикалық миссияларын ұйымдастыру және өткізуі 1 млн. теңге; Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Пешков психиатриялық-неврологиялық интернат үйін күрделі жөндеуден өткізуге мердігерлер алдындағы 2012 жылдың кредиторлық берешегін жабу үшін келісім шарттың жалпы сомасының 5 пайызы көлемінде 4 млн.570 мың теңге.
Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасымен Қостанай облысы тұрғындарының деңгейін қанағаттандыруды зерделеу жөнінде социологиялық зерттеулерге төлеу үшін қосымша бөлінеді: Денсаулық сақтау басқармасына 1 млн.360 мың теңге; Мәдениет басқармасына 1 млн.369 мың теңге; Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 1 млн.100 мың теңге; Ішкі саясат басқармасына мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөнінде мемлекеттік тапсырысты арттыруға 15 млн. теңге.
Депутаттар облыстық бюджетке енгізілген өзгерістерге бірауыздан дауыс берді.
Сондай-ақ сессия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі және терроризмге қарсы комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізуді бекітті.
Сессияда Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясының дербес құрамы және Қостанай облысы әкімдігі жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және заңсыз сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы бекітілді. Депутаттар ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтық сайлау комиссиясының құрамына № 29 Пешков сайлау округы бойынша шыққан депутаттың орнына сайлау туралы мәселе қарастырылды. Осылайша «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы Федоров аудандық филиалының ұсынысы бойынша - Әсель Көшербайқызы Қосаеваның және «Ровесник» Қостанай педагогикалық жасағы» қоғамдық бірлестігінің ұсынысы бойынша – Жен-Де Татьяна Юрьевнаның кандидатурасы бекітілді.