-
Қостанай облыстық мәслихатының шешімі № 54 (бесінші шақырылымының кезекті, IV сессиясы) / Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 54
(бесінші шақырылымының кезекті, IV сессиясы)Қостанай қ. 2012 жылғы 19 шілде
Қостанай облыстық мәслихатының
кезекті сессиясының күн тәртібі туралыҚостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облыстық мәслихатының бесінші шақырылымының кезекті, IV сессиясының мынадай күн тәртібі бекітілсін:1.Қостанай облысының 2012 жылғы бірінші жарты жылдықтағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және қойылған міндеттерді іске асыру туралы.
Баяндамашы – Н.М.Садуақасов,
Қостанай облысының әкімі.2. Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – Г.А Кисленкова,
Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.3. Қостанай облысының елді мекендерінің аумағын абаттандыру, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы.
Баяндамашы – С.У. Омарова,
Қостанай облысы әкімдігінің сәулет
және қала құрылысы басқармасының
бастығы4. Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы мен Лермонтов селолық округын қайта атау туралы
Баяндамашы – А.Т.Әбенов,
Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысы5. Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.
Баяндамашы – А.Т.Әбенов,
Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысы6. Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 276 «Қостанай облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы – Г.А Кисленкова,
Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.7. Қостанай облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) теміржол жолаушылар қатынастарының тізімін бекіту туралы
Баяндамашы – Б.Ә. Нақанов,
Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы.8. Қостанай облысында 2012-2016 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Өңірлік бағдарламаны бекіту туралы
Баяндамашы – Черменинов А.Г.,
Қостанай облысы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
меңгерушісі.9. Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын-алудың 2011-2013 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – Черменинов А.Г.,
Қостанай облысы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімі
меңгерушісі10. Қостанай облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы
Баяндамашы – Н.Қ.Нүгірбеков,
Қостанай облысы бойынша
Діни істер жөніндегі департамент
директоры11. Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 «Қостанай облысының жеделдетілген индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы – М.О.Өтешов,
Қостанай обысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.12. Мәслихаттың 2011 жылғы 9 ақпандағы № 372 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Баяндамашы – М.О.Өтешов,
Қостанай обысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.13. Мәслихаттың 2010 жылғы 19 қазанындағы № 342 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Мүгедектерді оңалту және қоғамға біріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – Қ.Р.Тұманова,
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бастығы14. Мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша іс-шараларды жүргізуге арналған комиссияны құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – Қ.М.Ғабдуллин,
Қостанай облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы.15. Қостанай облыстық мәслихатының күн тәртібінің жобасы және кезекті V сессиясының төрағасы туралы.
Баяндамашы – Р.Ш.Бектұрғанова,
облыстық мәслихаттың сессия төрайымы.Сессия төрайымы Р.Бектұрғанова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С.Есжанов -
Қостанай облыстық мәслихатының № 56 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 56 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3788 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 5 және 12 қаңтарда «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 99716935,4 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 5733961,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 721172,8 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 4003,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 93257798,2 мың теңге;
2) шығындар – 100010938,1 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 1746341,6 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 2406929,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 660587,4 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 610978,5 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 611451,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 472,5 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)– -2651322,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2651322,8 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-1. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай мөлшерлерде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді қайтару қарастырылғаны ескерілсін:
республикалық бюджетке 682166,0 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен 427157,6 мың теңге сомасында және аудандар мен қалалар бюджеттерінен 255008,4 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер;
аудандар мен қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 41298,8 мың теңге сомасында;
аудандар мен қалалар бюджеттерінен республикалық бюджетке 86960,2 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер.
Аудандар мен қалалар бюджеттерінен нысаналы трансферттерді қайтарудың көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімі Қостанай облысы әкімдігі қаулысының негізінде белгіленеді.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Р. БектұрғановаҚостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов -
Қостанай облыстық мәслихатының № 57 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Қостанай облысының елді мекендерінің аумағын абаттандыру, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 57 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Қостанай облысының елді мекендерінің
аумағын абаттандыру, жасыл желектерді
күтіп ұстау мен қорғау Қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21 бабының 4-1), 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 2-2 тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Қоса берілген отырған Қостанай облысының елді мекендерінің аумағын абаттандыру, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы бекітілсін.
2.Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.Сессия төрайымы Р.Бектұрғанова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С.Есжанов -
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ Қостанай облыстық мәслихатының № 58 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы мен Лермонтов селолық округін қайта атау туралы
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 58 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Қостанай облысы Алтынсарин
ауданының Лермонтов селосы
мен Лермонтов селолық округін
қайта атау туралы«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы мен Лермонтов селолық округі халқының пікірін ескере отырып және Алтынсарин ауданының өкілетті және атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы селосы болып қайта аталсын.
