-
Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Жітіқара қаласы 2012 жылдың 17 тамызы
Жітіқара ауданында мемлекеттік
отбасылық-демографиялық саясатты
іске асыру барысы туралыІстің жағдайын зерделеп және Жітіқара ауданы әкімі орынбасарының м.а. А.Ж.Жақсыбаевтың есебін тыңдап, тұрақты комиссия аудандық мәслихат пен ауданның атқарушы органдарының мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру жөнінде нақты жұмыс жүргізіліп отырғанын атап өтті.
Жітіқара ауданының халқы 50 775 адамды құрайды, оның 23 487 – ерлер, 27 270-і әйелдер. Жітіқара аудандық мәслихатында 14 депутат бар, оның 9-ы – ер адам, 5-і - әйел.
Аудан әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамында 20 адам бар. 2011-2012 жылдары комиссия отырыстарында жастардың адамгершілік-жыныстық тәрбиесі, адамгершілік құндылықтарды дамыту жөнінде, жастардың неке және отбасылық позитивтік сипатын тарату, жынысына қарай қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы, нашар отбасылармен жұмыс туралы, ерлердің репродуктивтік денсаулығын нығайту жөнінде және басқа да мәселелер қарастырылды.
Ауданда 147 спорттық құрылыстар, оның ішінде, «Алматы» жүзу бассейні, тениис корты, 35 спорттық залдар мен 62 спорттық алаңдар, 800-ден астам спортшылардың спортпен айналысуы үшін балалардың спорт мектебі жұмыс істейді. 12 спорттық клубтар, одан басқа фитнес орталығы бар 12 спорт клубтары жұмыс істейді.
Ауданда түрлі спорттық жарыстар – Президенттік мильге жүгірістер, мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы, «Тың - Целина» атты аудандық жазғы халықтық спорт ойыны, «Әкем, анам және мен – бақытты отбасымыз (Папа, мамая - спортивная семья)» атты жарыстар дәстүрлі түрде өткізіледі.
Бұл бағытта ауданның қоғамдық бірлестіктері белсенді түрде жұмыс істейді. «Жастар идеялары банкі» жобасы, «Біз – бір командамыз!» акциялары шеңберлерінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлауда «Карапуз» бос уақыт орталығы жастардың «Көшбасшы (Лидер)» қоғамдық бірлестігінде қаланың аула алаңдарында бірқатар ойын бағдарламаларын өткізді.
2011 жылы қалада комиссия мүшесі, кәсіпкер Нина Коваленко салған «Бибигон» сауда-ойын-сауық орталығы ашылды.
Осы жазда қалада қалалық жағажай жұмысы қалпына келтірілді. «Заман» радиосына зорлық-зомбылықтың алдын-алуды ақпараттық баяндау мақсатында ақпараттық саясат бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде құқыққорғау органдары өкілдерінің, мектеп психологтарының қатысуымен «Жасөспірім және заң» бағдарламасы әрекет етеді. Сондай ақ радиода «Өзіңді таны» бағдарламасында; «Отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлі», «Баланың өзін-өзі бағалауын қалай жетілдіруге болады?», «Қиын балалар және олардың ата-аналары», «Баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуда отбасының рөлі», «Жас адамның жеке өмірдегі тұрақтылығы оның әлеуметтік қорғалуының жағдайы» және т.б. жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
2 желтоқсанда үш буынның өзара түсініскен өкілдері қатысқан «Пока все дома» (Барлығы үйде болған кезде) отбасылық мейрамы өткізілді. Балалардың шығармашылық мектебінің үйірме жетекшісі М.Игошева бисерден, матадан, құрымнан жасалынған үйдің сән бұйымдарының жұмысын көрсетті.
2011 жылғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында 690 балаға 4 млн теңге ден астам сомаға көмек көрсетілді.
Жітіқаралықтар «Қанатты әйел», «Қазақстан миссисі» конкурстарына қатысты. 2011 жылы отбасылық міндеттері бар қызметкерлер үшін тең қарым-қатынас және тең мүмкіндіктер құру негізгі мақсаты болып табылатын «Жұмыс істейтін аналар мен әкелер үшін ең жақсы мекеме» конкурсында Жітіқара ауданынан «Қостанай минералдары» АҚ мен «Жітіқаракоммуноэнерго» МКК қатысты. «Қостанай минералдары» АҚ облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары арасынан «Тең мүмкіндіктер» номинациясында, ал «Жітіқаракоммуноэнерго» МКК орта бизнес кәсіпорындары арасынан «Отбасылық бағыттағы үздік әлеуметтік бағдарлама» номинациясында жеңімпаз болды.
Ақпараттық саясат жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көп жылдар бойы аудандық БАҚ-та «Отбасылық тәрбие мәселелерін, құқықбұзушылықтың алдын-алу мәселелерін, кәмелетке толмағандармен жұмыс, гендерлік тепе-теңдік, тұрмыстық зорлық-зомбылық материалдарын, адам саудасына байланысты қылмысты ескерту және алдын-алу жөніндегі материалдарды баяндайтын» лот құрылған. 2012 жылы бұл тақырып бойынша мақала жариялауға 80 мың теңге, 2011 жылы - 103 мың теңге бөлінген.
Жітіқара ауданында 19 үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істеуде. Тоқтар селосының «Жайна» атты «Селолық әйелдер қауымдастығы» ҚБ отбасы мен отбасылық тәрбиені нығайту шеңберінде белсенді түрде жұмыс істейді.
2011 жылы олар «Селолық аумақтар халқының құқықтық мәдениетін жетілдіру бойынша іс-шаралар» атты әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды. Биыл ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Қазақстандық қоғамда отбасының мәртебесін көтеруге, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасын іске асыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.
Биылғы жылы ішкі саясат бөлімі «Қазақстандық қоғамда отбасының мәртебесін көтеруге, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу» атты отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға 215 мың теңге бөлді.
2011 жылғы қарашада ««Жайна» атты әйелдердің селолық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Балалар мен жасөспірімдердің «Арман» орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды.
Жітіқара ауданының жалпыға білім беретін мекемелерінде жастарға гендерлік білім беру, отбасындағы гендерлік тепе-теңдік, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролі жөнінде жұмыс жүргізілуде. «Құқықтық білім мектебі» сабағы шеңберінде мына мәселелер айтылды: «Отбасындағы зорлық-зомбылық және одан шығу жолдары», «Үй жайындағы зорлық-зомбылыққа қарсы», «Адам құқығы: пайым мен стандарттар»:
- ата-аналардан, ұстаздардан және қатарластарынан көрген қаталдықтарын анықтау мақсатында балалардың арасында анонимдік сауалнама жүргізілді;
- өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен жасөспірімдер үшін сенім телефонының жұмысы туралы ақпарат оқушылар мен олардың ата-аналарына жеткізілді;
- «Өзіңді зорлық-зомбылықтан қалай қорғауға болады?» буклеттері таратылды;
- тұрмыстық жағдайдағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы мәселе қарастырылған «Құқық дегеніміз не? Әр адам өз құқығын білуі тиіс» атты құқықтық бұрыштар жасалынды;
- «Менің отбасындағы, мектептегі және көшедегі құқықтарым мен міндеттерім» атты тақырыпқа шығарма жазу конкурстары өткізілді;
- Мектеп психологтары 7-11 сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылық» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді;
- кітапханаларда балалар мен олардың ата-аналарының құқықтарын түрлі зорлық-зомбылық түрлері мен кемсітулерден сақтау және қорғау мәселелері жөніндегі әдебиеттердің кітап көрмелері рәсімделді.
Түрлі шаралар өткізгенде ата-аналар қоғамы тартылады. 2011-2012 оқу жылында аудан мектептерінде мынадай іс-шаралар өткізілді:
- аудандық мәслихат хатшысы М.Кененбаеваның қатысуымен «Әйел.Отбасы.Саясат» тақырыбында қарым-қатынас сағаты;
- отбасы құндылығына арналған және Халықаралық отбасы күніне ұштастырылған кездесу, оған Жітіқара ауданының Құрметті азаматшасы, әйелдер ісі жөніндегікомиссияның мүшесі Т.Романюк қатысты;
- аудандық мәслихаттың депутаты Г.Тәлікбаеваның қатысуымен «Отбасындағы әйелдің рөлі» тақырыбында кездесу;
- инспектор Д.Шоқпытованың қатысуымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың Халықаралық күніне арналған «Тұлғаның мүдделері, құқықтары және еркіндігі – құқықтық мемлекеттің жоғары құндылығы» атты қарым-қатынас сағаты;
- аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы, әйелдер ісі жөніндегі комиссияның мүшесі А.Щедухинаның басшылығымен, Жітіқара ауданының Құрметті азаматшасы, алғашқы тың игеруші М.Калининаның қатысуымен лекторлық топтың сөз сөйлеуі;
Ата-аналардың қатысуымен «Отбасы жанұясы» акциясы ұйымдастырылды:
- «Әкем, анам және мен – бақытты отбасымыз (Папа, мама, я – дружная семья)» отбасылық викторинасы (Тимирязев ОМ);
- «Менің отбасым Жаңа жылды қарсы алады» атты фотожарнама (№3 ОМ);
- «Біз шай дастарханында отырганда көңілдіміз» мерекелік шай ішу (Мықтыкөл ОМ);
- «Жаңа жыл келгенде»-отбасылық кездесу (Забеловская ОМ);
- «Біз – спорттық отбасымыз!» аудандық спартакиадасы.
Ауданның жалпыға білім беретін мекемелері «Отбасында зорлық-зомбылық жасауды тоқтатайық», «Бала еңбегіне қарсы 12 күн», «Туған күніңмен бөбегім!», «Болашақ бүгіннен басталады!», «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» акцияларын өткізуге белсенді түрде қатысты. Қала мектептерінің оқушыларына «Болашақ бүгіннен басталады» эмблемалары, кішкентай балалары бар жас отбасыларына буклеттер таратылды.
Білім бөлімі жанында оқушылар ортасының проблемаларын анықтау мақсатында, барлық санаттағы балалар мен олардың ата-аналарына, оның ішінде нашар отбасыларының балаларына отбасылық дау-жанжал оқиғаларын шешуде Балалардың қоғамдық қабылдауының «Үміт» және «Сенім телефоны»жұмысы ұйымдастырылған.
Құрамында білім бөлімінің мамандары, мектептер психологтары, КІТ инспекторы Б.К.Есенова бар Балалардың қоғамдық қабылдау комиссиясы айына бір рет мектеп оқушыларымен кездесулер өткізеді. Білікті көмек алғысы келгендерге сенім телефоны күн сайын байланыста. Қабылдау қызметі балаларға және ересек халыққа консультациялық, анықтамалық-ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық және басқа да қызмет көрсетуге бағытталған.
Білім бөлімі Жітіқара қаласының ІІБ-мен бірігіп «Нашар отбасы» рейдтік іс-шарасының жоспарын әзірледі. Жітіқара ауданында 2 мемлекеттік, 2 жеке және 4 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді.
«Жітіқара АОА» КММ-де СӨС кабинеті жұмыс істейді (жетекшісі – Н.Юдина). Халықтың репродуктивтік жасын сақтау жөнінде іс-шаралардың кешендік жоспары бар.
