-
Қостанай облыcтық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Қарасу селосы 2012 жылғы 4 желтоқсан
Істің жағдайын зерделей және Қарасу ауданы әкімінің орынбасары А.Г.Қысықовтың есебін тыңдай келе тұрақты комиссия 2011 жылы және 2012 жылдың 9 айында Қарасу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сақтау жөнінде нақты жұмыс жүргізілгенін атап өтті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттерін шектеу мақсатында мемлекеттік мекемелердің көрнекті жерлерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі орналастырылған, азаматтардың өтініштері шағымдары мен ұсыныстары салынатын арнайы жәшік қондырылған, аудандық «Қарасу өңірі» газетіне сенім телефоны мен аудан әкімі және мемлекеттік мекемелер басшыларының азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыттары жарияланған.Аудан әкімдігі жанында құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. 2011-2012 жылдары ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау жағдайы туралы мәселелер қарастырылған 7 кеңейтілген отырыстар өткізілді.2011 жылғы қыркүйекте аудан әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданған шаралар туралы «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының саяси кеңесі бюросының және партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысында тыңдады.Мемлекеттік мекемелердің барлығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыс жоспары әзірленген. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 жарлығын орындау үшін 2011 жылдың қаңтарында мемлекеттік мекемелер мен аудан әкімдігі кәсіпорындарының ережелері мен жарғыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге шаралар қолданбаған басшыларға жеке жауапкершілік белгілейтін қосымшалар енгізілген.2011 жылғы қаңтардан бастап әкімдік пен Қарасу ауданы әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің барлық жобалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан өткізу және сараптамалық қортынды алу үшін «Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет пен құқықтық ғылыми зерттеу институты» ЖСШ –ға жіберіледі. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер «Қарасу ауданы шағын кәсіпкерлері субъектілері қауымдастығы» акредиттік қоғамдық бірлестігінің қортындыларының қосымшасымен әділет органына мемлекеттік тіркеуден өткізуге жолданады. Ауданның мемлекеттік басқару органдары қызметінің жариялылығы мен шынайлылығын қамтамасыз ету мақсатында «Қарасу өңірі» газетінде аудан әкімі мен әкімдігінің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аудандық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік-құқық актілері жарияланады.Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарастыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.2011 жылы жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің 12802 өтініштері тіркелген.2012 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің 8969 өтініштері тіркелген, оның ішінде: 4564-сы - өтініштер, 4401-басқалар, 4-і - шағымдар. Түскен өтініштер мазмұнының талдауы көрсеткеніндей, олардың сандарының көпшілігі ғылым мен инновация техникасы мәселелеріне қатысты – 3336, ауыл шаруашылығы – 2843, жер учаскелерінің берілуі – 252, халықты жұмыспен қамту – 340.Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қарастырылады, құжаттар олар толық орындалып болғанынан кейін ғана бақылаудан алынады.Қарасу ауданы атқарушы органдары мемлекеттік қызмет ұсынудың тұрақты мониторингін, ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет қөрсетуді ауыстыру жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта ХҚКО арқылы ауданның атқарушы органдарының 5 қызмет түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жасалынады.Аудан әкімінің веб-сайтына бюджеттік қаражаттардың жұмсалуы жөніндегі шешімдерді іске асырудың ақпараттық шынайлылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелерді дамытудың стартегиялық жоспарлары, аудан бюджетіне барлық түсімдердің атқарылуы туралы ақпарат орналастырылады. Аудандық «Қарасу өңірі» газетінде тұрақты негізде жыл бойы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы мәслихат шешімдері, сондай-ақ аудан әкімінің есепті жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы туралы салалар бойынша бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың толық талдауымен және алдағы мерзімде жоспарланған шығындар туралы халық алдында берген есебінің тезистері жарияланады.Аудан прокуратурасы, қаржылық бақылау инспекциясы, облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы, ауданның мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау жөнінде жүйелі түрде тексерістер жүргізіп отырады.Ауданның мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу конкурстық негізде тағайындау немесе ауыстыру тәртібімен жүзеге асырылады, бұл кезде мемлекеттік қызмет туралы заңдылықты мүлтіксіз сақтау қамтамасыз етіледі.ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 8,9,11 бабының талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайлары жыл сайын кірісі туралы Қарасу ауданы бойынша салық басқармасына декларация тапсырады, жазбаша түрде заңмен белгіленген шектеулерге келісім береді.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сезімі мен құқықтық мәдениетін жетілдіру үшін жыл сайын аудан әкімдігі жанында және мемлекеттік мекемелерде құқықтық білімдер мектептері жұмыс істейді.2011 жылы және 2012 жылдың 9 айында аудандық «Қарасу өңірі» газетінде сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша 64 мақала жарияланды. Қарасу ауданы әкімінің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» айдарында 57 ақпарат орналастырылған.Аудандық «Қарасу өңірі» газетінде тұрақты түрде Қостанай облысы бойынша мемлекеттік істер жөніндегі Агенттік Басқармасының пресс-релизі жарияланып отырады.Есепті жылда Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі аудандық прокуратурамен бірігіп мақсаты бақылаушы органдар тарапынан кәсіпкерлер қызметіне заңсыз кірісуге ескерту жасау болып табылатын «Шенеунік және Кәсіпкер» атты 5 акция өткізді.2011 жылдың қарашасында «Нұр Отан» ХДП Қарасу аудандық филиалымен біріккен мемлекеттік органдар басшыларының кірістерін жариялау жөнінде «Өзіңнен баста» атты акция өткізілді.Есепті жылда сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар:- 2011 жылғы қаңтарда «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.К.Ерменова «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12- бабы 1-тармағы 4) тармақшасын (шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңға қарсы әрекет көрсету) бұзғаны үшін ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды.- 2011 жылғы сәуірде Восточный селолық округының әкімі А.С.Майленов 2009 жылы толық емес және сенімді емес декларация тапсырғаны айқындалғаны, нақты айтқанда, берілген декларацияда «Қараман-К» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесін көрсетпегені, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабының 5 тармағын бұзғаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды.- 2011 жылғы мамырда аудан әкімінің орынбасары Н.К.Абдрахманов Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 2 бөлігімен (пара алғандығы үшін) қарастырылған сыбайлас жемқорлықтық қылмыс жасағаны үшін Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен жұмыстан босатылды.- 2012 жылғы наурызда Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы В.Д.Невзоров пен аталған бөлімнің жетекші маманы А.К.Бекенова мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша алынбаған тауарларға ақша қаражаттар төлеуде айқындалған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 4), 5) тармақшаларымен қарастырылған сыбайлас жемқорлық жасауға жол бергендігі, құқық бұзушылық жасағандығы үшін жұмыстан босатылды.Заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:Қарасу аудандық мәслихаты мен аудан әкімдігінің Қарасу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру туралы нақты жұмысы атап өтілсін.1. Қарасу ауданы әкімдігіне ұсынылсын:1) Мемлекеттік қызметшілер ортасында байқалған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, ескерту және тию жөніндегі жұмыс жеделдетілсін;2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның айқын және біркелкі қолданылуының мониторингы жолға қойылсын;3) Мемлекеттік құрылым басшылары тарапынан мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексін сақтауды бақылауды күшейту қамтамасыз етілсін.4) Мемлекеттік қызметші кадрларды іріктеу мен орналастыруға ерекше көңіл аударылсын; барлық мемлекеттік мекемелер басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қолданып отырған шаралары туралы халық алдында үнемі есеп беруін өткізу тәжірибеге енгізілсін.2. Құқық қорғау органдарына:1) Әкімдікпен, азаматтық қоғам институттарымен бірігіп мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу күшейтілсін;2) Қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлықтың байқалуын өскелең ұрпақтың қабылдамау мақсатында жастармен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінсін, жұмыс «Жас Отан»-мен бірігіп жүргізілсін.3. Қарасу ауданы әкімдігіне:1) Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат 2013 жылғы 1 шілдеге дейін облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына тапсырылсын.Тұрақты комиссиятөрайымы Т.Шерстобитова -
Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы Қарабалық к. 2011 жылғы 29 сәуір
Қарабалық ауданында өзін-өзі
басқарудың қалыптасуы және
дамуы туралыҚарабалық ауданында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы жөнінен белгілі бір жұмыс жүргізілуде.