2. Алтынсарин ауданының Лермонтов селолық округі Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы селолық округі болып қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қостанай облысының
әкімі____________ Н. Садуақасов
Сессияның төрайымы
____________ Р. Бектұрғанова
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
____________ С. Есжанов
-
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ # 59 / Қостанай облысының әкімшілік – аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ # 59
Қостанай облысының әкімшілік –
аумақтық құрылысындағы
өзгерістер туралы«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Олардың жер пайдалану шегінде мына елді мекендер аумақтарымен:
Қамысты ауданының Жайылма селолық округіне Қамысты ауданының Пушкин селосы;
Таран ауданының Белинский селолық округіне Таран ауданының Смайыл селосы;
Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл селолық округіне Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл селосы, оны округ орталығы етіп белгілей отырып;
Арқалық қаласының Қайыңды селолық округіне Арқалық қаласының Алуа селосы әкімшілік бағынысқа берілсін.
2. Амангелді ауданының Үштоғай селолық округі Амангелді ауданының Степняк және Үштоғай селоларын құрамына ала отырып, округ орталығы Үштоғай селосы болып белгіленіп, құрылсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қостанай облысының
әкімі
____________ Н. СадуақасовСессия төрайымы
_____________ Р. Бектұрғанова
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
_______________ С. Есжанов -
Қостанай облыстық мәслихатының № 60 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 276 «Қостанай облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 60 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 276 «Қостанай облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 276 «Қостанай облысын басқару схемасы туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 24-жолмен толықтырылсын:
«24. «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі».
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Сессия төрайымы Р. Бектұрғанова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Есжанов -
Қостанай облыстық мәслихатының № 61 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Қостанай облысының азаматтарына елдi мекен шегiнен тыс жерлерге емделу үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн жол жүруі туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 61 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Қостанай облысының азаматтарына елдi мекен шегiнен тыс жерлерге емделу үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн жол жүруі туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 1- тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысының азаматтарына елдi мекен шегiнен тыс жерлерге емделу үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн жол жүру берілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 227 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3510 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 18 қазанда «Костанайские новости», «Қостанай таңы» газетерде жарияланған).
2) «Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 227 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3586 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 12 ақпанда «Костанайские новости», 2008 жылғы 16 қаңтарда «Қостанай таңы» газетерде жарияланған ).
3) «Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 227 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдесіндегі № 115 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3647 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда 2008 жылғы «Костанайские новости», 15 тамызда «Қостанай таңы» газетерде жарияланған).
3. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.Сессия төрайымы Р. Бектұрғанова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов -
Қостанай облыстық мәслихатының № 62 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Қостанай облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) теміржол жолаушылар қатынастарының тізімін бекіту туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 62 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Қостанай облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) теміржол жолаушылар қатынастарының тізімін бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабы 3 - тармағының 1 - тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық қалааралық (облысішілік) теміржол жолаушылар қатынастарының қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.Сессия төрайымы Р. Бектұрғанова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. ЕщановҚостанай облыстық
мәслихатының
2012 жылғы «19» 07
№ 62 шешімімен
бекітілгенҚостанай облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) теміржол жолаушылар қатынастарының тізімі
№
Қатынас
1
Қостанай-Жітіқара
2
Тобыл-Қарталы (Тобыл-Ресей Федерациясымен шекара учаскесі, ұзындығы 104,2 км)
-
Қостанай облыстық мәслихатының № 65 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 65 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы
діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі
кеңестің дербес құрамын бекіту туралы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Облыс әкімі ұсынған Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің дербес құрамы бекітілсін (қосымша).
- Жоғарыда айтылған дербес құрам ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультациялық-кеңес беру органы болып есептелсін.
- Осы шешімнің және ведомствоаралық комиссия қызметінің орындалуын бақылау Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысы әкімдігінің
жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» 2007 жылғы 18 мамырдағы № 446 шешімінің күші жойылсын.Сессия төрайымы Р. Бектұрғанова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. ЕсжановМәслихаттың
2012 жылғы «___» ___________
№ ________ шешіміне қосымшаҚостанай облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің дербес құрамы
Садуақасов
Нұралы Мұстафаұлы
-
Облыс әкімі, төраға
Бектұрғанов
Серік Шыңғысұлы-
облыс әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Нөгербеков
Нұриқан Қажмұханұлы-
- «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Қостанай облысы Дін істері департаменті» мемлекеттiк мекемесiнің (ММ) директоры (келісім бойынша), хатшы
Кеңестің мүшелері:
Әбдірахманов
Ербол Кәмелұлы-
«Қостанай облысының әділет
департаменті» ММ бастығы
(келісім бойынша)Аксенов
Владимир Александрович-
Қостанай және Рудный епископі
(келісім бойынша)Арефьева Зульфия Хуснитдиновна
-
«Алау» телерадиокомпаниясының директоры (келісім бойынша)
Базылбеков
Азамат Хызырұлы-
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ бастығы (келісім бойынша)
Баймырзаев
Қуат Маратұлы-
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (келісім бойынша)
