2017 жылғы 5 шілдеде облыстық мәслихаттың депутаты А.И. Жансүгірованың төрағалығымен Қостанайоблыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болды.
Сессия Қостанай облысы әкімінің ұсынысы бойынша шақырылды. Сессия жұмысына: облыс әкісі А.Б. Мұхамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы С.Е. Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, бірқатар облыстық департаменттердің, басқармалардың басшылары, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстың қоғамдық кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Сессияда қаралған негізгі мәселе: Қостанай облысының облыстық бюджетін нақтылау туралы. Барлығы сессиясында 5 мәселе қаралды.
Депутаттар сессияның барлық материалдарын алдын ала электрондық нысанда алды және олармен толығымен танысуға мүмкіндігі болды. А.И. Дощанованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында облыстық бюджетті нақтылау туралы мәселе алдын ала қаралды.
Толығырақ