Ауданда 30 мың 284 адам тұрып жатыр. Аудан халқы бұқаралық ақпарат құралдарынан өзін-өзі басқарудың мәні туралы хабардар және оның енгізілуін қолдайды, және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен басшыларының сайланбалылығына оңды қарайды. Аудандық газет арқылы халық мәслихаттың кезекті және кезектен тыс сессиялары туралы хабардар етіледі. Аудандық мәслихаттың жұмысы жүйелі түрде аудандық газетте жарық көріп тұрады, аудан әкімінің сайтында (аудандық мәслихаттың бетінде) баспасөз-релиздері, қабылданатын шешімдер жарияланады. Аудан бюджетінің жобалары сессияда бекітілгенге дейін депутаттарға таратылып беріледі және бюджет, экономика және басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырыстарында қаралады.
Тұрақты түрде, жылына екі рет аудан әкімі аудандық мәслихаттың сессиясында депутаттар алдында «Оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» және жиындарда халық алдында – «Ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы» есеп береді. Мәслихаттың сессияларында 2011 жылы Победа, Бөрлі, Есенкөл селолық округтерінің және Қарабалық к. әкімдерінің есептері тыңдалды.
Депутаттар тоқсан сайын, аудандық «Айна» газетінде жарияланатын кестеге сәйкес, 42 елді мекенде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді. Депутаттардың 2010 жылы жүргізген азаматтарды 50 қабылдауда 87 сайлаушы қабылданды, ауызша және жазбаша 84 өтініш түсті. Атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қатысуымен 57 өтініш бойынша мәселелер оңды шешілді.
Ауданда әртүрлі әлеуметтік-экономикалық бағыттағы 5 бағдарлама жұмыс істейді, олардың атқарылу барысын аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары бақылауда ұстайды.
Мәселен, 2008 жылы Боскөл, 2009 жылы – Станционный селолық округтерінде әлеуметтік саясат, заңдылық, құқықтық тәртіп және байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мен бюджет, экономика және басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия бірлескен көшпелі отырыстарында Қостанай облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу мәселесі қаралды. Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанына комиссиялардың Тоғызақ селолық округіне шығуы жоспарланған. Осылайша, депутаттар, аудмәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері тікелей жергілікті жерлерде өндіріс, әлеуметтік-тұрмыстық нысандарының жұмысымен, аудандық әкімдіктің және селолық округтер әкімдерінің әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі қызметімен танысады. Комиссиялардың жұмысына жергілікті халық та тартылады, олардың өздерін қызықтыратын мәселелерді тікелей селолық округ әкіміне, аудандық мекемелер мен ұйымдар басшыларына қою мүмкіндігі бар. Депутаттар Партиялық бақылау бекеттерінің «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысына белсене қатысады. Депутаттық бақылау бекеттері 7 нысанда құрылған. Әр депутатқа өзінің учаскесі бекітіліп берілген.
Селолық округтердің әкімдері жергілікті бюджетті бекіту немесе нақтылау кезінде мәслихаттың сессиясының жұмысына белсене қатысады, бюджет комиссиясы қарайтын бюджет өтінімдерін, стратегиялық жоспарлар жобаларына ұсыныстар әзірлейді және ұсынады. Тоқсан сайын кемінде бір рет олар абаттандыру, санитарлық тазалық, малды сұрыптау мен сәйкестендіру, иттерді ату және басқа да мәселелер қаралатын азаматтар жиынын өткізеді.
Аудандық мәслихаттың хатшысы мен депутаттардың бастамасы бойынша олардың тиісті сатыларға жүгінулерінен кейін Мағынай жанындағы негізгі және Өрнек бастауыш мектептерінің жөндеуіне, мемлекеттік тілде оқытатын Өрнек негізгі мектебін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қаржы бөлу, оқушыларды мектептерге тасу үшін 5 автобус сатып алуға, бірқатар медпункттерді, АОА-ны, аудандық мұрағатты материалдық-техникалық жарақтандыруға, агротехникалық колледжінің қазандығы үшін қазандықтар сатып алуға қаржы бөлу, Научное с. газдандыруды аяқтауға, Тоғызақ ОМ спорт залы құрылысына қаржы бөлу сияқты және тағы басқа мәселелер шешімін тапты немесе шешілу сатысында тұр.
Аудандық мәслихаттың хатшысы жыл сайын сессияда азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы есеп береді.
Депутаттар мен мәслихаттың хатшысы халықтың мүддесі үшін өздерінің аудан әкімдігінің өңірді дамытудың өзекті мәселелері талқыланатын отырыстарына қатысу жөніндегі заңды құқығын кеңінен пайдаланады.
Ауданның өкілді және атқарушы биліктерінің мұндай өзара іс-қимылы өңірдің алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.
2010 жылмен салыстырғанда аудан бюджеті 116%-ға ұлғайды және 1662,8 мың теңгені құрайды (2010 ж. – 1434,0 мың тңг.).
«Жол картасы» іс-шарасын іске асыру шеңберінде 2010 жылы аудан бюджетінен 398 мың теңге бөлінді, республикалық бюджеттен - 11 млн. 900 мың теңге, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құруға - - 7 млн. 800 мың теңге ( 2009 ж.- 5 млн. 388 мың теңге), жастар практикасына – 4 млн. 100 мың теңге. 2010 жылы 67 жұмыссыз мына мамандықтар бойынша кәсіптік оқытудан өтті: бухгалтер – 20 адам, тракторшы-машинист – 20 адам, автомобильдің электр жабдықтарын жөндейтін электрші – 20 адам; олардың ішінде жұмысқа орналастырылғаны – 18 адам. «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 58 адам жұмысқа орналастырылды.
Азаматтық қоғамды дамытуға және халықтың шешімдер қабылдауға қатысуына үлкен көңіл бөліне бастады.
