Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – ҚК) мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру

 
2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының 9 – бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық кеңестер туралы» Үлгілік ереженің 22-тармағына сәйкес, «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ 2019 жылғы 22 қаңтардан 2019 жылғы 4 ақпанға дейін (қоса алғанда) Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттар бойынша құжаттар қабылданатынын хабарлайды.

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы (негізгі мәселе: облыстық бюджетін нақтылау туралы ) 2019 жылғы 24 қаңтарда сағат 11.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Әл-Фараби көшесі, 66-үй, облыстық әкімдігі ғимаратының 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

Жұмыс тобы құрылды

 
2019 жылғы 18 қаңтардағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобын құру (бұдан әрі - Жұмыс тобы) мәселесі бойынша отырыс өтті.
Отырысқа коммерциялық емес ұйымдар, ұсыныстар мен өтініштер келіп түскен азаматтар және бақылаушылар (БАҚ өкілдері) қатысты. Келіп түскен ұсыныстар мен өтініштердің негізінде ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Жұмыс тобының құрамына кірді:

Жұмыс тобын қалыптастыру бойынша қосымша ақпарат

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ Жұмыс тобын қалыптастыру бойынша отырыс 2019 жылғы 18 қаңтарда сағат 12.30-да мына мекенжай бойынша: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы, 4-қабатта өтетінін қосымша хабарлайды. Отырысқа кандидаттардың қатысуы міндетті түрде.
Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 575600, 575605

Қостанай облыстық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 356 шешімімен Қостанай облысының сайлау комиссиясын құрды және олардың құрамын, сондай-ақ сайлау комиссиясының орналасқан жерін жариялайды.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

Разработка сайта - www.yoline.kz .