Қалада және селолық елді мекендерде мынадай баннерлер мен кергілер орнатылған: «Жастар – Қазақстанның болашағы!», «Отанға деген сүйіспеншілік балалық кезден тәрбиеленеді», « Дені сау халықтың – болашағы да сау!», «Дипломмен – ауылға!», «Болашақ бүгіннен басталады!», «Салауатты өмір салты – көп жасаудың негізі», «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында!», «Балалар – Қазақстанның болашағы!». Сондай-ақ «Әке, маған көмектес!», «Алимент төле!» сияқты әлеуметтік баннерлер орналастырылған.
Сонымен қатар ауданның өкілді және атқарушы органдарының қызметі отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыруға көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Егер ҮЕҰ секторды толығынан алатын болсақ, онда 19 қоғамдық бірлестіктерде ер мен әйелдің балиғаттық жасын сақтау және нығайтумен айналысып жаатқан бірде біреуі жоқ.
Әйелдердің жұмыссыздығы, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы сәйкессіздік өңірдің негізгі проблемасы болып табылады.
2-ден 6 жасқа дейінгі 483 бала балалардың мектепке дейінгі мекемесіне кезекте тұр. 2012 жылғы 17 шілдеге 59 балаға балабақшаға жолдама берілді, «Қарлығаш» балалар бақшасының ашылуы күтілуде, 120 балаға жолдама беріледі. Бірақ 304 бала мектепке дейінгі білім ала алмайды.
Қазіргі уақытта Жітіқара аудандық орталық ауруханасында уролог болмағандықтан, ерлердің бедеулігі жөніндегі жұмыс жүргізілмейді.
Облыстық мәслихаттың гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және ҮЕҰ және жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары А.Ж.Жақсыбаевтың мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру барысы туралы есебі назарға алынсын (қоса тіркеледі).
2. Аудандық мәслихат ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қатысты шешім қабылдарда әйелдердің жұмыссыздығы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық және мектепке дейінгі тәрбие жөнінде проблема еске алынсын.
3. Аудандық әкімдік:
- отбасылық міндеттерді тең бөлуді көтермелейтін және жұмыс істейтін аналар үшін жағдай жасайтын, емшекпен асырауды жеңілдететін жұмыс берушілердің ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыру;
- бюджеттік қаражаттарды отбасылық қатынастарда гендерлік теңдікке жетуге, отбасының беделін арттыруға, некелік-отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға, салауатты өмір салтын (СӨС) насихаттауға бағытталған іс-шараларға салынсын;
- әйелдердің жұмыссыздығы проблемасын ішінара шешу мақсатында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қорымен бірігіп жұмыс істелсін;
- барлық отбасылық мектептен тыс мекемелер, жазғы сауықтыру лагерлері, шағын орталықтар, аула клубтары үшін қол жетімді жүйелерді дамыту арқылы мектепке дейінгі оқыту проблемалары шешілсін.
4. Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына ұсынылсын:
- ауданның үкіметтік емес ұйымдарын дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылсын, жастардың және әйелдердің ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына қатысуын арттырып, жергілікті ҮЕҰ талаптарын қанағаттандыратын лоттар тематикасы құрылсын;
- жасөспірімдердің, жастардың, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік жастарын сақтау жөнінде СӨС саласында жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестіктердің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар қолданылсын.
5. «Жітіқара ауданы әкімдігінің халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» ММ «Балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент» ММ-мен отбасы институтын дамыту және нығайту жөніндегі бағдарлама бойынша;ынтымақтасып жұмыс істесін;
- «Туған күніңмен бөбегім!» акциясы дәстүрлі етілсін;
- отбасы мен балаларды әлеуметтік қамтамасыз етудің арнайы институттарын, дағдарысты оқиғалардан шығу жөнінде және жаңа жағдайларға әлеуметтік-психологиялық бейімделу үшін отбасыларына арнайы психологиялық-педагогикалық көмек қызметі дамытылсын.
6. «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ Жітіқара ауданында өз ұйымының өкілдігін құру жөнінде қажетті жұмыс жүргізу ұсынылсын.
7. Ауданның ОАА жанындағы СӨС кабинетінің жұмыс жоспарына ерлердің бедеулік проблематикасын бақылау жөнінде жұмыстарды, ерлер үшін репродуктивтік денсаулықты сақтау жөнінде лекциялар енгізілсін.
8. Ауданның ҮЕҰ мақсатты бағытты, кеңейтсін, ең жақсы отбасылық, этно-мәдениеттік дәтрүрлерді жаңарту, танысу клубы мен түрлі жастар тобындағы жалғыз басты азаматтардың қарам-қатынасыының басқа да түрлерін ұйымдастыру сияқты аспектілер жоба қызметіне енгізілсін.
9. «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ Балалардың «Үміт» және «Сенім телефоны» қоғамдық қабылдауын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі назарға алынсын.
10. «Көшбасшы (Лидер) ҚБ, «Жайна» ҚБ жұмыс тәжірибелері назарға алынсын.
11. Жітіқара қалалық мәслихаты мен әкімдігі қабылданған шаралар туралы
Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және ҮЕҰ-мен жұмыс мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына 2013 жылғы 1 наурызға дейін хабарласын.
12. Осы қаулы Жітіқара аудандық мәслихатына, әкімдігіне, аудандар мен қалалар әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға, «Балалар құқығын қорғау жөніндегі Департамент» ММ-не, «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ-не жолдансын.Қостанай облыстық мәслихатының
гендерлік және отбасылық-демографиялық
саясатты іске асыру және ҮЕҰ жұмыс жөніндегі
тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Х.Базуркаеваор. Н.Овчарова 575603
-
Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ №190 Затабол кенті 2012 жылдың 4 мамыры
Қостанай ауданында мемлекеттік
гендерлік саясатты іске асыру
барысы туралыІстің жағдайын зерделеп және Қостанай ауданы әкімінің орынбасары С.К.Көлбековтың есебін тыңдап, тұрақты комиссия аудан мәслихаты және ауданның атқарушы органдары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында ер адамдар мен әйелдердің мақсатты тең өкілдігі мен тең мүмкіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыру жөнінде нақты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта ауданда 68723 адам тұрады, оның ішінде 35379 (51,4 %) - әйел, 33344 (48,5 %) - ер адам.
Гендерлік саясатты нәтижелі іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында Қостанай ауданы әкімінің жанында консультативті-кеңесу органы - әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамында 13 адам бар – барлық деңгейдегі гендерлік саясат мәселелерін қозғауға қабілетті түрлі қызмет салаларының өкілдері, атап айтсақ: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, экономика, кәсіпкерлік, мәдениет, ҮЕҰ және т.б.
Гендерлік саясат мәселелері барлық жергілікті атқарушы органдардың ережелеріне енгізілген, гендерлік аспектті іске асыруға жауапты мамандар сәйкесті бұйрықпен тағайындалған.
Комиссия міндеттерінің бірі – «2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік тепе-теңдік стратегияларын» іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет ету.
2011 жылы комиссия аудандық әкімдікпен бірігіп мемлекеттік қызметшілер үшін «Әйелдердің саяси және әлеуметтік белсенділігі» тақырыбында семинар ұйымдастырды және өткізді. «Білім бөлімі» мен «Ішкі саясат бөлімі» ММ бірігіп, «Қазақстандағы гендерлік саясаттың өзекті мәселелері» атты дебат өткізілді. Қостанай аудандық ІІБ-мен бірігіп «Үйдегі зорлық-зомбылық» атты тақырыпта дөңгелек үстел, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ ынтымақтасып «2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік тепе-теңдік стратегияларын ақпараттық қамтамасыз ету» семинары өткізілді; «Ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Қазақстандық отбасы: жағдайы және даму келешегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 2011 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін аудан әкімінің түрлі санаттағы әйелдермен: соғыс және еңбек ардагерлерімен, «Күміс алқа», «Алтын алқамен» марапатталған көпбалалы аналармен, педагогтармен, әйел-басшылармен, кәсіпкерлермен және басқа да санаттар өкілдерімен 17 кездесу болып өтті.
2012 жылғы 13 ақпанда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының әлеуметтік-экономикалық даму және заңдылық мәселелері бойынша «Қостанай ауданында гендерлік саясатты іске асыру жөнінде атқарушы органдардың жұмысы туралы» мәселе қарастырылды.
Аудандағы 13 мемлекеттік органның 8-ін әйелдер басқарады, яғни 61,5 %-ды құрайды, 2010 жылы бұл пайыз 46,6 пайызға теңелді. Аудандық мәслихаттың 15 депутатының екеуі әйел, бұл бұрынғы шақырылыммен салыстырғанда 1 әйелге кем және 13,3 %-ды құрайды. Ауданда селолық және кенттердің әкімдері – 20, оның 3-і әйел, селолық және кенттер әкімдерінің орынбасарлары – 3, оның 2-і әйел. Әйелдер «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалында көшбасшылық орын алады: оның 1889 мүшесінің – 1040-ы әйелдер. 14 үкіметтік емес ұйымдардың 5-еуін әйелдер басқарады, бұл 35,7 %-ды құрайды. Облыстық мәслихат депутаттарының және аудан әкімі орынбасарларының ішінде әйелдер жоқ.
Қазіргі уақытта аудан экономикасында 18457 әйел жұмыс істейді, бұл жалпы жұмыс істейтіндер санының 52 %-ын құрайды. (35494).
2011 жылы 742 (2010-да – 857) жеке кәсіпорын (заңды тұлғаның) салық комитетінің тіркеу есебінде тұрды, оның 734-і (2010-да – 581) - кіші бизнестің субъектілері. 201 кәсіпорынның мүлік иелері әйелдер болып табылады (2010-да 127 фирма), 74 кәсіпорынға немесе 63,1 %-ға өсті. Ауданда шаруашылық қожалығын қосқанда 2746 жеке кәсіпкерлер тіркелді (2010-да 2521, 225 шаруашылыққа өсті), оның ішінде 1144 мүлік иелері -әйелдер (2010-да 1045) – 9,4 %-ға өсті.
2011 жылы «Жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде 24 жас маман ауданның кіші бизнес кәсіпорындарына жұмысқа жіберілді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы барлығы әйелдерді экономикалық жоғарылату жөнінде 86 әйел қатысқан 5 семинар өткізілді, бұл өткен жылғыдан 65 %-ға көп. Қаржылық емес қолдау жағынан 15 әйелді оқытылған «Бизнес-кеңесші» семинары өткізілді.
«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» Костанай филиалы арқылы 2011 жылы 94 әйелге жалпы сомасы 70,1 млн. теңге болатын микро кредиттер берілді. «Даму» қоры арқылы осы мерзім ішінде 80,5 млн. теңге сомаға 20 жоба қаржыландырылды, оның 7 жобасы 28,2 млн. теңгеге әйелдерге тағайындалды, бұл кредиттеудің жалпы сомасының 35 %-ын құрайды. 2012 жылдың ағымдағы мерзіміне «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» арқылы кәсіпкерлік қызметті дамытуға әйелдерге 1,4 млн. сомаға кредит берілді, бұл жалпы кредиттеудің 15 %-ын құрайды.
Айтылған мәліметтер әйелдерді бизнеске тарту жөніндегі жұмыстың қарқындатылғанын айғақтайды. «Жұмыспен қамту», «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ- мен бірігіп селолық жерде тұратын әйелдерге жұмыспен қамту және кіші бизнесті дамыту мәселелері жөнінде үнемі кеңестер беріліп отырады. Комиссия селолық жерде тұратын әйелдер арасында гендерлік тепе-теңдік Стратегиясының негізгі бағыттарын, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және әйелдерге құқықтық қолдау көрсету, өз денсаулығын және келешек ұрпақтың денсаулығын сақтау жөніндегі халықтың жауапкершілігін арттыру мәселелері жөніндегі ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жүргізеді.