Ауданда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінен үлкен жұмыс жүргізіледі. Тек 2010 жылы ғана аудан аумағында өз қызметтерін жүзеге асыратын астық компанияларының, инвесторлардың тартылған қаражаты есебінен 28,2 млн. теңге сомасына әлеуметтік сала нысандарының жөндеуі жүргізілді. «Торо», «Сана», «ССКБӨБ», «Зерновая индустрия», «Иволга Холдинг» ЖШС компаниялары ауданның елді мекендерін санитарлық тазалау және абаттандыруға үлкен үлес қосты.
Ауданда 11 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, олар үлкен ақпараттық-насихаттық жұмысты, жастарды, мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізеді және қоғамдық-саяси жағдайға айтарлықтай ықпал жасайды. Көптеген ҮЕҰ мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта қоғамның әлеуметтік маңызы бар: нашақорлықпен күрес, салауатты өмір салтын қалыптастыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету проблемаларын шешу мақсатында жұмыс істейді. 4 ҮЕҰ әлеуметтік қорғау ұйымы, 5 – қоғамдық бастамаларды қолдайды, 2 – бұл жастар ұйымдары. Қазіргі уақытта тағы да 2 ҮЕҰ-ны: Тоғызақ және Веренка ауылдарында әйелдер кеңесін тіркету үшін құжаттары дайындалды. ҮЕҰ аудандық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге белсене қатысады.
Ауданда 62 қоғамдық кеңес құрылған, олардың қатарында 42 – ардагерлер, 6 – әйелдер, 2 – мүгедектер; 12 селолық округте құрамдарына ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оларды абаттандыруға көмек көрсететін ЖШС, шаруа қожалықтары басшылары, зейнеткерлер, депутаттар, қоғамдық пікір көшбасшылары кірген әкімдердің жанындағы консультативтік-кеңес органдары жұмыс істейді.
Ауданның ақсақалдар алқасына 2008 жылы қазанда жеке инвестицияларға салынған Ғашура ана ат. мешітінің діни қызметкерлері кіреді. Кеңес діни іс-шараларды және әртүрлі салтанаттарды ұйымдастыруға белсене қатысады, жерлеу рәсімдерін өткізу кезінде көмек көрсетеді.
ҮЕҰ секторының жұмысын 2009 жылы құрылған өкілді, атқарушы биліктің және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы жөніндегі Кеңес үйлестіреді.
Ауданда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөліне бастады. Қарабалық кентінде полицияның 4 учаскелік инспекторы бар, қалған селолық округтерде – бір-бірден. Бұрын сотталған адамдардың арасындағы қылмыс саны 76,9%-ға төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда осыған сәйкес кезеңде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 20,0%-ға азайды.
Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі ретінде мәслихат, және мемлекеттікпен қатар өзін-өзі басқару органдарының функцияларын атқаратын барлық деңгейдегі әкімдер, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге жергілікті қауымдастықтар мүшелерін неғұрлым кеңінен тарту үшін оларға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен берілген құқықты толық шамасында пайдаланбайды.
Мәслихат сессиясының және оның тұрақты комиссияларының шешімдері, әкімдіктің қаулылары және селолық округтер мен кенттер әкімдерінің қабылдайтын актілері жеткілікті бақыланбайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар проблемалары мәслихат пен аудандық әкімдіктің тарапынан тиісті назарға алынбай қалады.
Аудандық мәслихат халықты жергілікті деңгейде шешім қабылдауға тарту мақсатымен селолық округтерде көшпелі сессиялар өткізу практикасын нашар пайдаланады. Әкімдер өткізетін азаматтар жиындары, көп ретте ақпараттық және нұсқаулық сипатқа ие.
Қазіргі уақытта шағын ауылдардан мектептерге тасымалданатын балалардың ең көп саны Қарабалық ауданында (501 - 13,4%). Тасымалдау шаруашылық субъектілері бөлген 23 автобуспен жүзеге асырылады. Автопарктің тозуы 20 жылдан астамды құрайды, бұл балалардың өмірінің қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Мектептерде ыстық тамақты ұйымдастыруға байланысты проблемалар да бар. Мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасы жаңартуды талап етеді. Қазіргі уақытта ауданда 17 асхана жұмыс істейді, олардың тек 4-уі ғана заманауи технологиялық жабдықпен жарақтанған. 35 мектептің арасында өрт қауіпсіздігінің толық талаптарына тек Целинный Б.М. ғана сәйкес келеді.
Ауданда жақын орналасқан Троицк ГРЭС-нің жұмысына байланысты экологиялық жағдай алаңдатады. Халықтың ауруға шалдығушылығы мониторингі ауданда 2008 жылдан бері жүргізілмейді.
Заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарабалық аудандық мәслихатының және әкімдігінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігінде салынған әлеуетті пайдалану жөніндегі белгілі бір жұмысы атап өтілсін.
2. Аудандық мәслихатқа ұсынылсын:- өзінің жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі ретіндегі мәртебесін ескере отырып, жұмысты жоспарлауды жетілдіру;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру мен дамыту мәселесін өзінің сессияларының бірінің күн тәртібіне енгізу;
- Белоглинка селолық округінің Научное с. үлгісінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның шеңберінде «Жергілікті қауымдастықты қалыптастыру және дамыту» қанатқақты жобасын әзірлеу;
- мәслихаттың сессияларын дайындау мен өткізу жүйесін жетілдіру, оларда қабылданатын шешімдердің орындалуын бақылауды күшейту;
- халықты жергілікті деңгейде шешім қабылдауға тарту мақсатымен өз қызметінде тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстарын кеңінен практикаға енгізу;
- аудан бюджетінің, аудан аумағын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының атқарылуы жөнінен өзінің бақылау қызметінің тиімділігін арттыру;
- азаматтар жиындарына белсендірек қатысу, оларды өткізуді ұйымдастыру нысандарын жетілдіру.
3. Аудандық әкімдік пен аудан әкіміне ұсынылсын:
- әкімдіктің отырыстарына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары мен проблемалық мәселелерін талқылауға қатысу үшін мәслихат депутаттарын тұрақты түрде шақыру;
- олардың халықпен жұмысын жақсарту шараларын белгілеу үшін селолық округтер әкімдерінің сессиялардағы және тұрақты комиссиялар отырыстарындағы есептерін талқылауға белсене қатысу;
- Қарабалық ауданының тұрғын үй-коммуналдық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі әлеуметтік сала нысандарын (ФАП, ДА, МП, клубтарды, кітапханаларды) кенттердің, селолық округтердің коммуналдық меншігіне беру мүмкіндігін зерделесін;
- Қарабалық ауданында мемлекеттік тілде оқытатын үлгілі мектепті салу мүмкіндігі туралы мәселені қарау;
- аудан мектептерінде өрт қауіпсіздігін бұзуды жою үшін автоматты өрт дабылын орнатуды, ғимараттардың ағаш қаңқаларын оттан қорғау құрамымен өңдеуді қарастыру, электр күші жүйесіне тексеріс жүргізу;
- құқықтық білім мектептері арқылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру.
