2017 жылдың 2 маусымында аудан әкімі Қ.М. Сәрсембаевтің бастамасымен аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымның кезектен тыс сессиясы өтті

2017 жылдың 2 маусымында аудан әкімі Қ.М. Сәрсембаевтің бастамасымен аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымның кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия аудандық мәслихаттың депутаты В.В. Лазареваның төрайымдылығымен, аудандық мәслихаттың хатшысы А.С. Бараншинаның және аудан әкімінің орынбасары Н.Ж.Абдрахманованың қатысуымен өтті.
         Кезектен тыс сессия күн тәртібінде: Ұзынкөл ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салсындағы мамандарға                     2017 жылға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы болды.
           Аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселесі бойынша депутаттар алдында экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Д. Займулдынова сөз сөйледі. Бюджетті нақтылаудың себебі аудан әкімінің резервін, бюджет қолданысындағы бюджеттік жинақты қайта бөлу болып табылады, сонымен қатар аудандық бюджеттің теңестіретін шығындарын қысқарту және қаражаттың дереу қажеттіліктері үшін. Аталған аудандық бюджетке өзгеріс енгізу жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша Бюджеттік кодекісте рұқсат етілгендей тоқсанына бір рет жүзеге асырылып отыр. Аудан бюджетін нақтылау сессияда бекітуге дейін,                         Н.С. Булатовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралды. Депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
           Сессия отырысының қорытындысы бойынша, тиісті шешім қабылданды және депутаттар бірауыздан дауыс берді. Сессия аяқталысымен, Н.Ж. Абдрахманова депутаттардың жұмыстарына белсенді қатысатындарына, ынтымақтастықтарына өз ризашылығын білдірді, сонымен қатар 2017 жылғы ағымдағы тапсырмалар мен жоспарларын айтып өтті.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .