Лисаков қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары туралы

2017 жылғы 25 шілдеде А.Б. Демисеновтың төрағалығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті, онда «Лисаков қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары туралы» мәселе қаралды.

Аудандық мәслихаттың депутаттарымен балаларға арналған жазғы алаңшаларға баруы туралы

«Федоров ауданында балаларға арналған жазғы демалыс ұйымдастыру және сауықтыру туралы» мәселе бойынша тұрақты комиссияның отырысына дайындалу барысында 2017 жылғы 26 шілдеде тұрақты комиссияның төрағалары, депутаттар мен аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері құрамында жұмыс тобы Федоров ауылының № 1, № 2 және № 4 орта мектептері жанындағы балаларға арналған жазғы алаңшаларды аралап шықты.

Федоров ауданының жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы

«Федоров ауданы ішкі істер органының жергілікті полиция қызметі бастығының есеп беруі» мәселе бойынша аудандық мәслихат сессиясының отырысына дайындалу барысында аудандық мәслихаттың хатшысы  Б. Исенғазин, депутаттық фракция мүшелері құрамында жұмыс тобы Федоров ауданының ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратын аралап шықты.

2017 жылдың 26 шілдесінде Ұзынкөл аудандық мәслихатының уақытша комиссия отырысы өткізілді

Депутат И.В. Горбатенковтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 18-нші сессиясына дайындық барысында жоспарлы мәселе: «2017 жылдың 6 айына Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі бастығының есебі және қызметін бағалау» бойынша Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі объектісіне барып қайтты.

2017 жылдың 19 шілдесінде Ұзынкөл аудандық мәслихатың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының іссапар отырысы өткізілді

2017 жылдың 19 шілдесінде Ұзынкөл аудандық мәслихатың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, Б.Б. Жумабаевтің төрағалығымен «Петропав және Федоров ауылдық округтерінде әлеуметтік саланың жағдайы және оның әрі қарай дамуының келешегі туралы» жоспарлы мәселесі бойынша іссапар отырысы өткізді.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

Разработка сайта - www.yoline.kz .