4. Облыстық мәслихат аппараты депутаттардың ауылдық (селолық) округ, селолық округ құрамына кірмейтін кент және ауыл (село) деңгейінде өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі ұсыныстарын жинақтап, қорытсын, және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдасын.
5. Қарабалық аудандық мәслихаты мен аудан әкімдігі осы қаулының орындалғаны туралы ақпараттыоблыстық мәслихаттыңзаңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына 2011 жылдың 1 желтоқсанына текті ұсынсын.
Тұрақты комиссияның
төрайымы И. Аронова
-
Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, қоғамдық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы Лисаков қ. 2011 жылғы 28 ақпан
Лисаков қаласы атқарушы органдарыныңқоғамдық тәртіпті нығайту, азаматтардыңөмірі, денсаулығы, құқығы және бостандығықауіпсіздігінің қажетті деңгейін ұстаужөніндегі жұмысы туралыҚоғамдық тәртіпті нығайту мәселелері Лисаков қ. мәслихаты мен атқарушы органдарының тұрақты бақылауында ұсталады. Қазіргі уақытта қалада қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 20 қаңтарда бекіткен 2011-2013 жылдарға арналған құқықбұзушылықтың алдын алу бағдарламасы жұмыс істеуде.Бұған дейін, 2009-2010 жылдарда қалалық мәслихаттың депутаттары өздерінің сессияларында «Лисаков қаласының аумағындағы құқықбұзушылықтар пен қылмыстың жай-күйі және алдын алу жөнінен қолға алынып жатқан шаралар туралы», «Лисаков қаласының аумағындағы құқықбұзушылықтар пен қылмыстың жай-күйі және алдын алу жөнінен қолға алынып жатқан шаралар туралы» мәслихаттың 2009 жылғы 24 шілдедегі №216 шешімінің орындалу барысы туралы» мәселелерді талқылады.Қалалық мәслихаттың заңдылық, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2009 жылғы желтоқсаннан бастап 2010 жылғы желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде 5 отырыс өткізді, оларда 8 мәселе қаралды, соның ішінде:2010 жылғы 4 наурызда – «Лисаков қаласының ТЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсету саласы нысандарындағы өрт қауіпсіздігінің сақталуын бақылау жөніндегі жұмысы туралы»;- 2010 жылғы 31 наурызда – «Қостанай облысында 2007-2011 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының Лисаков қаласында орындалу барысы туралы»;- 2010 жылғы 20 сәуірде – «Лисаков қаласының 2009 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» және «Лисаков қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы №271 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,- 2010 жылғы 27 мамырда – «Қаланың жатақханаларындағы санитарлық және техникалық ахуал туралы»;- 2010 жылғы 7 қазанда – «Полицияның учаскелік инспекторларының, мектеп инспекторларының және полицияның қоғамдық көмекшілерінің қаланың шағын аудандарында қоғамдық тәртіпті ұстау жөніндегі жұмысы туралы».Комиссия отырыстарының барлығына да «Рауан» радиосының, «Лисаковская новь», «Бизнес-пресс», «Позитив» газеттерінің және «Акцент» телеарнасының тілшілері шақырылады. Отырыс материалдары қаланың барлық баспа және электрондық БАҚ-та жарық көреді.Құқықбұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері тұрақты түрде Лисаков қ. әкімдігінің, құқыққорғау бағытындағы ведомствоаралық сипаттағы консультативтік-кеңесшілік органдардың отырыстарында да қаралады. 2008 жылдың 25 наурызында «Лисаков қаласы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңес» құрылды. 2010 жылдың наурызында осы кеңестің отырысында адам саудасына қатысты қылмыстардың жолын кесу және алдын алу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын орындау мәселесі қаралды.Кәмелетке толмағандар істері және оларды қорғау жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес айына екі рет комиссия мүшелері Лисаков ҚІІБ және қала әкімдігінің білім бөлімі өкілдерінің қатысуымен қолайсыз отбасыларының тұрғылықты жерлері бойынша олармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру үшін рейдтерді жүзеге асырады. Ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарғаны үшін 2010 жылы 23 жауапсыз ата ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2009 ж. – 13, 2008 ж. – 14), 4-уіне қатысты ата-аналық құқығынан айыру жөнінен шаралар қабылданды. 2010 жылдың 12 айы ішінде 43 қолайсыз отбасы Лисаков ҚІІБ-нің КІТ профилактикалық есебіне қойылды (2009 ж. – 44, 2008 ж. – 55).ҚР ІІМ 23.06.2010ж. №282 Бұйрығына сәйкес полицияның учаскелік инспекторлары қызмет көрсететін учаскелерінде тоқсанына кемінде бір рет халықпен есепті кездесулер өткізеді. Бұл кездесулерге пәтерлер иелері кооперативтерінің өкілдері мен Лисаков ҚІІБ басшылығы шақырылады. 2008 жылы халықпен 61 жиын өткізілді, 2009 жылы – 84, 2010 жылы – 79 жиын. Ал биылғы жылдың өзінде халықпен 4 жиын өткізілді, оларда полицияның 5 учаскелік инспекторы есеп берді.Лисаков ҚІІБ Қостанай облысының ІІД нұсқауларына сәйкес қаланың қоғамдық орындарында құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатымен «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Қадағалау», «Есепке алу», «Көше», «Түнгі аула» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізеді. Мұндай іс-шараларға полицияның қоғамдық көмекшілері қосылады, олар Лисаков ҚІІБ қызметкерлерімен бірге қоғамдық тәртіпті қорғауға шығады, оларға 1 бірлік автокөлік пен қауіпсіздік қызметінің 3 маманын бөлетін «Арай-91» ЖШС қызметкерлері қатысады. 2008 жылы мұндай жедел-алдын алу іс-шарасының 72-сі өткізілген, 2009 жылы – 69, 2010 жылы – 74.Тәуліктің қараңғы кезінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатымен 2008 жылы қала көшелерінде сомасы 5472285 теңге 6 330 метр электр кәбілін ауыстыру жүргізілді. 2010 жылы қала учаскелерінде электр жабдықтарының 8 нысаны орнатылды, жарықтандыратын шамдарымен бірге саны 157 дана шырақ алмастырылды. 1465 метр кәбіл ауыстырылды. Бұл жұмыстың барлығы 3510000 теңге сомасына жүргізілді.2010 жылдың қорытындысы бойынша қалада тіркелген қылмыстардың 3,5%-ға азайғаны байқалады, олардың негізгі бөлігін мүліктік түрлер құрайды. Ауыр және аса ауыр қылмыстар 21,1%-ға азайды, қарақшылық шабуыл - 66,7%-ға (3-тен 1-ге дейін), тонау - 8,7%-ға (23-тен 21-ге дейін), бұзақылық - 40%-ға (5-тен 3-ке дейін), автокөлік құралдарын айдап кету - 33,3%-ға (12-ден 8-ге дейін). Қылмысты ашу деңгейі 2008 жылғы 85,5%-ға қарағанда 2010 жылы 85,8%-ды құрады. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жақсарды (93%-дан 93,3%-ға дейін). Көп ашылғаны өзгенің мүлкін ұрлау (79,8%-дан 83,3%-ға дейін) және автокөлікті айдап кету (86,7%-дан 100%-ға дейін) оқиғалары. Қоғамдық орындарда біршама аз қылмыс жасалды (2008 жылғы 36-ға қарағанда 2010 жылы 35) және кәмелетке толмаған тұлғалар жасаған қылмыс (2008 жылғы 14-ке қарағанда 2010 жылы 13) біршама аз.2010 жылы Лисаков қаласының әкімдігіне жастар арасынан жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді сұрап 464 адам жүгінді, жұмысқа орналастырлғаны – 371 адам, қоғамдық жұмыстарға жіберілгені – 21, кәсіптік оқытудан өткені – 48, оқытудан кейін жұмысқа орналастырылғаны – 27 адам.