Ішкі істер бөлімі мен «Ішкі саясат бөлімі» ММ бірігіп, зорлық-зомбылық пен трафиктің алдын-алу проблемалары жөнінде жұмыс жүргізіледі. 2011 жылы учаскелік инспекторлар мектеп инспекторларымен бірігіп білім беру мекемелерінде ата-аналар қоғамымен түсіндіру сипаттағы : «Адамдар саудасы деген не?», «Құлдыққа келісім берме», «Құрбан болып жүрме», «ХХІ ғасыр құлдығы» тақырыптарында лекциялар өткізілді. Комиссия «Мәдениетті және тілді дамыту бөлімі» ММ-мен бірігіп алдын-алу мақсатында «Қазіргі заманғы құлдық» тақырыбында ақпараттық дайджест шығарды. ҮЕҰ, АІІБ біріккен оқыту семинарлары өткізілді.
Комиссия жұмысының басты бағыттарының бірі – отбасы институтын нығайту болып табылады. Осы мақсатта ауданда отбасының жақсы дәстүрлері мен бағалылығын насихаттайтын іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. «Отбасындағы гендерлік теңдік», «Ата-аналардың тең құқықтары мен міндеттері туралы», «Отбасы институтын және отбасылық-некелік қатынастарды нығайту», «Гендерлік білім беру» сияқты тақырыптар білім беру мекемелерінің тақырыптық іс-шаралары мен гендер-тренингтерінде көрініс тапты.
«Білім бөлімі» ММ-де қоғамдық қабылдау жұмыс істейді, сенім телефоны орнатылған.
Аудандағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің жұмысы - әйелдердің әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етудің басты факторы болып табылады. Ауданда мамандармен қамтамасыз етілген 5 балабақша жұмыс істейді, онда 690 бала бар. Мектепке дейінгі сыныптар ашылған, 756 баланы қамтиды.
Ел Президентінің Жолдауындағы «Болашақты бірге құрамыз!» атты
бағыттардың бірі –барынша әлсіз бұқара халықты қорғайтың қазіргі заманғы әлеуметтік саяссат болып табылады.
2011 жылдың басында жұмыспен қамту органдарына тіркелген жұмыссыз әйелдердің саны – 96 адамды немесе барлық жұмыссыз азаматтардың жалпы санының 73,3 %-ын құрады. Көпбалалы жұмыссыз ата-аналардың арасында әйелдер – 72 %. 18-ге толмаған жұмыссыз жастардың арасында қыздар 58 %-ды құрайды, 18-ден 24-ке дейінгі жастар арасында 70 %-ды құрайды.
Аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 2011 жылы 82,1 %-ды құрады, оның 57,5 %-ы әйелдер. 2012 жылғы өткен мерзімде барлығы 47 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, оның 20-ы әйелдер, бұл 42,5 %-ды құрайды. 2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 144 немесе 85,7 % әйел қатысты. Ағымдағы жылы әйелдерді қоғамдық жұмыспен қамту 100 %-ды құрады.
Ауданның жұмыспен қамту орталығына 01.07.2011-ден консультация алуға 445 адам өтініш жасады, оның 285-і немесе 63,9 %-ы - әйелдер.
2011 жылы 18 әйел қайта дайындау курсынан өтті және сәйкесті біліктілік беріліп, кәсіптік оқытудың толық курсын бітіргендігі туралы куәлік алды. 2012 жылы қайта дайындау курсына жіберілген 13 адамның 10-ы немесе 76,6 %-ы - 21-ден 46 жасқа дейінгі әйелдер.
2012 жылдан бастап халықты кәсіпкерлік және микрокредиттік негізге оқыту бағдарламасы жұмыс істей бастады. Өтініш берген 15 әйелдің 6-ы - өз бизнесін ашу немесе кеңейтуге ниет еткендер және екеуі кәсіпкерлік негізінен оқытудан өтеді.
2011 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 443 адам алды, оның 83 %-ы әйелдер, 2012 жылдың өткен мерзімінде – 272 адам алды, оның 79 %-ы әйелдер. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларынан 2011 жылы - әйелдердің 99,6 % , 2012 жылы – әйелдердің 99,1 % мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасады.
Ауданда денсаулықты сақтауға, салауатты өмір салтын насихаттауға көп көңіл бөлінеді (99,1 %). Қазіргі уақытта аудандағы денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторына 53 медициналық объекті енеді. Бала туу мумкіндігі бар жастағы әйелдер саны – 15266. 2011 жылда ауданда 915 бала туды, 2012 жылдың 1-ші тоқсанында – 217 бала.
Соңғы үш жылда кейбір демографиялық көрсеткіштердің өзгерістерінің жақсы беталысы байқалады. 2008 жылдан бастап бала туу көрсеткішінің өсуі, халықтың өлім-жітімі, оның ішінде бала өлімінің өсу қарқынының азаюы салдарынан, халықтың өсімінің жақсарғаны байқалады. Егер 2008 жылы бұл көрсеткіш 100 адамға шаққанда 0,08-ге тең болса, 2011 жылы – +1,3.
Түрлі аурулардың ерте білінуінде алдын алу іс-шаралары пәрменді көмек береді. Халықтың жекеленген жастағы санаттарына скринингтік тексеру жолымен медициналық тексерулер жүргізіледі. Әйелдер сүт бездері мен жатырдың онкологиялық ауруларының білінуіне тексеріледі. 18 жасқа дейінгі балалардың көшпелі медициналық тексерілуі жүргізіледі.
Қызмет көрсету спектрінің кеңейтілуімен қатар салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмыс барынша маңызды орын алады. «Денсаулық мектебі» және ана мен бала денсаулығын сақтау бағдарламасы шеңберінде 162 іс-шара өткізілді.
Сонымен бірге ауданда гендерлік саясатты іске асыруға байланысты бірқатар проблемалар да бар.
Жұмыспен қамту қызметі органында ресми тіркелген азаматтардың арасында жұмыссыздар құрамында әйелдердің үлес салмағы көбейіп барады.
Аудандағы гендерлік аспектілер, әсіресе әйелдер пробемасында бұрынғыша қойылуда. Халық арасында әкелердің әлеуметтік-маңызды рөлі жеткілікті түрде насихатталмайды. Негізінен медициналық тексерулер мен скринингтік тексерулер балалар мен әйелдерге бағытталған, ер адамдар денсаулығының проблемасы бақыланбайды. Сәйкесті білімдері бар және отбасылық бюджеттерін көбейтуге мүмкіндіктері бар жас отбасылар үшін қосымша жұмыс орындарының қажеттігі туындайды. Ондай отбасылар ауданда – 700.
Жастарды жергілікті деңгейде шешім қабылдауға қатыстыру жөнінде жеткілікті шаралар қолданбайды, бұл да гендерлік аспект, жігіттер мен қыздар әсіресе жастар саясаты мәселесінде шешім қаьылдау деңгейінде тең құқылы болулары қажет.
Облыстық мәслихаттың гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және ҮЕҰ-мен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1.Қостанай ауданы әкімінің орынбасары С.К.Көлбековтың есебі назарға алынсын (қоса ұсынылады).
2. Аудандық мәслихатқа ұсынылсын:
- «Жастар практикасы» және «Депутаттың жас көмекшісі» жобасы практикаға енгізілсін; аудан жастарын көбірек қамту ескеріліп, қызметтің жаңа түрлері дамытылсын;
- жергілікті деңгейде шешім қабылдауға жастарды қатыстыру мақсатында жастардың мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына және оның сессияларына қатысулары практикаға енгізілсін;
- жастар саясаты мен гендерлік саясат мәселелерін қозғайтын аудан жоспарлары мен бағдарламаларын алдын ала жас мәслихат депутаттарының талдауы практикаға енгізілсін.
3. Қостанай ауданы әкімдігіне ұсынылсын:
- өңірлік әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік серіктестік және ұжымдық келісімшарттар жөніндегі келісімдерді әзірлеуде гендерлік тәсіл енгізілсін;
- әйелдердің және гендерлік ҮЕҰ-ның ашылуына жәрдем көрсетілсін;
- гендерлік механизмді жеделдету, әйелдердің мемлекеттік және саяси резервін толықтыру үшін аудандық ММ-лер, селолық округтер әкімдері жанынан белсенді азаматтардың волонтерлік қозғалысына қолдау көрсетілсін және дамытылсын;
- әйелдердің жұмыссыздығы проблемасын шешу мақсатында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қорымен жұмысты жалғастырсын, «Бизнес-кеңесші» оқыту семинарына қатысушылардың тізімі жасалсын (өту күні – ү.ж. 19-20 шілдесі);
4. ОАА-ға, СӨС кабинеттерінің ағымдағы жылдың жоспарына скринингтік репродуктивтік тексерулер және ер адамдарға арналған лекциялар енгізілсін.
5. Қостанай облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасына гендерлік және әлеуметтік саясат саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктердің қызметін дамыту жөніндегі жұмысты жеделдету ұсынылсын.
6. Аудандық әкімдік пен мәслихат қабылданған шаралар туралы Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және ҮЕҰ-мен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына 2013 жылдың 1 наурызына дейін ақпарат берсін.
7. Осы қаулы Қостанай аудандық әкімдігі мен мәслихатына, аудан әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға, облыстың қалалық және аудандық мәслихатына, «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ-не таратылсын.Гендерлік және отбасылық-
демографиялық саясатты іске
асыру және ҮЕҰ-мен жұмыс
мәселелері жөніңдегі тұрақты
комисиясының төрайымы С.Ғұмырова -
Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Сарыкөл к. 2012 жылғы 13 наурыз
Сарыкөл ауданындағы мемлекеттік
мекемелер мен ҮЕҰ-ң үкіметтік
емес секторы мен серіктестік механизмін
дамыту туралыСарыкөл ауданы әкімінің орынбасары С.Дутпаевтың есебін тыңдап және істің жағдайын зерделеп, тұрақты комиссия аудандық мәслихат пен ауданның атқарушы органдары ҮЕҰ-мен нақты жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сарыкөл ауданы тұрғындарының саны – 23797 адам, оның 51 % - әйелдер, 49 % - ер адамдар. ҮЕҰ тіркелгендердің саны – 5, оның 80% - әйел-басшылар, 20 % –ерлер.
Ауданда жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар саны облыс бойынша орташа көрсеткішті көрсетеді. Мәслихаттың 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 59 шешімімен құрылған үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет ететін Кеңес жұмыс істейді. Кеңес тоқсанына бір рет отырыс өткізеді, онда іс-шаралар жоспарына сәйкес мәселелер қарастырылады.
Аудан аумағында тіркелгендері мен жұмыс істейтіндері: «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Урицкий аудандық ардагерлер ұйымы» филиалы, «Сарыкөл аудандық «Елім-ай - 2007» кәсіпкерлер одағы, «Жастардың «Барвинок» тәрбие орталығы», «Веселый Подол» қоғамдық қоры, Сорочинский а/о –ның «Рауан» жастардың қоғамдық бірлестігі.
ҮЕҰ қызметінің саласы ардагерлерді қолдауға, жастар мен кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс- шараларды қарастырады.
Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес секторлармен өзара әрекет етуінің негізгі механизмі жастар мен кәсіпкерлердің бастамаларын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Сондай-ақ белсенді әрекет етушілер: әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия - 2011 жылы 3 000-нан астам халықты қатыстырып 20 іс-шара өткізді; А.С.Пазников басқаратын жергілікті соғыс ардагерлерінің аудандық Кеңесі – 2011 жылы 7 000-нан 8 000-ға дейін адам қатыстырылған 50 іс-шара өткізді;
Бастамашыл топтар:
- 1986 жылы «Робинзонада» шатырлы лагерінің тәрбиелік бағдарламасын әзірлеген Л.А.Виноградованың жетекшілік ететін тобы.
Жұмыс тәжірибесі жобаның іскерлігін және әлеуметтік маңызын көрсетті. Өткен жылдың жаз маусымында лагерьде 150 бала демалды.
- нашақорлық, араққорлық және темекі шегудің алдын-алу жөнінде көптеген іс-шаралар өткізген және 4 айдың ішінде Сарыкөл кентінің 5 ауыл шаруашылық округтарында, 6 мекемесінде және ауданның 5 орта мектебінде насихат жұмысын жүргізген аудандық орталық больницаның жас медбикелер тобы.
Қосымша білім орталығы болып табылатындар: ЖБСМ (5 филиалы), өнер мектебі (филиалы Барвинский а/о). Аула клубтары тіркелмеген.
Үкіметтік емес ұйымдар көшбасшылары жыл сайын облыстық Азаматтық Форум, жастар Форумы жұмыстарына, облыстық ҮЕҰ өткізетін семинарлар мен жобаларға қатысады. Қайырымдылық және басқа да акцияларға, қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді түрде қатысады.
Жыл сайын «Сарыкөл аудандық «Елім-ай-2007» кәсіпкерлер Одағы» қаржы полициясы органдарымен, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-мен бірігіп, әкімдіктің басшы буынының қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес заңдарын түсіндіру жөнінде сұрақ-жауап форматында кіші және орта бизнес өкілдерімен ашық кездесулер өткізеді. Кредиттеу, кәсіпкерлер құқығын қорғау, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» кәсіпкерлік бөлімі өткізген семинарлар мен кеңестерге, жәрмеңкелер мен өндірілген тауарлардың көрмелерін ұйымдастыылатын мемлекеттік және ұлттық мейрамдарды өткізуге белсенді түрде атсалысады. 2010-2011 жылдары кәсіпкерлер білім мекемелерінің жөндеу жұмыстары үшін 79 млн. теңге сомаға қайырымдылық көмегін көрсетті, «Қамқорлық», «Мектепке жол», «Басқа балалар болмайды – олардың бәрі де біздікі!» т.б. акцияларға қатысады.
2010 жылдың мамырында Сарыкөл ауданының прокуратурасы мен кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кәсіпкерлер Одағының өзара әрекеті туралы Меморандум жасалды.
Сарыкөл ауданы әкімдігінің жанында құрамына кәсіпкерлер Одағы кіретін кәсіпкерлік мәселелер жөнінде сараптау кеңесі жұмыс істейді. 2011 жылы сараптау кеңесі жеке кәсіпкерліктің мүддесін қозғаушы 8 нормативті құқықтық актілер қабылдады.
2010 жылы ішкі саясат Басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша «Шығыс өңірінің ҮЕҰ ауылдық ресурстық орталығы» әлеуметтік маңызды жобасы шеңберінде «Жастардың денсаулық орталығы» ОФ аудан селоларында қауымдастық мұқтаждығының бағасын өткізді. Осы орталық өз жұмысын ауданда 2010 жылы бастады және ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде атсалысатын көшбасшылар топтарын құруға практикалық көмек көрсетті. ҮЕҰ әділетте тіркелу мәселелері жөнінде ақпараттық, консультациялық көмек көрсетті. 2011 жылғы сәуірде шығыс өңіріндегі ҮЕҰ Ресурстық орталығы (жетекшісі Т.Ю.Дериглазова) ауданда «Шығыс өңірінің ҮЕҰ ауылдық ресурстық орталығы қызметін ұйымдастыру» жобасының тұсаукесері бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.
Аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімімен бірігіп, 2010-2011 жылдарға арналған «Селодағы азаматтық бастама», «ҮЕҰ тіркеу және қызметінің құқықтық негіздері», «Қаржыны табу», «Адам ресурстарын басқару», «ҮЕҰ қаржылық басқару», «ҮЕҰ-ғы тиімді менеджмент», «Қайта құрылған ҮЕҰ стратегиялық жоспарлау» тақырыптарына семинарлар өткізілді. «Шешімдер қабылдаудағы азаматтық қатысу» атты дөңгелек үстел өткізілді. Сөйтіп, ҮЕҰ тіркеу және олардың жұмысы үшін шарттар құрылды.
Ішкі саясат бөлімі қоғамдық бірлестіктер көшбасшыларына арнап «Азаматтық қоғамды дамытудағы ҮЕҰ ролі», «Селолық ҮЕҰ дамыту проблемалары», «Жоспарлау – ҮЕҰ сәтті дамытудың бастауы», мемлекеттік қызметкерлер мен ауылдық округтер әкімдері үшін «ҮЕҰ-мен өзара әрекет механизмін дамыту» атты семинарлар өткізді.
Сарыкөл ауданы бойынша салық басқармасымен бірігіп үкіметтік емес сектордың қаржылық есептілігі жөнінде семинар өткізілді.
2011 жылы «гендерлік теңдікке жетуде және отбасылық қатынастарды нығайтуда мемлекеттің, ҮЕҰ-ның, БАҚ-тың ролі», «Жастар – болашақтың басты әрекет етуші тұлғасы», «Жан мен рух үйлесімдігі» атты дөңгелек үстелдер өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Табыс - өз қолыңда» атты аудандық Форумда «Жас Отан», «Жас Ұлан», «РИТМ», бастамашыл топтар көшбасшылары жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аталып өткен жылы ауданның үкіметтік емес секторы мемлекеттік мекемелермен бірігіп бірқатар іс-шаралар өткізді және әлеуметтік жобаларды іске асырды. Жастардың «Барвинок» тәрбие орталығы «Селоның өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» атты республикалық акция шеңберінде «Менің кішкене Отаным» жобасын әзірлеп, іске асырды. ҮЕҰ көшбасшылары «Аманжол-акро» ЖШС басшысына өтініш айтып, соның нәтижесінде 2010 жылдан бастап Барвинов селосында хоккей алаңы (корт) жұмыс істейді. Балалар өздерінің аспапатық ансамбілін құрды.
«Веселый подол» қоғамдық қоры В-Подол кентінде туып-өскен Кеңестер Одағының Батыры Василий Семенович Грушконы мәңгі есте сақтау жөнінде «Батырдың еліндегі аты» атты жоба әзірледі. «Исток» іздеу тобы құрылып, жиналған қаржыға Тараз қаласына сапар ұйымдастырылып, В.Грушконың туыстарымен кездесті.
2011 жылдың 7 мамырында «Акгеик» ЖШС директорының, «Сарыкөл аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, В-Подол с/о әкімдігінің комегімен Подол орта мектебінің ғимаратында мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Жақында ғана Әділет Басқармасына тіркелген Сорочинский селолық округының «Рауан» жас қоғамдық бірлестігі бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта қоғамдық бірлестіктің бастамашыл тобы «Көмек қолы» атты жасөспірімдердің өз-өздеріне қол жұмсауының (суицидтің) алдын-алу және «Солнышко» спорттық-ойын кешенінің құрылысы бойынша 2 жобаны «Сарыкөл аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің қарауына берді.
Жыл сайын ардагерлер Кеңесімен бірігіп «Ауғанстаннан әскерлерді алып кету күні» өткізіледі, 2011 жылы Ауғанстанда қайтыс болғандарды еске алуға арналған аудан мекемелерінің командалары арасында волейболдан турнир өткізілді.
Барлық қоғамдық-саяси іс-шараларға, оның ішінде Қостанай облысының ҮЕҰ өткізген іс-шараларына азаматтық қоғам институты белсенді түрде қатысады.
Ауданда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру үшін көптеген жылдар бойы қаржы бөлінбеді. 2011 жылға 200 мың теңге бөлінді. Жасөспірімдердің өз-өздеріне қол жұмсауының (суицидтің) алдын-алу және Сарыкөл ауданының интернационал әскерлері туралы кітап шығару сияқты екі жобаның әрқайсысын 100 мың теңгеден қаржыландыру ұйғарылып отыр.
Сарыкөл ауданының ҮЕҰ жұмысын талдай келе, жалпы өңірдің үкіметтік емес секторы қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық өмірге белсенді араласатынын көрсетті. 2011 жылы барлығы ҮЕҰ өткізген іс-шаралар аудан халқының 80 %-н қамтыды.
Сонымен қатар, ауданның өкілетті және атқарушы органдарының қызметі ҮЕҰ мүддесіне көп көңіл бөлуді талап етеді.
Жергілікті бюджеттен әлеуметтік маңызды жобаларға қаржы бөлу механизмі қиыншылық тудырады. Облыс деңгейінде сұралған қаржыландыру бойынша Сарыкөл ауданы ҮЕҰ дамытуға басқа өңірлерге қарағанда аз қаржы бөлді.
2011 жылы жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген жоқ.
Көптеген қоғамдық бірлестіктер өз міндеттерін жүзеге асыруда қиыншылық көріп келеді. Оның себептері – қоғамдық бірлестіктер басшыларының жобаларды іске асыруда және грантқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуде тәжірибелерінің жоқтығы, облыстық ірі ҮЕҰ өзара байланыстың аздығы, республикалық және халықаралық конкурстар туралы хабарсыз болуы. Мемлекеттік органдармен, тікелей аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен, ауданның әлеуметтік қорғау, білім және басқа да құрылымдарымен өзара әрекет ете отырып, бұл жетіспеушіліктің орнын толтыру қажет.
Облыстық мәслихаттың гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ және жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімінің орынбасары С.М.Дутпаевтың Сарыкөл ауданындағы үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік мекемелер серіктестігі механизмі және ҮЕҰ жұмысы туралы есебі еске алынсын (қоса ұсынылады).
2. Аудандық мәслихатқа, әкімдікке ұсынылсын:
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға жергілікті бюджеттен қаржыландыруды көбейту қарастырылсын;
- аудан халқының үкіметтік емес секторы саласындағы азаматтық белсенділігін мадақтау, оның ҮЕҰ қызметіне қатысты мемлекеттік саясатын іске асыру туралы хабардарлығы деңгейін көтеру.
3. Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «ҮЕҰ және селолық ресурстық орталық қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын іске асыру жөнінде жұмысты жаслғастырсын.
4. Аудандық әкімідіктің ішкі саясат бөлімі:
- СӨС саласында (АОА) азаматтардың ҮЕҰ құрудағы бастамасына қолдау көрсетсін, олармен біріккен іс-шаралар өткізсін, ауданның басқа да ауылдық округтерінде осындай бастамашыл топтардың құрылуына жәрдем көрсетілсін;
- «Робинзонада» лагерінің ұйымдастырылуы жөнінде жұмыс тәжірибесі еске алынсын; балаларға арналған шатырлы лагерьдің тәрбие бағдарламасы туралы хат облыстың қалалық, аудандық мәслихаттарына таратылсын;
- «Жастардың «Барвинок» тәрбие орталығы ҚБ-нің жұмыс тәжірибесі еске алынып, ауданның басқа да ауылдық округтерінде осындай орталықтар құрылуына жәрдем көрсетілсін.
