2017 жылғы 16 тамызда Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясының жалғасы
Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының 2017 жылғы 2 тамызда шақырылған кезекті жетінші сессиясының жалғасы 2017 жылғы 16 тамызда сағат 11.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66-үй, облыстық әкімдік ғимаратының 4-қабатында мәжіліс залында өтеді.


















2017 жылғы 25 шілдеде А.Б. Демисеновтың төрағалығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті, онда «Лисаков қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары туралы» мәселе қаралды.
«Федоров ауданында балаларға арналған жазғы демалыс ұйымдастыру және сауықтыру туралы» мәселе бойынша тұрақты комиссияның отырысына дайындалу барысында 2017 жылғы 26 шілдеде тұрақты комиссияның төрағалары, депутаттар мен аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері құрамында жұмыс тобы Федоров ауылының № 1, № 2 және № 4 орта мектептері жанындағы балаларға арналған жазғы алаңшаларды аралап шықты.
«Федоров ауданы ішкі істер органының жергілікті полиция қызметі бастығының есеп беруі» мәселе бойынша аудандық мәслихат сессиясының отырысына дайындалу барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Исенғазин, депутаттық фракция мүшелері құрамында жұмыс тобы Федоров ауданының ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратын аралап шықты.