Лисаков қаласының аумағында азаматтардың көпшілікті жиналатын жерлерінде нашақорлықпен күреске және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған әлеуметтік жарнаманың 5 баннері орналастырылған.2010 жылы атқару мекемелерінен тұлғалардың қамау мерзімі аяқталғаны туралы 44 хабарлама келді; бас еркінен айыру орындарынан босатылған 64 адамға олардың әлеуметтік қорғалуы мәселелері бойынша түсініктеме берілді. Бас еркінен айыру орындарынан 2008-ден бастап 2010 жылды қоса алғанға дейінгі кезең ішінде босатылған кәселетке толмағандар тіркелген жоқ. 2010 жылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді сұрап 7 кәмелетке толмаған жүгінді.Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жылына 2 рет, жоспарға сәйкес, білім беру ұйымдарында көшпелі отырыстар өткізеді.2008 жылы қаланың реттелетін екі көше қиылысында зағиптығы жөнінен мүгедек-жүргіншілерге арналған дыбыс беретін дабылдар орнатылды. Жол қозғалысының қауіпсіздігі мақсатымен Лисаков қаласының әкімдігі 2011 жылы автокөліктің қарқынды қозғалысы байқалатын жерлерде жалпы құны 6 122 мың теңгенің бейнебақылау камераларын сатып алуды және орнатуды жоспарлауда. 2008-2010 жылдарда № 6 мектеп пен мектеп-гимназия ауданында 6 жасанды жол кедергісі (жатқан полицей) орнатылды.Ішу-көңіл көтеру орындары бойынша ҚІІБ өкілдерінің, жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен әлеуметтік педагогтардың және БАҚ-тың қатысуымен рейдтер өткізіледі. Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 8 кәмелетке толмаған анықталды; бұл балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық орнының 2 өкіліне қатысты балалардың өздерінің орындарында кешкі және түнгі уақытта жүрулеріне жол бергендіктері үшін әкімшіліктік іс қозғалды, материалдары сотқа жіберілді.Лисаков қ. білім беру бөлімі мен ҚІІБ әрбір оқу жылының басында мектептердің әлеуметтік паспорттарын жасайды, онда «тәуекел тобына» жататын балалар, ҚІІБ-нің КІТ есебінде тұрған жасөспірімдер туралы мәліметтер көрсетіледі. 2010 жылы ҚІІБ-нің КІТ-те есепте 33 кәмелетке толмаған, мектепішілік есепте (бұдан әрі – МІЕ) – 101 адам тұрды (2009 жылы – 39 адам ҚІІБ-нің КІТ-те, 65 адам – МІЕ); 2008 жылы – 87 адам ҚІІБ-нің КІТ-те, 82 адам – МІЕ тұрды. Ағымдағы жылдың 4 ақпанындағы жағдай бойынша қала мектептерінде, штаттық кестеге сәйкес, 7 әлеуметтік педагог, 11 психолог жұмыс істейді, олар жұмыстарын мектеп инспекторларымен (3 бірлік) және ҚІІБ-нің КІТ инспекторларымен тығыз ынтымақтастықта жүргізеді.«Лисаков қалалық емханасы» МКҚК деректері бойынша криминалдық сипаттағы жарақаттарымен медициналық көмекке жүгінген аурулардың саны құрады: 2008 жылы – 122 адам, 2009 жылы – 94, 2010 жылы – 101 адам.2010 жылдың қорытындылары бойынша қалада қылмыстың мүліктік түрі – ұрлықтың 21%-ға өсімі тіркелді. Соңғы 3 жылдың талдауы, 2008 жылмен салыстырғанда қылмыстың өсуі 25%-ды құрады; тіркелген ұрлық саны өсті - 38%-ға (92-ден 127-ге дейін), тонау - 31%-ға (16-дан 21-ге дейін), 2 адам өлтіру тіркелді (2008 жылы олар болған жоқ). Рецидивтік қылмыстың саны өсті - 10,4%-ға (48-ден 53-ке дейін), сол сияқты алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстың саны 14,2%-ға (28-ден 32-ге дейін) өсті.Лисаков қаласының прокуратурасы 2010 жылы жасырылған 4 қылмысты анықтады және есепке қойды, соның ішінде қылмыстық іс қозғаудан заңсыз бас тартылған – 2, тіркелмеген – 2.Қалада құтырыну ауруына шалдығу жөнінен эпизоотикалық жағдай ауыр қалпында қалып отыр.Жануарлардың қауып алуынан зардап шеккен азаматтардың медициналық көмекке жүгінулерінің көбейіп бара жатқандығы байқалып отыр: 2011 жылғы қаңтарда мұндай 12 адам болды – бұл 2010 жылғы қаңтарда зардап шеккендерден 41,6%-ға көп.Лисаков қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың саны 24-тен 60 жасқа дейінгі 40 адамды құрайды, олардың ішінде нақты жұмыс істейтіндері бар болғаны 7-8 адам.Қаланың 7 мектебінде не барлығы ҚІІБ полицияның учаскелік 3 мектеп инспекторы жұмыс істейді.Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С.Сапарованың «Лисаков қаласы атқарушы органдарының қоғамдық тәртіпті нығайту, азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы және бостандығы қауіпсіздігінің қажетті деңгейін ұстаужөніндегі жұмысы туралы» есебі назарға алынсын.2.Қаланың мәслихаты мен әкімдігі және олардың құрылымдық бөлімшелері:- Лисаков қаласында 2011-2013 жылдарға арналған құқықбұзушылықтың алдын алу бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын;- мемлекеттік органдар басшыларының құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған заңнаманы қолдану жауапкершілігін күшейтсін;- бас еркінен айыру орындарынан босатылған тұлғаларды кәсіптік даярлау мен жаңа мамандықтарға оқытуды ұйымдастыру жөнінен шаралар қабылдасын;- қаланың құқыққорғау органдарымен және кәсіпорындарымен бірлесіп түзету мекемелерінде жазаларын өтеген тұлғаларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастырсын;- барынша көп балалар мен жасөспірімдердің мектеп каникулы кезеңіндегі бос уақыттарын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын, олардың жазғы спорттық және сауықтыру лагерлерінде демалуларын қамту жөнінен шаралар қабылдасын;- Лисаков ҚІІБ штатына полицияның 4 мектеп инспекторы бірлігін енгізсін.3. Қаланың құқыққорғау органдары:- құқыққорғау органдарындағы есеп-тіркеу тәртібін бұзу фактілерін жою жөнінен ашық және принципті саясатты жүргізуді жалғастырсын;- бас еркінен айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру мен оңалту, белгілі бір тұрғылықты жері жоқтарын әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан азаматтардың жұмыс және тұрмыстық орналасулары үшін бақылауды күшейтсін; тәрбиелеу колонияларынан оралған кәмелетке толмағандарға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге айрықша назар аударсын;- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа іс жағдайына нақты ықпал жасай алатын неғұрлым жас және жауапты азаматтарды тартсын.4. Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы:- облыстық бюджет қаражатын бөлу кезінде Лисаков қалалық әкімдігінің екі бейнебақылау камерасын сатып алуын қарастырсын.5. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының атынан Қостанай облысының ІІД-ге және облыстық бюджет комиссиясына қосымша полицияның 4 мектеп инспекторы бірлігін бөлу туралы мәселемен өтініш жасалсын.6. Осы қаулының орындалғаны туралы ақпаратоблыстық мәслихаттыңзаңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына 2011 жылдың 1 желтоқсанына текті ұсынылсын.Тұрақты комиссиятөрайымының м.а. А. Жалғасов -
Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы Қамысты с. 2010 жылғы 13 тамыз
«2009-2011 жылдарға арналған
Қостанай облысындағы құқықтық
түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет
деңгейін одан әрі арттыру, азаматтарды
құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі
өңірлік бағдарламаның» Қамысты
ауданында орындалу барысы туралыҚамысты аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі №151 шешімімен 2009-2011 жылдарға арналған Қамысты ауданындағы құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі аудандық бағдарлама бекітілген. Бұл кезеңге аудандық бюджеттен қаржыландыру көлемі 150 мың теңгені құрайды. Көзделетін қаражат тиісті жылға аудандық бюджетті түзу кезінде жыл сайын нақтыланады.