5. «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ Сарыкөл ауданындағы белсенді әйелдерді өз ұйымына мүшелікке тарту жұмысын жүргізсін, әйелдердің саяси және экономикалық ілгері басуы жөніндегі жұмысты оқыту семинарлары мен тренингтер арқылы белсендірсін, осы мақсатта «Сарыкөл аудандық «Елім-ай-2007» кәсіпкерлер Одағы» ҚБ ынтымақтасып жұмыс жүргізсін.
6. Ауданның үкіметтік емес ұйымдары басшылары өз қызметін белсендіру үшін «Грин» азаматтық альянсы» ОФ-на еніп, «ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығы» жобасының мүмкіндігін пайдалансын.
7. Сарыкөл аудандық мәслихаты мен әкімдігі Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын қабылданған шаралар туралы 2013 жылғы 1 ақпанға хабардар етсін.Гендерлік және отбасылық-
демографиялық саясатты
іске асыру, үкіметтік емес
ұйымдармен жұмыс мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссия
төрайымы С.Ғұмырова -
Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы Таран с. 2011 ж. 25 қазан
11-00 аудәкімдіктің мәжіліс залы
Мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру, жастардың
патриоттық және азаматтық қалыптасуы үшін Таран ауданында
жағдай туғызу туралы.
Істің жағдайын зерделей және Таран ауданы әкімінің орынбасары Т.Т. Мұсабаевтың есебін тыңдай келіп, тұрақты комиссия аудандық мәслихат пен ауданның атқарушы органдарының жастармен белгілі бір жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтеді.
Таран ауданының аумағында 29 жасқа дейінгі 7179жас адам тұрып жатыр, яғни халықтың жалпы санының (28070 адам) 25,5%-ын құрайды. Жыныстық құрамы бойынша: ерлер - 3526 (12,5%), әйелдер – 3653 (13,0%). 14-тен бастап 18 жасқа дейінгі оқып жүрген жастар – 1985 адам (7,3%), 19-дан 29 жасқа дейінгі – 5194 адам (19,0%).
Жастар саясатын жергілікті бюджеттен қаржыландыру 2009 жылы 1180 мың теңгені құрады, 2010 жылы – 1275 мың теңге, 2011 жылы – 1600 мың теңге.
Жастар істері жөніндегі кеңеске аудан әкімінің орынбасары жетекшілік жасайды. Кеңеске барлығы 13 адам кіреді: мүдделі мемлекеттік мекемелердің, ауданның үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаты, бастамашыл жастар.
2010-2011 жылдары күн тәртібіне мынадай мәселелер шығарылды: Таран ауданында жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жастар арасында іс-шараларға дайындық және өткізу туралы; жастар саясатын іске асыру саласындағы әлеуметтік-маңызды жобалардың негізгі бағыттары туралы; жастардың жазғы кезеңдегі жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы; аудан жастарының арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы; жастар арасындағы нашақорлықтың, шылым шегушіліктің және маскүнемдіктің алдын алу жөніндегі жұмыс туралы. Кеңестің отырыстарында сол сияқты «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасы, «Дипломмен – ауылға!» сияқты республикалық маңызы бар бағдарламалар мен жобалардың барысы туралы мәселелер қаралды.
Ағымдағы жылы «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ-ге 14-тен 29 жасқа дейінгі 218 адам жұмыс іздеп жүгінді. Олардың 150-і жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға және елді мекендерді абаттандыруға 299 жұмыссыз қатысты, олардың ішінде 66 адам – 29 жасқа дейінгі жастар.
Жұмыссыз ретінде есепте 29 жасқа дейінгі 66 адам тұр. Олардың 43-і жұмысшы мамандығын алу үшін жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша оқытуға жіберілді.
2011 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» жобасы шеңберінде «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асырудың түрі өзгерді. Бұл бағыттағы жұмыс шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа жүйелік деңгейіне жетуге ықпал жасауға және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту жөніндегі міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай қызметтің қорытындылары бойынша ауданның 7 кәсіпорнымен шарттар жасасылды, оған 12 адам (6 қыз, 5 жасөспірім) жіберілді.
Жаңадан келген жастарға қаржылай қолдау жасалады. 2009 жылы 55 адам 4 млн. 986 600 теңге сомасының көтерме жәрдемақысын алды. 2010 жылы бұл мақсатқа 16 адамға 1 582 560 теңге жіберілді. 2011 жылы аудан бюджетінде 23 адамның көтерме жәрдемақысына 2 млн. 473 мың теңге бөлу қарастырылды. Бұл қаражат жеткіліксіз болып қалды, өйткені 39 маман келді, соған байланысты бұл мақсатқа қосымша қаражат сұралатын болады.
2010 жылы жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға 16 кредит ұсынылған болатын. 2011 жылы бұл мақсатқа 22 млн. 255 мың теңге жоспарланды. Қазіргі уақытта сегіз маманға 13 млн. 750 мың теңге төленді. Барлығы он алты жас маманға кредиттер бойынша және ведомстволық пәтерлер бөлінді. Қазіргі уақытта кредиттер ұсыну жөніндегі комиссияның жұмысы одан әрі жалғастырылуда.
«Әкімнің гранттары мен стипендиясы» жобасының мақсаты – педагогикалық және медициналық жоғары кәсіби білім алу үшін аз қамтылған отбасыларынан шыққан жастарға әлеуметтік көмек көрсету. Қазіргі уақытта облыс әкімінің гранты бойынша 6 студент оқытылуда: олардың ішінде медициналық мамандықтары бойынша - 3, педагогикалық бойынша - 3. Аудан әкімінің гранты бойынша 8 адам оқытылуда: медициналық мамандықтар бойынша – 1, педагогикалық бойынша - 7. 2010 жылдан бастап ауданға облыс және аудан әкімінің гранттары бойынша білім алған түлектер келе бастады. 2010 жылы 6 адам оқуын бітірді, 2011 жылы – 3 адам.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың және мүдделі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырыла отырып көтерме жәрдемақы беру, кредиттеу, жұмысқа орналастыру және мемлекеттің жас мамандарға ұсынатын басқа да жеңілдіктері мәселелері жөнінен түсінік жұмыстары жүргізіледі.
Аудан жастарының арасында кәсіптік бағдарлау жұмысына кәсіптік лицей (Тобыл №12 КЛ) белсене қатысады. 2010 жылы мұнда 151 адам оқыды, 2011 жылы 149 адам оқытылуда.
Ауданда мектептердің түлектерінің жұмысқа орналасуына мұқият бақылау жүргізіледі.Таран ауданында 9 және 11-сыныптары түлектерінің саны 2011 жылы 565 адамды құрады, олардың ішінде ЖОО-ға - 65, колледждерге - 205, КМ-ға – 91 адам түсті, 10-шы сыныпқа оқуға көшкендері – 150 адам, 34 адам жұмысқа орналастырылды. Жастардың арасынан білім алу мақсатымен Ресейге ТТО-ға кеткені 2010 жылы 30 адам, 2011 жылы – 20 адам.
«Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» жастар қанаты, бастамашыл жастар топтары белсенді жұмыс істеуде. Бүгінгі күні «Жас Отан» мүшелерінің жалпы саны 115 адамды құрайды.
Жастар саясатын іске асыруға «Таран ауданын дамыту» қоғамдық қоры, Аудандық ардагерлер кеңесі, Таран ауданының мүгедектер қоғамы, ««Үміт» Таран ауданы кәсіпкерлерінің одағы» үкіметтік емес ұйымдары үлкен көмек көрсетуде. Азаматтық белсенділікке тәрбиелеу мақсатымен бірлескен әртүрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар өткізіледі. 2004 жылдан бастап 2010 жылды қоса алғанға дейін ауданның ҮЕҰ-ы 8 әлеуметтік жобаны іске асырды.
2010 жылы «Таран ауданының мүгедектер қоғамы» ҚБ «Жергілікті проблемаларды шешу жөнінен ауылдық бастамашыл топтарды дамыту» жобасын іске асырды, оның дені жастарға бағдарланған болатын. Мүмкіндіктері шектеулі жас адамдар назардан тыс қалмайды.
Ауданда кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істейді, ол әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлесіп қолайсыз отбасыларымен жұмыс жүргізеді. Оқу жылы қарсаңында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қатысуымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді, 223 оқушыға 2 млн. 650 мың теңге сомасына көмек көрсетілді.
Жазғы кезеңде мектеп жанындағы 33 балалаар алаңдарының жұмысы ұйымдастырылды. Демалыспен және сауықтырумен барлығы 3178 бала қамтылды. Әлеуметтік қорғалмаған балалар үшін «Сосновый бор» лагеріне 150 жолдама бөлінді. Білім беру саласы қызметкерлерінің 12 баласы «Орленок» және «Чайка» балалар – сауықтыру кешендерінде демалды. Жыл сайын неғұрлым белсенді жастар «Ровесник» педагогикалық жасағы өткізетін көшбасшылар курстарына жіберіледі. 2010-2011 жылдары ішінде мұндай курстарға 13 адам барды.
Қазіргі уақытта ауданның барлық мектептерінде спорт секциялары жұмыс істейді. Олардың барлық саны – 113, бұларда 1555 оқушы айналысады.
Ауданда нашақорлықтың, шылым шегушіліктің, маскүнемдіктің алдын алу жөнінен нысаналы жұмыс жүргізілуде.
Жастардың демалыс уақыттарын мәдениет мекемесі тұрақты негізде ұйымдастырады: 36 кітапхана, 22 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, оларда 76 клубтық құрылымдар бар, барлығы 817 адам тартылған. Барлық үйірмелер тегін негізде жұмыс істейді.
Дене шынықтырумен және спортпен айналысу, демалысты белсенді өткізу үшін ауданда 3 спорт кешені, 28 спорт залы бар, 47 спорт алаңшасы, 28 алаң, 15 жанамалап салынған спорт залы, 1 спорт тирі, 4 спорт ядросы жұмыс істейді. Аудандық деңгейде спорт жарыстарын өткізу үшін 2011 жылы аудандық бюджеттен 1 млн. 438 мың теңге бөлінді. Ауданның құрама командалары мүшелерін спорттың әр түрлері бойынша облыстық спорт жарыстарына дайындау және қатысуына арналып 2011 жылы аудандық бюджеттен 2 млн. 853 мың теңге бөлінді.
«Маяк» газетінде ауданда жастар саясатын іске асыру жөніндегі материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрады. Ай сайын «Ассорти» деп аталатын жастар беті шығады. Облыстық ОТРК теледидарымен, Лисаковтың «Акцент» теледидарымен ынтымақтастық орнатылған.
Ауданда жастар саясатын одан әрі іске асыру мына бағыттар бойынша кезең-кезеңімен жасалатын әрекеттерді болжамдайды:
-жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуы;
- еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай туғызу;
- жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- саламатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арсында бұқаралық спортты дамыту;
- жас таланттарды дамыту және қолдау;
- азаматылықты және патриотизмді дамыту.
Таран ауданында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдау, өңір жастарының, тұтастай алғанда, қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық өмірге белсене араласатындықтарын көрсетті.
