Лисаков қаласындағы «Үздік мемлекеттік қызметші - 2017» атты конкурс
Конкурс бағдарламасы бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысушылар визит карточкасын көрсетіп шықты, содан кейін заңнаманы және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді білуін көрсету, сондай-ақ ұсынылған тақырыптарға эссе дайындау қажет болды. Ең соңында конкурс қатысушылары өздерінің мемлекеттік органдары туралы айтып берді.


















2017 жылғы 7 маусымда «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қаланы көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша, коммуналдық сала объектілерінде жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысы туралы» мәселе бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысына дайындалу аясында депутаттардың жұмыс тобы қала әкімі А.Е. Исмағұловпен жөндеуге жататын жолдарды апта сайынғы аралау жұмыстарына қатысты.