Барлық 16 селолық округ пен селоларда ақпараттық-насихаттық топтар (АНТ) жұмыс істейді. АНТ құрамына ұйымдардың, мекемелердің және ауылшарқұрылымдарының басшылары, селолық округтер мен селолардың әкімдері, ауданның қоғамдық пікір көшбасшылары, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері, мұғалімдер, медицина қызметкерлері кіреді. 2010 жылдың өзінде халықпен 54 кездесулер, әңгімелесулер, дөңгелек үстелдер, диспуттар өткізілді, оларға 2111 адам қатысты.
146 тыңдаушыны қамтитын 16 құқықтық білім мектебі құрылған. Бұл мектептердегі сабақтар лекциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер нысанында өткізіледі. Облыс әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру және қайта даярлау өңірлік орталығында» 2009 жылы - 15 мемлекеттік қызметші біліктілігін көтерді, 2010 жылы – 9 мемлекеттік қызметші.
АІІБ қызметкерлері 2009-2010 оқу жылында аудан мектептерінде нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу және онымен күрес туралы, кәмелетке толмағандардың жауапкершіліктері туралы тақырыптарда 72 лекция оқыды. Жол полициясы бастауыш сыныптар оқушылары арасында жол қозғалысы ережелерін білу жөнінен Олимпиада ұйымдастырды. Ауданның әділет басқармасы аудан мектептерінде 3 дөңгелек үстел, 11 семинар өткізіп, 4 лекция оқыды.
Барлық кітапханаларда прокуратура қызметкерлерінің, аудандық әкімдік мамандарының, мектептер оқытушыларының қатысуларымен «Құқықтық тәрбие» тақырыптық папкалары ресімделген, «Мен адам құқығын қалай түсінемін?» тақырыбына дөңгелек үстелдер, «Балалар – қылмыстылық – қайғы» танымдық кеші өткізілді; «Заң және біз» кітап көрмесі ресімделді.
Құқық қорғау органдарының мамандары оқушы жастар арасында және еңбек ұжымдарында Қазақстан Республикасындағы бірқатар заңдар ережелерін түсіндіру жөнінен 26 кездесу өткізді. Аудандық «Новый путь-Бозторғай» газетінде құқықтық тақырыпқа тұрақты айдар ашылған, соның ішінде «Сұрадыңыздар – Жауап береміз» сияқты. 2009 жыл ішінде аудандық газетте құқық тақырыбы бойынша 26 мақала жарияланған.
Үстіміздегі жылдың наурызында Жітіқара ауданындағы Тоқтаров с. «Жайна» ауыл әйелдері қауымдастығы» ҚБ Таран, Денисов және Қамысты аудандарын қамтитын «Ауыл аумақтарындағы халықтың құқықтық мәдениетін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар» жобасын жеңіп алды. Сәуірде «Жайна» ауыл әйелдері қауымдастығы» ҚБ «Қамысты ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-мен бірлесіп «Ауыл аумақтарындағы халықтың құқықтық мәдениетін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар» жобасы шеңберінде халықтың құқықтық біліктілігі деңгейін айқындау жөнінен Қамысты, Бестөбе, Ливановка, Фрунзе селоларында сауалдама жүргізді. Бұл қоғамдық бірлестіктің жоспарында Қамысты ауданының тұрғындары үшін аптасына 2 рет 2 сағаттан тегін заң консультациясын өткізу бар. Құқықтық мәдениет жөнінен семинарлар, тренингтер ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар респонденттерге сауал тастап, жауап алу нәтижесі, еңбек, отбасылық, азаматтық (атап айтқанда тұтынушылар құқығын қорғау) құқықтары бойынша, сол сияқты азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары бойынша төменгі деңгейді көрсетті.
Азаматтарға мемлекеттік органдарда аталмыш органдар қызметіне қатысты мәселелер бойынша заң консультациясын ұсыну практикасы тар бағытта жүргізіледі, мәселен, небарлығы 3 мекемеде ғана заңгерлер бірліктері (әкімнің және мәслихаттың аппараттары, аудандық білім бөлімі) бар.
Қамысты ауданында 2009 жылдағы кезеңде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін 6 адам жауапкершілікке тартылды, 2010 жылы – 2 адам. Талдау осы сияқты және басқа да бірқатар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың заңдарды білмегендіктен жасалатынын көрсетеді, ал мұның жауапкершіліктен босатпайтыны белгілі.
Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қамысты ауданы әкімінің орынбасары д.М. Құлмановтың «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі өңірлік бағдарламаның» Қамысты ауданында орындалу барысы туралы есебі назарға алынсын.