Сонымен қатар ауданның өкілді және атқарушы органдарының қызметі жастардың мүдделеріне баса назар аударуды қажет етеді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша іске асырудағы кемістіктер облыстың барлық аудандарында да бар. Қиындықтар кәсіпорындарды іздеуде туындады, өйткені ауданның барлық кәсіпорындары дерлік қызметін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларына арналған экономиканың басымдықты секторларының тізбесіне енбеген дәнді дақылдар өсіру саласында жүзеге асырады. Енгізілген өзгерістер түлектерді жастар практикасына жіберу үдерісін қиындатып жіберді, егер өткен жылдармен салыстырсақ, онда 2009 жылы 35 кәсіпорынмен шарт жасасылып, 74 түлек жіберілсе, 2010 жылы 30 кәсіпорынмен шарт жасасылып, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 64 түлек жіберілген болатын.
Қазіргі уақытта аудан аумағында тіркелген жастардың қоғамдық бірлестіктері жоқ. 2011 жылдан бастап «Таран ауданының мүгедектер қоғамы» ҚБ аудан аумағында жастар саясатын іске асыруға тікелей көмек көрсетуде.
Таран ауданында ресми тіркелген аула клубтары да жоқ, бірақ ауданның әрбір елді мекенінде футбол, хоккей аула командалары бар, олар аудандық жарыстарға белсене қатысады.
Облыстық мәслихаттың гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Таран ауданы әкімінің орынбасары Т.Т. Мұсабаевтың жастармен жұмыс туралы есебі назарға алынсын (қоса беріліп отыр).
Таран аудандық мәслихаты мен әкімдігінің ауданда жастар қозғалысын дамыту жөніндегі жұмысы атап өтілсін.
-
Аудандық мәслихатқа:
-
«Жастар мәслихаты» және «Депутаттың жас көмекшісі» жобаларын практикаға енгізу; аудан жастарының молынан қамтылуы ескеріле отырып, қызметінің жаңа нысандарын дамыту;
-
жастарды жергілікті деңгейде шешім қабылдауға қатыстыру мақсатымен жастардың мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына оның сессияларына қатысуын практикада қолдану;
-
жастар мәслихаты депутаттарының жастар проблемаларын қозғайтын ауданның жоспарлары мен бағдарламаларын алдын ала талқылауын практикаға енгізу ұсынылсын.
-
Аудандық әкімдік пен аудан әкіміне:
-
әкімдіктің ақпараттық сайтында балалармен және жастармен жұмысты жарыққа шығаратын айдар ашу ұсынылсын.
-
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының кемістіктерін ескеру ұсынылсын.
-
Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастарды электоральдық мәдениетке оқыту жөнінен «Жас саясаткер мектебін» құруды қарастыру ұсынылсын.
-
Аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімі жастар саясаты саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерді құру жөніндегі жұмысты жандандырсын:
-
2012 жылдың жоспарларында лоттар тақырыптары жастардың ҮЕҰ-ын және жастар мәслихатын құруға ықпал жасайтын әлеуметтік-маңызды жобалар қарстырылсын;
-
жастардың бастамашыл топтарын олар қатысуы мүмкін облыстық және республикалық, халықаралық жобалар туралы хабардар етсін.
-
Аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес 2010 жылдың жоспарларында барлық жастар ұйымдарын біріктіретін бірлескен іс-шараларды қарастырсын:
-
«Келешек» облыстық жұмысшы жастар кәсіподағымен ынтымақтассын.
-
«ЖасОтан» ЖҚ-ға жастар мәслихатының көшбасшыларын өз ұйымының жұмысына тарту; «ЖасОтан» ЖҚ-ның облыстық және республикалық іс-шараларына қатысу, ЖҚ көшбасшыларының облыстық мектебіне тұрақты түрде барып тұру ұсынылсын;
-
жұмысты жандандыру үшін аудандық әкімдіктің веб-сайтында «Жас Отан» ЖҚ айдарын ашсын;
-
әлеуметтік желілерде интернет-қауымдастық құру туралы жаңашыл идеяларымен облыстың аудандары мен қалаларына интернет-таратуды шығару ұсынылсын.
-
Жастармен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерге «Қостанай облысының балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қауымдастығы» ҚБ-ға мүшелікке өтуді қарастыру ұсынылсын. Тек аудандық қана емес, сондай-ақ облыстық, республикалық деңгейдегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу ұсынылсын.
-
Майс. ОМ «Мұрагердің» жастар арасында патриотизмді насихаттаудағы жұмыс тәжірибесі атап көрсетілсін.
-
Таранов аудандық мәслихаты мен аудан әкімдігі Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын қабылданған шаралар туралы 2012 жылдың 1 қазанына текті хабардар етсін.
- Облыстық мәслихаттың гендерлік
және отбасылық-демографиялық
саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және
жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі
- тұрақты комиссиясының төрайымы С.А. Гумирова
-
-
Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының №193 Қаулысы Қарасу с. 2011 ж. 27 мамыр
Азаматтық қоғам институты
ретінде үкіметтік емес ұйымдарды
дамытудың Қарасу ауданындағы
жағдайы туралы
Істің жағдайын зерделей және Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Б. Уәлиевтің есебін тыңдай келе, тұрақты комиссия аудандық мәслихат пен ауданның атқарушы органдары тұтастай алғанда азаматтық қоғамды және нақтырақ айтқанда үкіметтік емес секторды қалыптастыру жөнінен нысаналы жұмыс жүргізіп келе жатқандықтарын атап өтеді.
Қостанай облысында 600-ден астам ҮЕҰ тіркелген. Инфрақұрылымының дамуы жөнінен Қарасу ауданы орташа деңгейде саналады, бұл Қостанай облысының ауылдық өңірлерінің көпшілігіне тән жағдай. Қарасу ауданында 6 үкіметтік емес ұйым тіркелген, 4-уі – белсене жұмыс істейтіндер: «Полюс» балалар орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Аудандық Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Қостанай облысының Қарасу ауданындағы Жалғысқан ауылын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі кеңес» қоғамдық бірлестігі, «Қарасу аудандықпауэрлифтинг және бодибилдинг федерациясы» қоғамдық бірлестігі.
Белсенді ҮЕҰ-лардың бірі «Полюс» балалар орталығы» ҚБ болып табылады; төрағасы – Х.В. Ғабдулин немістердің скауттар Одағының Имменхаузен Федеральдық оқу орталығында скауттар бірлігі ұлттық деңгейіндегі басшыларға арналған оқыту курсынан өткен.
Ключевой с. базасында республикалық жазғы скауттық лагерьлері өткізіліп тұрады, оларда жастарды патриоттық тәрбиелеу, саламатты өмір салты дағдыларына үйрету, жорықтар мен экскурсияларды ұйымдастыру және өткізу мәселелерімен айналысады.
2009 жылы «Полюс» балалар орталығы» ҚБ Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жер-жерде жергілікті проблемаларды шешу үшін азаматтардың бастамашыл топтарын құруға, азаматтардың хабардарлығын арттыруға, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жаңа ауылдық ҮЕҰ-лар құруға бағытталған «Ауылдағы жергілікті бастама» әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асырды. Жобаның шеңберінде «Қауымдастықтың мұқтаждықтарын бағалау» социологиялық зерттеулері, ҮЕҰ-ның, бизнес-секторының және мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі семинар-тренингтері өткізілді.
«Жан Ана» - «Бөтеннің балалары болмайды, олардың барлығы өзіміздікі» акциясының аясында «Қарасу ауданының шағын кәсіпкерлігі субъектілері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің және аудандық білім бөлімінің қолдауымен «Полюс» балалар орталығы» қоғамдық бірлестігі базасында мінез-құлқы ауытқымалы 43 оқушыға арналған «Патриот» палаткалы әскери-спорттық лагері ұйымдастырылды. 720 мың теңге көлемінде демеушілік көмегі көрсетілді.
«Соғыс және еңбек ардагерлері аудандық кеңесі» қоғамдық бірлестігі: 1992 жылы құрылған, басшысы – Б.К. Байғабылов. Жұмысының негізгі бағыттары: ардагерлердің құқықтарын қорғау, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу.
Ауданның ардагерлер ұйымы өз қатарларында 3,5 мыңнан астам зейнеткерлерді, соның ішінде ҰОС-тың 21 қатысушысын және 260 тыл ардагерін, 24 ауғандық-жауынгерді, халық шаруашылығының әртүрлі саласының еңбек ардагерлерін біріктіреді.
Тұрмыстық, медициналық, жастармен тәрбие жұмысы жөніндегі комисиялар, сол сияқты «Олар Жеңіспен оралды» облыстық Зерде кітабына материалдар жинау жөніндегі бастамашыл топ құрылған және жұмыс істеуде.
Айына 1-2 рет өткізілетін Төралқа отырыстарында жекелеген ардагерлердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру, «Сосновый бор» шипажайында емделу мен демалуды ұйымдастыру, ардагерлердің жастармен кездесулерін өткізу, мерейтой иелерін құрметтеу, ауданда мерекелік іс-шараларды өткізуге қатысу, соғыс жылдарындағы жұмыс өтілін растау, жәрдемақы алу және тағы басқалары туралы өтініштер жасау мәселелері қаралады.
«Қарасу аудандық пауэрлифтинг және бодибилдинг федерациясы» қоғамдық бірлестігі 2002 жылы құрылған. Жарғыға сәйкес негізгі бағыттары:
- әлеуметтік және мәдени құқықтар мен еркіндіктерін іске асыру және қорғау;
- спортты дамыту;
- адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау;
- мәдени-ағарту және спорттық-сауықтыру жұмысын жүргізу;
- патриоттыққа және ізгілікке тәрбиелеу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту.
Бұл бірлестіктің жаттықтырушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі танымал және атақты-дәрежелі спортшыларды даярлап шығарған. Мәселен, Владимир Голубев – пауэрлифтингтен 2008 жылғы Әлем чемпионы.
Қарасу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөлді әйелдер алады; аудан халқының құрамында олар 51%-ды құрайды.
Аудандық мәслихаттың 13 депутатының 2-уі, селолар мен селолық округтердің 20 әкімінің арасында 8-і - әйелдер, яғни 38%-ды құрайды, ауданда 46 әйел шаруа қожалықтарының жетекшілері болып табылады, әйелдер – жеке кәсіпкерлер – 12, яғни олардың жалпы санының 30%-ын құрайды.
Аудан әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласады. Вавилова Светлана Павловна, мысалы, Люблин селолық округінің маманы, Люблинка с. «Белый платок» әйелдер кеңесінің төрайымы болып табылады. Әйелдер кеңесі жалпы жиналыста ауыл тұрғындарының бастамасы бойынша құрылған. Бұл әйелдердің мүдделерін қорғау, олардың ауылдың экономикалық және мәдени өміріндегі рөлдерін көтеру үшін құрылған ерікті қоғамдық ұйым.
2011 жыл «2006-2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасын» іске асырудың аяқталатын жылы. Бұл жылдары Ішкі саясат басқармасы заңдылық, жариялылық және ашықтық қағидаттарына негізделген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс менеджменті жүйесін қалыптастырды.
Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту мақсатымен және жергілікті деңгейде проблемаларды шешуге қабілетті жоғары кәсіби білікті, құзыретті аумақтық ҮЕҰ-ны дамытудың қажеттілігіне байланысты, басқарма 2010 жылы өзінің жобалық қызметімен облыстың батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерін қамтыған 3 ауылдық Ресурстық орталықтарын құруға бастама көтерді.
