2017 жылғы 24 мамырда облыстық мәслихатының депутаты Е.С. Коппевтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының кезекті алтыншы сессиясы болды
Сессия жұмысына қатысқандар: облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы С.Е. Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық департаменттердің, басқармалардың бірқатар басшылары, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың, облыстың қоғамдық кеңесінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Сессияның негізгі екі мәселесі: Қостанай облысында инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы; Қостанай облысының 2016 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы. Сессияда барлығы 10 мәселе қаралды.
Депутаттар сессияның барлық материалдарын алдын ала электрондық нысанда алды және олармен толығымен танысуға мүмкіндігі болды. Алдын-ала қарауды талап ететін мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А.М. Исенбаев сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында, оның айтуынша, 2015-2019 ж.ж. инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің бағыты бойынша жаңғыртуға облыс бойынша 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік кредиттеу механизмі арқылы сомасы 12 млрд. теңге 24 жоба қаржыландырылды (сумен жабдықтау және су бұру бойынша 15 жобаға сомасы 9,1 млрд. теңге, жылумен қамту бойынша 9 жобаға сомасы 2,8 млрд. теңге), оның ішінде 5 жоба бойынша жұмыстар аяқталды (жылумен жабдықтау – 4, су бұру– 1).
Өз сөзінде сондай-ақ 2016 жылғы негізгі көрсеткіштер және 2017 жылы іске асырылатын жобалар туралы айтты. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан 7 жобаға 3,86 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде 5 жылумен қамтамасыз ету және 2 жоба су бұру бойынша).
Келесі облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Б.С. Булатовтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы 2015 жылдан 2017 жылға дейін осы бағдарлама шеңберінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде құрылыс басқармасына 4 бағыт бойынша 40 жобаны іске асыруға сомасы 10,9 млрд теңге қаражат бөлінгенін атап өтті: 1) тұрғын үй салу, 2) тұрғын үй нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге, 3) мектепке дейінгі білім беру нысандарын салу және 4) «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бизнес нысандарына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізуге.
Сессиясының негізгі мәселесін қарау үшін облыстық мәслихаттың хатшысының өкімімен, облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция төрайымы Е.В.Смышляеваның төрағалығымен облыстық мәслихатының Уақытша комиссиясы құрылды.
Комиссиямен бірқатар жұмыстар жүргізілді, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын нысандарды аралау ұйымдастырылды, бағдарламаны жүзеге асырудың жекелеген аспектілері бойынша ұсынылған ақпарат зерттелген. Комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында талқылау тақырыбы болған ұсыныстар әзірленді және Қорытынды қабылданды. Талқылау бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен өтті. Мәслихаттың уақытша комиссиясымен ұсыныстар берілді, оларды комиссия төрағасы Е. В.Смышляева сессияда айтты.
Екінші негізгі мәселе бойынша - Қостанай облысының 2016 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы А.А. Жүсіпованың есебі тыңдалды.
Өз сөзінде ол жұмысының негізгі көрсеткіштері және бюджеттің орындалуын талдау жайында айтты. Осылайша, ұсынылған ақпаратқа сәйкес облыстық бюджетке кірістер 147,7 млрд.теңге сомасында түсті. 2016 жылға облыстық бюджеттің кірістері бойынша өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 28,2 % - ға немесе 32,5 млрд. теңгені құрады. Жалпы алғанда, облыстық бюджет түсімдерінің жоспары 101,1% орындалды. Облыстық бюджетті қаржыландырудың негізгі көзі, жалпы сомасынан 86,8% құрайтын республикалық бюджеттен түсетін түсімдер. Бұл ретте, Республикадан субвенциялар мен трансферттер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8,1 млрд.теңгеге азайды. Сол уақытта, облыстық бюджет кірісіне қалалардан алынған соммасы 4,9 млрд. теңгеге өсті, республикалық бюджеттен қарыз қаражатының соммасы сондай-ақ - 5,3 млрд теңгеге өсті.
Қостанай облысы бойынша Тексеру Комиссиясының төрағасы А.Б. Асанов баяндама жасады, ол меншікті кірістер бойынша аудандық және қалалық бюджеттердің орындалуына, облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің атқарылуна баға берді, 2016 жылы Тексеру комиссиясымен жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін жариялады.
Қорытынды сөз облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Алма Іргебайқызы Дощановаға берілді.
Отырыс барысында депутаттармен – сот жүйесінің ардагері Алексей Григорьевич Кобцевқа «Қостанай облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе қаралды. Қостанай облыстық сотының судьясы, судьялар әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы - К.Ж.Салмұхаметов кандидатурасын ұсынды. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы сессияда бекітуге бұрын бекітілген Қостанай облысында іске асыру жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесіне өзгерістер енгізілген.
Ағымдағы жылы МЖӘ аясында облыс үшін маңызды жалпы инвестиция көлемі 4,3 млрд.теңгені құрайтын 3 ірі жобаларды іске асыру басталады. Бұл 50 метрлік бассейннің, спорттың ойын түрлеріне есептелген футбол манежін және спорттық-ойын-сауық кешенінің құрылысы: баскетбол, волейбол, гандбол, мини - футбол және тағы басқалары. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында облыстың 5 коммуналдық кәсіпорындарда моральдық ескірген энергия сыйымды жабдықтарды шамамен сомасы 1 млрд. теңге тұратын энергия тиімді заманауи жабдыққа ауыстырылады. МЖӘ пайдалана отырып, білім беру мекемелерінде орнатылған қазандықтардың мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі. Ағымдағы жылы 14 мектепте заманауи блокты-модульдік қазандық орнату жоспарлануда, оларды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, сессияда қаралған мәселелер: мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 «Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының және мүшелерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы және Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерін қайта тағайындау туралы, Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті алтыншы сессия төрағасына жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
ҚР «ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, облыстық мәслихаттың қарауына халқының саны кемінде 50 адам тұратын елді мекендерді тарату және жақын елді-мекендердің құрамына қосу туралы ұсыныс енгізілді.Барлығы 11 ауданнан ұсыныстар келіп түскен, таратылатын ауылдардың жалпы саны – 30. Барлық таратылған ауылдар жақын елді-мекендердің құрамына енгізілген. Кейбір селолық округтер оңтайландыру мақсатында қайта құрылды.
Сессияда бекітуге енгізілген барлық мәселелерді депутаттар бірауыздан қолдады.
2017 жылғы Жұмыс жоспарына сәйкес кезекті жетінші сессиясының күн тәртібіне депутаттар негізгі мәселелерді енгізді: Облыс әкімінің оған жүктелген қызметтері мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі; Қостанай облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру туралы; Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басшысының 2017жылдың 1 жартыжылдығының есебі.
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының төрайымы болып №23 Әулиекөл сайлау округының депутаты Алмира Бағытқызы Жансүгірова сайланды.