2. Аудандық мәслихатқа және әкімдікке ұсынылсын:
- құқықтық білім мектептерінің бірінің базасында оның қызметінің үлгілік тақырыптық жоспарын әзірлеу; тұрақты тыңдау категориясын айқындауға көмектесу, мектеп жұмысын есепке алудың бірегей құжаттамасын ұсыну;
- базалық заң білімі барларының барлығын ескере отырып, аудан орталығында тұратын және жұмыс істейтін оқытушыларды, сол сияқты мемлекеттік мекемелер басшыларын айқындау; осы негізде селолық құқықтық білім мектептеріне заңнама негіздерін оқытуға және ҚР Үкіметінің маңызды құжаттарын түсіндіруге көмек көрсету жөніндегі орталық құру;
- құқықтық білім мектептері басшыларымен дүркін-дүркін әдістемелік сабақтар өткізу, осы мақсат үшін облыс орталығынан тиісті лекторлар шақыру;
- ауданда бағдарламаны іске асыру жөнінен өткізілетін іс-шаралар талдауын жүргізу, аудандық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясының отырыстарында және аудандық әкімдік отырыстарында оның орындалу барысын тұрақты түрде қарау;
- ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде облыстық бағдарламаның орындалуына бақылау жүргізу.
3. Қамысты ауданының әкімдігі осы қаулының орындалғаны туралы ақпаратты тұрақты комиссияға 2011 жылдың 20 қаңтарына текті ұсынсын.
Қостанай облыстық мәслихатының
заңдылық, құқықтық тәртіп және
өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрайымы И. Аронова -
Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы көшпелі отырысының қаулысы Қостанай қ. 2009 жылдың 24 ақпаны
Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Ю.Г. Махаринецтің есебін тыңдай келіп, Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы қалада «Қостанай облысында 2007-2009 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламасын» орындау жөнінен белгілі бір жұмыстың атқарылып жатқандығын атап көрсетті.
Өңірлік бағдарламаны орындауға облыстық және қалалық бюджеттер қаражатынан 3 173 591 000 теңге көзделді, соның ішінде жылдар бойынша: 2008 жылы – 1 301 071 000 теңге; 2009 жылы – 884030 000 теңге; 2010 жылы – 988 490 000 теңге.
Прокуратура органдарының уәкілетті органдардың өзара іс-қимылына жүргізген тексерулерінің қорытындылары бойынша, жол-көлік оқиғаларының азаюына бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзушылықтар анықталды, олар мынадай: Қостанай қаласының жергілікті атқарушы органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтар талаптарын елемеушілігі; жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарының құрылысы, қайта жаңғырту, жөндеу, енгізу және ұстау жұмыстарының сапасыз орындалуы және оларға бақылаудың жоқтығы; жол белгілеріне және оларды орнатуға, жолдарды белгілеуге, жасанды кедергілерді орнатуға қойылатын мемлекеттік стандарттар талаптарын бұзушылықтар.
Өңірлік бағдарлама Қостанай қаласында оны қала әкімдігі жанындағы сараптама комиссиясы талқыламастан, тек 2008 жылдың 29 қыркүйегінде ғана қабылданды. – Бұл комиссияның дербес құрамы әлі күнге дейін бекітілген жоқ. Аталмыш бағдарламаның орындалу барысын қала мәслихаты да, әкімдігі де талқылаған емес.
Жоғарыда көрсетілген заңдылықты бұзушылықтар, тікелей атқарушылардың өздерінің функционалдық міндеттерін талапқа сай орындамаулары, қала басшылығы тарапынан Өңірлік бағдарламаның орындалуын талапқа сай бақылаудың жоқтығы себепті мүмкін болып отыр.
Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ю.Г. Махаринецтің «Қостанай облысында 2007-2009 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламасының» Қостанай қ. орындалуы туралы» есебі назарға алынсын. Осы қаулыда атап көрсетілген кемшіліктер 2009 жыл ішінде жойылсын.- Қостанай қаласының мәслихаты мен әкімдігі:
- Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы сараптама комиссиясының дербес құрамын әзірлесін және бекітсін; жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы қолданулары үшін, жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарының құрылысы, қайта жаңғырту, жөндеу, енгізу және ұстау жұмыстарының сапасыз орындалуы және оларға бақылаудың жоқтығы үшін, жол белгілеріне және оларды орнатуға, жолдарды белгілеуге, жасанды кедергілерді орнатуға қойылатын мемлекеттік стандарттар талаптарын бұзушылықтары үшінмемлекеттік органдар басшыларының жауапкершіліктерін арттырсын;
- облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясыныңотырысындаайтылған ескертпелерді жойып,ретке келтіру жөнінен іс-шаралар әзірлесін.
3. Қалалық білім бөлімі балалардың жол жарақаттылығының алдын алуға ерекше назар аударсын, балалардың жол қозғалысы және көшедегі қозғалыс ережелерін оқулары және сақтаулары жөнінен кешенді іс-шаралар әзірлесін, бұл жұмысты жазғы каникул уақытына дейінгі кезеңде күшейтсін.
4. Жол полициясы басқармасы және Қостанай қаласының ішкі істер басқармасы автокөлік құралдарын желіге шығаруға жауап беретін автокәсіпорындармен және лауазымды тұлғалармен жұмысты күшейтсін; «Қостанай қ. әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге жол белгілерін, жасанды кедергілерді ауыстыру, орнату, дайындау туралы уақытылы ұсыныс жасап отырсын; «Возрождение» аялдамасы ауданында (№5 ОМ, №5А ОМ) қадағалау бекетін орнатуды, жол белгісін ауыстыруды, салынған белгілерді жаңартуды бақылауға алсын.Қаулыны көшіріп алу
-
Затобол с. 2008 жылғы 18 желтоқсан
Қостанай ауданы әкімінің орынбасары А.Ш. Досжановтың «2007-2009 жылдарға арналған Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау өңірлік бағдарламасын» Қостанай ауданында іске асыру барысы туралы» есебін тыңдай келіп, комиссия ауданда оны орындау жөнінен белгілі бір жұмыстың жүргізіліп жатқандығын атап көрсетеді.
Аудандық бюджеттен 2007- 2008 жылдар ішінде «Сұңқар» қоғамдық бірлестігіне селолық мектеп базасында ұрпақтар кездесуін өткізуге және спорт құрал-жабдықтарын сатып алуға 348,0 мың теңге, «Олимп» жастар бірлестігіне техникалық жабдықтар сатып алу мен іс-шаралар өткізуге 220,0 мың теңге, «Қостанай ауданының жастар одағы» ҚБ-ге фотоаппарат пен футболкалар сатып алуға 70,0 мың теңге бөлінді. Жастар форумын өткізуге 2007 жылы 200,0 мың теңге бөлінді. 2008 жылы аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесіп жастардың ардагерлермен кездесуі 283,0 мың теңге сомасында қаржыландырылды. Ағымдағы жылдың 11 қарашасында аудан орталығында Жастар форумы өткізілді, оның қаржыландырылуы 200,0 мың теңгені құрады. 2008 жылы аудандық бюджеттен «Олимп» жастар бірлестігінің ғимаратын жөндеуге 3,5 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі таңда тағы да 3 үкіметтік емес ұйым тіркелу сатысында тұр.
Сонымен қатар ауданда үкіметтік емес ұйымдар бұрынғысынша аз, ал аудандық бағдарлама олардың қаржыландырылуын қарастырмайды.
Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Қостанай ауданы әкімінің орынбасары А.Ш. Досжановтың «2007-2009 жылдарға арналған Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау өңірлік бағдарламасын» Қостанай ауданында іске асыру барысы туралы» есебі назарға алынсын.