Қарасу ауданы «Облыстың шығыс өңірінде ҮЕҰ-ның ауылдық Ресурстық орталығы қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асырған аумақтардың бірі болып табылады, бұл жоба ауылдық өңірлерде үкіметтік емес сектордың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған. Ресурстық орталық ҮЕҰ-ға және бастамашыл топтарға талдамалық, консультациялық, әдістемелік, білім берушілік, ақпараттық және техникалық қолдау көрсетеді, жобалық аумақтардағы бенефициарийлер мен халықтың үкіметтік емес секторға және ҮЕҰ қызметіне қатысты мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы хабардарлық деңгейін көтереді, ауылдың проблемаларын анықтайды, жергілікті қауымдастықтың өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі, жобалық аумақтардағы жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ-ны мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысуға дайындайды.
Жастар ҮЕҰ және бастамаларын дамыту үшін Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша облыстың бірқатар өңірлерінде, соның ішінде Қарасу ауданында Тәуелсіздіктің жетістіктерін жастар арасында насихаттауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар «Жастардың коучинг-орталығын ұйымдастыру» жобасы іске асырылуда. Жастардың коучинг-орталығын ұйымдастыру жастардың ҮЕҰ секторын дамытуға және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, «Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асырудағы үкіметтік емес секторының әлеуетті мүмкіншіліктерін айқындау» тақырыбымен жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша, Қарасу ауданында халықтың 24 %-ы ҮЕҰ қызметінен хабардар емес, сұрау салынғандардың 75 %-ы ҮЕҰ-ға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы білмейді, сұрау салынғандардың 29 %-ы ҮЕҰ-ны құрудың қажеттігі жоқ деп санайды.
Аудандық мәслихат пен әкімдіктің үкіметтік емес секторды одан әрі дамыту жөніндегі жұмысындағы проблемалық мәселе, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру тетігі болып табылады.
Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі өз міндеттерін жүзеге асыруда қиындық көруде. Себептері – мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылдары мен ынтымақтастығы тетіктерінің жетілдірілмегендігі, мемлекеттік қызметшілердің үкіметтік емес сектормен жұмыста тәжірибелерінің жоқтығы, ал қоғамдық бірлестіктер басшыларында – мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың жоқтығы.
Облыстық мәслихаттың гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Әкімнің орынбасары Б.Б. Уәлиевтің Қарасу ауданында үкіметтік емес секторды дамыту жөніндегі жұмыс туралы есебі назарға алынсын (қоса беріліп отыр).
-
«Полюс» балалар орталығы» ҚБ-ның мінез-құлықтары ауытқымалы балаларға арналған «Патриот» лагерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі атап өтілсін; оның қызметінің тәжірибесі туралы жазба облыстың қал(ауд)мәслихаттарына жіберілсін.
-
Аудандық мәслихатқа, әкімдікке аудан халқының үкіметтік емес сектор саласындағы азаматтық белсенділігін көтермелеу, оның ҮЕҰ қызметіне қатысты мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы хабардарлық деңгейін арттыру ұсынылсын.
-
Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына «Жастардың коучинг-орталығы» жобасын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру; «Облыстың шығыс өңірінде ҮЕҰ-ның ауылдық Ресурстық орталығы қызметін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде оның іске асырылу кезеңдеріндегі Сарапшылардың жұмыс тиімділігін күшейту ұсынылсын.
-
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі азаматтардың СӨС саласында (ОАА) ҮЕҰ және №7 кәсіптік-техникалық лицей базасында спорттық-туристтік жастар бірлестігін құру туралы бастамасын қолдасын. «Белый платок» әйелдер кеңесімен бірлескен іс-шаралар әзірлесін, ауданның қалған селолық округтерінде осы сияқты бастамашыл топтарын құруға жәрдемдессін.
-
«Қарасу ауданының шағын кәсіпкерлік субъектілері қауымдастығы» ҚБ жұмыс тәжірибесі атап өтілсін; өз қызметін жандандыру үшін бірлестікке «ГРИН» азаматтық альянсы» ҚҚ-ға кіру ұсынылсын, «ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығы» жобасының мүмкіндіктерін пайдалансын.
-
«Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ-ге Қарасу ауданында өзінің ұйымының филиалын тіркету жөнінен жұмыс жүргізу ұсынылсын.
-
№7 кәсіптік-техникалық лицей оқушыларының ұжымына жастар ҮЕҰ құрулары кезінде «Жас Отан» «Жастардың коучинг-орталығы» корпоративтік қоры жобасының мүмкіндіктерін пайдалану және оқыту семинарларына, слеттерге қатысу, жобалық қызмет жөнінен кәсіби білікті консультациялар алу үшін «Қостанай облысының балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығы» ҚБ мүшелігіне кіру ұсынылсын.
-
Тұрақты комиссияның төрайымы С.А. Гумирова «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ге «Тыл еңбеккері» мәртебесін беру жосығын жеңілдету жөнінен өтінішпен шықсын.
-
Қарасу ауданының мәслихаты мен әкімдігі Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік
және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын қабылданған шаралар туралы 2012 жылдың 1 наурызына текті хабардар етсін.
Гендерлік және отбасылық-
демографиялық саясатты іске
асыру және ҮЕҰ-мен және жастармен
жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрайымы С.Гумирова
-
-
Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының қатысуымен бірлескен отырысының /жария тыңдау/ қаулысы №75 Қостанай қ. 2011 жылғы 23 ақпан
Қостанай облысында Денсаулық
сақтаудың Бірыңғай ұлттық
жүйесін енгізу барысы туралыОблыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі және гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» ХДП фракциясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Г.К. Байжұманованың «Қостанай облысында Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу (ДСБҰЖ) барысы туралы» ақпараты назарға алынсын (қоса беріліп отыр).
2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Қостанай облысының денсаулық сақтау мекемелеріне ДСБҰЖ қағидаттарын енгізу жөніндегі жүйелі жұмысы атап өтілсін.
3. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына (М.К. Жүндібаевқа) ұсынылсын:
- халықтың Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесінің негізгі қағидаттары, басымдықтары және іске асырылу барысы туралы хабардарлығын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту, дәрігерлер мен басқа да медициналық қызметкерлердің міндеттеріне меншіктіктің барлық нысандарындағы ұйымдар мен кәсіпорындарда түсінік жұмыстарын жүргізуді жүктеу;
- ДСБҰЖ жағдайындағы емханалық және стационарлық ұйымдар жұмысының тетігі туралы ақпаратпен халыққа арналған жаднама әзірлеу және оны медициналық ұйымдардың қолжетімді жерлеріне орналастыру;
- шақыруларды жаңа мекенжайға жіберу және №2 емхананың жүктемесін жеңілдету мақсатымен Қостанай қаласының №4 емханасы базасында жедел медициналық көмек қызметінің қосалқы стансасын ашу мүмкіндігін қарастыру;
- медициналық кадрларын бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде қосымша компонентін енгізу бойынша оқыту жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- әртүрлі бейінді медициналық емдеу мекемелерінің коммуналдық қызметтер үшін төлем тарифтерін олардың жұмыс кестесіне байланысты (перзентхана, балалар ауруханасы, емхана) сәйкес келтіру мәселесін пысықтау;
- облыстың меншіктік нысандарына қатыссыз барлық емдеу мекемелерінде медициналық қызметтер үшін төлемнің бірыңғай тарифі проблемасын шешу (ҚР ДСМ 2009 жылғы 24 қарашадағы № 773 бұйрығына сәйкес).
4. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті (Б.С. Молдахметова) жүкті әйелдер мен балаларға, халыққа әлеуметтік-маңызды аурулар бойынша ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын бақылауды күшейтсін.
5. Қостанай облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы (К.К. Курганов) салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары волонтерлық орталығын құру, соның ішінде жастар арасында ДСБҰЖ негізгі қағидаттарын насихаттау мақсатымен, мүмкіндігін қарастырсын.
6. Тұрақты комиссиялар мен «Нұр Отан» ХДП фракциясы отырысының материалдары облыстық мәслихат сайтына орналастырылсын.Облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы
______________ Л. Гальцова
Облыстық мәслихаттың гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы
___________________С. Гумирова
Қостанай облыстық мәслихатының
«Нұр Отан» ХДП фракциясының төрайымы
_________________ Р. Бектұрғанова
-
Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы №66 Әулиекөл к. 2011 жылғы 18 ақпан
Мемлекеттік отбасылық-
демографиялық саясаттың
Әулиекөл ауданында іске
асырылу барысы туралы
Істің жағдайын зерделей және әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Р.С. Нұғманованың есебін тыңдай келіп, тұрақты комиссия аудандық мәслихат пен атқарушы органдардың мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру жөнінен белгілі бір жұмысты жүргізіп жатқандығын атап өтеді.
Әулиекөл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік Стратегиясының, «Ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуына көп көңіл бөледі.
Аудандық мәслихаттың әйел-депутаттарының саны артты. Бұдан бұрынғы шақырылымда небарлығы бір әйел ғана аудандық мәслихаттың депутаты болса, қазіргі депутаттық корпуста үш әйел-депутат белсене жұмыс істеуде: Базуркаева Х.С-А., Войлошникова Л.И және Сухотеплая Г.И.
Мәслихат сессия жұмысына, аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық даму, білім, азаматтардың денсаулығын сақтау, жастар практикасын іске асыру, құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу және т.б. мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысатын үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істейді.
Әйелдердің демократиялық көшбасшылығы облыстық мектебіне қатысушылардың арасында депутаттар Базуркаева Х.С-А., Войлошникова Л.И., «Жас Отан» ЖҚ көшбасшысы Крамарчук А.В. бар.
2010 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысқа талдау жүргізді, 2011 жылға арналған перспективалық жоспар жасады, ҚР 2006-2016 ж.ж. арналған гендерлік теңдік Стратегиясына сәйкес міндеттерді белгіледі.
Ауданның мемлекеттік органдарының Ережелеріне гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері енгізілді.
Ауданда мемлекеттік мекемелердің, ҮЕҰ-ның және жастар ұйымдарының бірлескен жұмысының айтарлықтай тәжірибесі жинақталған. Мәселен, жасы 14-тен 29-ға дейінгі жасөспірімдер мен қыздар қатысқан «Жастар шығармашылығы -2010» аудандық конкурсы дебютке шықты. «Жастар денсаулық орталығы» ҚҚ ұйымдастырған «Нұр Отан» ХДП және «Жас Отан» ЖҚ аудандық өкілдігінің белсене қатысуымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» дөңгелек үстелі өттті. Жастар күнінде «Біз біргеміз» республикалық акциясының шеңберінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске арналған кең көлемді акция өтті.
Ауданда Әулиекөл ауданының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кеңес жұмысы Ережеге және жоспарға сәйкес жүргізіледі, отырыстары тоқсан сайын өткізіледі.
Бірнеше жыл бойына Х.С. Базуркаева жетекшілік жасайтын Әулиекөл ауданының іскер әйелдер бастамашыл тобы белсене жұмыс істеуде. «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ топты «Әулиекөл ауданы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ ретінде тіркетуге ұсыныс жасады. Қазіргі кезде бұл үшін құжаттар жинау жүргізілуде.