Бекмағамбетов
Орал Айтбайұлы-
«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ бастығы (келісім бойынша)
Бисимбаев Жаңабай Жолтайұлы
-
«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ бастығы (келісім бойынша)
Болатов
Жайберген Арзымбетұлы-
«Қостанай таңы» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Дәндібаев
Бағытұр Әлімбайұлы-
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша)
Денисенко
Юлия Олеговна-
«Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету орталығы» қоғамдық қорының төрағасы (келісім бойынша)
Жүндібаев
Марат Қонысбайұлы-
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ бастығы (келісім бойынша)
Казин
Манарбек Ауанұлы-
«Казақстан-Қостанай» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалының директоры (келісім бойынша)
Калюжная
Юлия Амантайқызы-
«Ассоциация практикующих психологов Республики Казахстан» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Маткенов
Тілеген Советұлы-
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы
(келісім бойынша)Нәметов
Асқар Мырзахметұлы-
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры (келісім бойынша)
Ораз
Серікбай Сатыбалдыұлы-
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігі филиалының «Марал ишан» мешітінің хатиб-имамы
(келісім бойынша)Сәрсембаев
Ахметжан Барақұлы-
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ бастығы (келісім бойынша)
Сәтмағанбет
Бақыт Сегізбайұлы-
«Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі кеден бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша кеден бақылауы департаменті» ММ бастығы «келісім бойынша)
Слесарь
Марионелла Васильевна-
«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ бастығы
Сыздықов
Данияр Нұрділдәұлы-
Қостанай облысы прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Сыздықова
Әлия Бабырқызы-
Қостанай қаласы студенттері альянсының үйлестірушісі (келісім бойынша)
Ташпанов
Ақан Амантайұлы-
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ аппараты басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Укин
Кенжебек Укіұлы-
«Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» Қостанай облыстық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы (келісім бойынша)
Харченко
Сергей Васильевич-
«Костанайские новости» газетінің
бас редакторы (келісім бойынша) -
Қостанай облыстық мәслихатының № 67 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Мәслихаттың 2011 жылғы 9 ақпандағы № 372 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 67 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Мәслихаттың 2011 жылғы 9 ақпандағы № 372 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12- тармақшасына және кадрлық өзгерістерге сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы № 372 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынаадай өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына енгізілсін:
Әлсүпова Ажаркүл Айдарбекқызы «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ) сауда, лицензиялау және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы комиссия мүшесі (келісу бойынша);
Сабыров Ризат Қуанышұлы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қостанай облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті» ММ төтенше жағдайларға және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы комиссия мүшесі (келісу бойынша);
шығарылсын: Л.А. Лобода, И.И. Левищев.- Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Р.Бектұрғанова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С.Есжанов -
Қостанай облыстық мәслихатының № 68 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді қоғамға бейімдеу және ықпалдау мәселелері жөніндегі Кеңестің дербес құрамындағы өзгерістерді бекіту туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 68 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді қоғамға бейімдеу және ықпалдау мәселелері жөніндегі Кеңестің дербес құрамындағы өзгерістерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді қоғамға бейімдеу және ықпалдау мәселелері жөніндегі Кеңестің дербес құрамындағы өзгерістерді бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы № 342 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кеңес құрамына:
«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Орал Айтпайұлы Бекмағамбетов кеңес мүшесі;
«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Галина Анатольевна Кисленкова кеңес мүшесі;
«Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің (ҚБ) төрағасы (келісім бойынша) Владимир Владимирович Сова кеңес мүшесі;
«Зағиптардың қазақ қоғамы» ҚБ «Қостанай облыстық ұйымы» филиалының төрағасы (келісім бойынша) Рустам Дильмуратович Таипов кеңес мүшесі болып енгізілсін;
Кеңес құрамындағы:
«Жүндібаев - «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық
Марат Қонысбайұлы сақтау басқармасы» ММ бастығыКолесник - «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет-
Владимир Иванович құрылыс бақылауы басқармасы» ММ
бастығы»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүндібаев - «Қостанай облысы әкімдігінің білім
Марат Қонысбайұлы басқармасы» ММ бастығыКолесник - «Қазақстан Республикасы Құрылыс
Владимир Иванович және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері Агенттігінің
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік
сәулет- құрылыс бақылау және
лицензиялау департаменті»
мемлекеттік мекемесінің директоры»
(келісім бойынша);
кеңес құрамынан:
Бөрібаева С. Б., Бойко С.А., Король Л.И., Щеглова М.А. шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Комиссия төрағасы Р. Бектұрғанова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Есжанов -
Қостанай облыстық мәслихатының № 69 шешімі (бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы) / Мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 69 шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)Қостанай қаласы 2012 жылғы 19 шілде
Мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына және кадрлық өзгерістерге сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін комиссия құру туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына:
облыс әкімінің орынбасары Жақыпов Базыл Шамұханұлы комиссия төрағасы;
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы Ғабдулин Қанат Мырзағалиұлы комиссия төрағасының орынбасары;
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы Коршенкова Марина Александровна комиссия мүшесі;
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ егін шаруашылығы және озық технологиялар бөлімінің бас маманы Исмаилов Қайрат Хайдарұлы комиссия хатшысы болып енгізілсін;
комиссия құрамынан: Н.М. Садуақасов, А.К. Балғарин, М.Б. Әбділманов, А.Н. Сағынаева шығарылсын.
2. Осы шешім қабылдаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Сессия төрағасы Р. Бектурганова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Есжанов