2. Қостанай ауданының мәслихаты мен әкімдігі бюджеттік классификаторға 148-ші ерекшелікті қоссын, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік-маңызды жобалар байқауын өткізсін; облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында айтылған ескертпелерді ескерсін.
3. Аудандық ішкі саясат бөлімі ҮЕҰ-ны жеке үй-жайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, ҮЕҰ-ны тіркеу және қайта тіркеу кезінде әдістемелік көмек көрсетуге, жетекшілерін оқытуға, әлеуметтік-маңызды жобалар байқауларына өтінім беру үшін құжаттама жинауға айрықша назар аударсын.
4. Қабылданған шаралар туралы Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын 2009 жылдың 2 наурызына дейін хабардар етсін.
Қаулыны көшіріп алу
-
Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы Әулиекөл с. 2008 жылғы 5 қыркүйек
Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Жігітовтың «Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» Әулиекөл ауданында орындалу барысы туралы» есебін тыңдай келіп, комиссия оны орындау жөнінен ауданда белгілі бір жұмыстардың жүргізіліп жатқандығы туралы атап көрсетеді.
Әулиекөл ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайының талдауы, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасауға және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасауға, көбіне лауазымды тұлғалардың құқықтық біліксіздіктері себеп болып табылады.
Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Жігітовтың «Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» Әулиекөл ауданында орындалу барысы туралы» есебі назарға алынсын.
2. Әулиекөл ауданының мәслихаты мен әкімдігі және олардың құрылымдық бөлімшелері:
- мемлекеттік құрылымдар басшыларының мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауларына, «2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес өңірлік бағдарламасының» орындалуына жеке бақылауды күшейтсін;
- мемқызметші кадрларын іріктеуге және орналастыруға айрықша назар аударсын;
- «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңның нақты және бірегей қолданылуын қадағаласын;
- «Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына» сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау жөніндегі жұмысты жандандырсын;
- «Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» орындаудың бірінші кезеңі мерзімдерінің өткендігін ескере отырып, жер бөлу мен бюджеттік қаржыны жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етсін.3. Құқық қорғау органдары аудан әкімдігімен және мәслихатпен, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер арасында және аудан халқына құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтсін.
4. Барлық мемлекеттік мекемелер басшыларының сыбайлас жемқорлықпен күресте қолға алып жатқан шаралары туралы халық алдында тұрақты түрде есеп беріп тұруларын практикаға енгізсін.
5. Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етудің ведомствоаралық жоспары әзірленсін.
6. «Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» жекелеген жағдайларын орындамаған не болмаса сапасыз орындаған жағдайда, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі қойылсын.
7. Қабылданған шаралар туралы Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына 2009 жылдың 1 ақпанына текті хабардар етілсін.
Қаулыны көшіріп алу
-
Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы Сарыкөл к. 2008 жылғы 21 мамыр
Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары А.М. Вандышевтің «Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» Сарыкөл ауданында іске асырылу барысы туралы» есебін тыңдай келіп, комиссия ауданда оның орындалуы жөнінен белгілі бір жұмыстардың атқарылып жатқандығын атап көрсетеді.
Аудандық мәслихат сессиясының 2008 жылғы 29 ақпандағы №47 шешімімен 2008-2010 жылдарға арналған Сарыкөл ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аудандық бағдарлама бекітілді.
Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары А.М. Вандышевтің «Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» Сарыкөл ауданында іске асырылу барысы туралы» есебі назарға алынсын.
2. Сарыкөл ауданының мәслихатына және әкімдігіне ұснылсын:
- «Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылсын;
- мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстылықтың, қараусыз қалушылық пен панасыздықтың алдын алуға бағытталған заңнаманы қолдану мәселесі жөніндегі жауапкершіліктері күшейтілсін;
- кәмелетке толмағандарды дене және психологиялық күш көрсетуден, кемсітушіліктің барлық түрлерінен қорғауды, мектептер әкімшіліктерінен кәмелетке толмағандардың ұзақ уақыт бойына оқу орындарына келмегендіктері туралы ұсыныстарының уақытылы қаралуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс күшейтілсін;
- ауданның әлеуметтік кеңістігін мектептен тыс және тұрғылықты жерлері бойынша балалар мен жасөспірімдер тіршілігінің оңды түрлерімен толтыру жөніндегі жұмыс жалғастырылсын;
- бюджеттен аулалар мен білім беру мекемелері спорт алаңдарын қайта жаңғыртуға қаражат іздестірілсін.3. Білім беру мекемелері қоғамдық бірлестіктермен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жұмыстың оңды тәжірибесін енгізу жөнінен жаңа жобалар әзірлесін.
4. Құқық қорғау органдары:
- Сарыкөл АІІБ КІТ инспекторлары жұмысының тиімділігін артырсын;
- Сарыкөл АІІБ КІТ инспекторлары арасында кәмелетке толмағандармен жұмысты жетілдіру жөнінен оқу ұйымдастырсын.5. Аудандық мәслихатқа ұсынылсын:
- балалар мен жастар ұйымдарына олардың көшбасшыларын оқытуға көмек көрсету;
- балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы жоспарларын әзірлеу мен іске асыруға белсене қатысу;
- өздерінің тұрақты комиссияларында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін тыңдау.6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Қаулыны көшіріп алу
-
Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулы Рудный қаласы 2008 жыл 11 наурыз
Рудный қ. әкімінің орынбасары А.Е. Қасаевтың «2007-2009 жылдары Қостанай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламасының» Рудный қ. орындалу барысы туралы» ақпаратын тыңдай келіп, комиссия оны орындау жөнінен қалада белгілі бір жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап көрсетеді.
Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
• Рудный қ. әкімінің орынбасары А.Е. Қасаевтың «2007-2009 жылдары Қостанай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламасының» Рудный қ. орындалу барысы туралы» есебі назарға алынсын.
• Рудный қ. әкімдігі мен мәслихаты «2007-2009 жылдары Қостанай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі бағдарламасын немесе іс-шарасын; Рудный қаласының әкімдігі жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кеңестің дербес құрамын әзірлесін және қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге енгізсін; облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында айтылған сын-ескертпелерді ескерсін.
• Қалалық білім беру бөлімі балалардың жол жарақатының алдын алуға айрықша назар аударсын, жол және көше қозғалысы ережелерін зерделеу мен сақтау жөнінен іс-шаралар кешенін әзірлесін, жазғы каникулдың жақындап келе жатқанына байланысты бұл жұмысты күшейтсін.
• Қостанай облысының ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасы Рудный қ. ҚІІБ ЖПБ алдын алу жөніндегі инспектор штатын бөлу мәселесін қарсатырсын.
• Автокәсіпорындармен және автокөлік құралдарын желіге шығаруға жауапты лауазымды тұлғалармен жұмыс күшейтілсін.
• Рудный қ. ҚІІБ ЖПБ «жедел жәрдемнің» зардап шегушілерге уақытылы келуі үшін жедел жәрдемнің жол жағдайларын қамтамасыз ету шараларын қабылдасын.