2010 жылдың есепті кезеңі ішінде аудан бойынша әйелдерге қарсы зорлық көрсету салдарынан 16 қылмыстық іс тіркелді және іс қозғалды (2009 жылы – 8 қылмыстық іс). Негізінен бұл жеке жақтырмаушылық қарым-қатынас негізінде туындайтын жанжалдар барысында келтірілген ауырлығы әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты. Әйелдерге қатысты 2009-2010 жылдарда жасалған қылмыстардың өсімі 50%-ды құрады. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Әулиекөл ауданының ішкі істер органдары мелекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаса отырып тұрмыстық зорлыққа ұшыраған тұлғалармен, қолайсыз отбасыларымен, АІІБ-де профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жекелей-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру жөнінен ұйымдастыру-алдын алу шаралар кешенін қолға алуда.
Аудандық БАҚ-та «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» ҚР Заңын түсіндіру жөнінен мақала жарияланды.2010 жылғы қазанның 11-нен бастап 24-ін қоса алғанға дейінгі кезеңде аудан аумағында, республиканың өн бойындағы сияқты, «Сіздің қорғануға құқығыңыз» акциясы өткізілді, оның мақсаты – халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысы, тұрмыстық қылмыстың алдын алу, сол сияқты АІІБ қызметкерлері мен халық арасында сенім білдірушілік қатынастар орнату. ҮЕҰ-мен бірлесіп «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» ҚР Заңының 20-бабын түсіндіруімен 1405 жадынама таратылды. АІІБ-нің бақылауында 43 қолайсыз отбасы тұр, оларда кәмелетке толмаған 85 бала тұрып жатыр. Алдын алу жұмысын жүзеге асыру шеңберінде өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеуден жалтарғаны үшін 56 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудан аумағында «Әйелдерге қатысты зорлықсыз 16 күн» кең көлемді акциясы өткізілді. Іс-шара барысында халыққа 1252 буклет пен басқа да ақпараттық материалдар таратылды. ІІБ-ның әйелдерді зорлықтан қорғау жөніндегі жұмысы криминалдық полиция бөлімшесімен, учаскелік инспекторлармен, әйелдер істері жөніндегі комиссиямен өзара іс-қимылға құрылады. Қаңғыбастыққа салынған жас қыздар тұрақты бақылауға алынған, жас қыздардың бұл санатының ата-аналары да бақылауға алынған. Бұл іс-шараның мақсаты бар - әйелдер мен балаларды жезөкшелікке және сексуалдық пайдаланудың әртүрлі нысандарына тартуға жол бермеу.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңының негізінде 2010 жылы мұндай көмек аз қамтылған 94 отбасыға көрсетілді, олардың ішінде 14 отбасы – көпбалалы. 2009 жылдың осы кезеңінде 110 отбасына көмек көрсетілді. Аз қамтылғандардың арасынан 18 отбасы «Мектепке жол» акциясымен қамтылды. «Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес 2010 ж. 1654 отбасы мемлекеттен көмек алды, соның ішінде көпбалалы 160 отбасы және 490 жалғызілікті аналар. 2009 жылдың осы кезеңінде мемжәрдемақы 1672 отбасына тағайындалды және төленді.
Отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізуге әйелдердің жұмыспен қамтылуы ықпал жасайды. 2010 ж. аяғына таман жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 0,5%-ды құрады, бұл 2009 жылғыдан 0,1%-ға артық. 2010 жылы 13жұмыссыз әйел кәсіптік оқыту курстарынан өтті, олардың 11 жұмысқа орналастырылды. 2009 жылы мұндай курстардан47 жұмыссыз әйел өткен болатын, жұмысқа орналастырылғаны – 42. Мектептердің педагог-психологтары жұмыс істемейтін әйелдерге консультативтік көмек көрсетеді. «Әулиекөл» газетінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін әйелдердің қызметін насихаттау жүргізіледі, олардың іскерлік қасиеттері көрсетіледі.
«Кәсіптік лицей №4»ММ-де жастарға гендерлік білім беру, адамгершілік-жыныстық тәрбие жөнінен жұмыс жүргізіледі. Жастар аудиториясымен жұмыс хабардар ету, топтық пікірталастар, рөлдік ойындар, отбасылық қарым-қатынас жағдайларын үлгілендіру, сауалдама жүргізу, әңгімелесу, дәрістер, факультативтер нысанында жүргізіледі.
Отбасы беделін ұйымдастыру мен көтеру, отбасылық тәрбие нысандарын, ата-аналарға арналған құқықтық педагогикалық жалпылама оқыту жүйесін, отбасылық тәрбиенің оңды тәжірибесін жетілдіру, әлеуметтік педагогтарды отбасылармен жұмыс істеуге белсенді тарту жөнінен кешенді шаралар әзірленген. Осы мақсаттарда «Мен және менің әлемім», «Қамқоршы күні» байқаулары, аудандық мәслихаттың әйел депутаттарының қатысуымен «Әйелдер билік басында», АІІБ қызметкерлері шақырыла отырып «Әйелдер зорлыққа қарсы» сынып сағаттары өткізіледі. Іскер әйелдермен, табысты кәсіпкер әйелдермен кездесулер өткізіледі.
«Жастар денсаулық орталығы» ҚҚ СӨС насихаттау жөнінен дәрістер, семинарлар өткізеді, мектеп психологтарының жұмысына көмектеседі. «Отбасы – мектеп» жүйесі тетіктерінің бірі «Отбасылық тәрбие мектептері» қызметін ұйымдастыру болып табылады.
Ауданда мектепалды білім беруді дамыту және тұрақтандыру жөнінен айтарлықтай жұмыс атқарылды. Жұмыс істеп тұрған балалардың мектепке дейінгі 5 мекемелері қатарына 2010 жылы 100 орынға арналған Аманқарағай балалар бақшасы қосылды. Мектепке дейінгі мекемелермен 726 бала қамтылған. 37 мектептің жанында шағын орталықтар құрылған, оларда 810 бала тәрбиеленуде. 2-ден бастап 5 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 94%-ды құрайды.
2010 ж. бала туу аудан бойынша 623 баланы құрады, 2009 жылғы кезеңде – 611. Осы екі жыл ішінде ана өлімі тіркелген жоқ. Балалардың шетінеуі 2010 ж. 11 оқиғаны құрады, 2009 ж. – 13.
«Әулиекөл ОАА» МКК өзгешелікті аурулардың алдын алу іс-шараларына сәйкес жұмыс істейді.
Әулиекөл ауданында 5 ҮЕҰ жұмыс істейді. Олардың ішінде «Жастар денсаулық орталығы» ҚҚ, «Отбасы» балалар бірлестігі» ҚБ, ауылдық медициналық бибілерінің «Милосердие» ҚБ отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау бойынша жұмыс істейді. 2010 жылы «Жастар денсаулық орталығы» ҚҚ қоғамдық қызметін белсенді бастады. Осы аудандық ҮЕҰ-лар ерлер мен әйелдердің репродуктивтік саулығын қорғаумен және нығайтумен айналысады, жастар мен жасөспірімдер үшін денсаулықты нығайту базасында «СӨС үшін» волонтерлық қозғалысы ұйымдастырылды. «Әулиекөл ОАА» МКК демографиялық ахуалды жақсарту және бала тууды көбейту жөнінен қоғамдық тыңдауларды практикаға енгізді, жылына 2 рет ауданнның селолық округтерінде кездесулер ұйымдастырылады.
Жастар саясатын іске асыру шеңберінде ауданда мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен жастар құрылымдарының жұмысында айтарлықтай тәжірибе жинақталған. «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі Алена Крамарчук болып табылады.
Жыл сайын әлеуметтік жастар бастамаларын қолдауға аудандық бюджеттен қаражат бөлінеді; 2011 жылыжастар саясатын іске асыруға 300 мың теңге қарастырылған. Осынша сома өткен жылы да бөлінген және толықтай игерілген болатын.
Мынадай жобалар іске асырылды: «Жастар шығармашылығы – 2010» аудандық байқауы, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» дөңгелек үстелі, «Қазақстанның болашағы үшін» пікірталас сайысы, нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегушіліктің алдын алу жөнінен кең көлемді акция. «Жас Отан» ЖҚ өкілдері «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалымен бірлесіп қоғамдық-саяси, спорттық, мерекелік іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына белсене қатысады. Жыл сайын Жеңіс Күнінде, Қарттар күнінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеу өткізіледі. «Жас Отан» мүшелері елді мекендерді санитарлық тазарту мен абаттандыру жөніндегі айлықтарға, ағаш отырғызуға, денсаулық фестиваліне, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысады. Барлық іс-шаралар «Біз біргеміз» республикалық акциясының аясында өтті.
«Жас Отан» ЖҚ көшбасшысы А.В. Крамарчуктың тікелей қатысуымен құрамында 15 адамы бар полицияға жәрдемдесетін «Сақшы» жасағы құрылды, олар ауданның оқу орындарында құқықтық тәртіпті ұстайды. Ауыл жастарының қатысуымен жыл бойына жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар өткізілді. Мемлекеттік рәміздер Күніне арналған мектеп, кәсіптік лицей оқушылары, жұмыс істейтін жастар, «Жас Отан» ЖҚ көшбасшылары қатысатын «Менің Қазақстаным» кең көлемді акциясы көпшілікке танымал болды. Аудан мектептерінде бұл күні тақырыптық сынып сағаттары, плакаттар мен суреттер конкурстары өткізіледі.
Сонымен қатар Әулиекөл ауданы атқарушы органдарының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы үлкен назарды талап етеді.
ҚР ішкі істер органдары жүргізетін әйелдерге қатысты зорлық проблемаларын зерттеу нәтижелері, зорлықтың ең кең таралған нысандары дене күші, психикалық және сексуалдық болып табылатындығын куаландырады. Әйелдер әрбір оқиға бойынша ресми арызбен полицияға жүгіне бермейді. Әйелдерге қатысты 2009-2010 жылдарда жасалған қылмыстардың өсімі 50%-ды құрады.
ОАА-да жүкті әйелдермен жеке сабақтарға арналған кабинет ашылған, бірақ аналық дағды алу үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасалуы қажет. Серіктестікті туу тенденциясы артып келеді, бірақ ерлер, әдеттегідей, әкелер мектебін елемейді; халық арасында әкенің әлеуметтік-маңызды рөлі туралы насихатты арттыру керек.
Облыстық мәслихаттың гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Р.С. Нұғманованың мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру барысы туралы есебі назарға алынсын (қоса беріліп отыр).
1. Ұсынылсын:
- Әулиекөл ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия:
-
босатылған комиссия хатшысын ұстау мүмкіндігін қарастырсын және оның міндеттеріне гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүктесін;
-
әйелдерді оқыту семинарлары мен тренингтері арқылы саяси және экономикалық қолдау жөніндегі жұмысты жандандырсын;
-
қалалық, аудандық әйелдер істері жөніндегі комиссиялар арасында ерлер мен әйелдердің репродуктивті саулығымен айналысатын ҮЕҰ-ға арналған «Жастар денсаулық орталығы» ҚҚ әдістемелік оқу құралдарын таратсын.
- Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Әулиекөл аудандық әкімдігімен бірлесіп ауданда үкіметтік емес ұйымдарды дамыту және жастар мен әйелдер ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу үлесін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ Әулиекөл ауданында өз ұйымының филиалын құру жөнінен қажетті жұмыс жүргізсін;
- «Жас Отан» ЖҚ өз ұйымының жұмысына жастарды көптеп тартсын; ауданның жастар ҮЕҰ-мен, Жастар істері жөніндегі кеңеспен бірлескен іс-шараларды жоспарласын, «Жас Отан» ЖҚ-ның облыстық және республикалық іс-шараларына қатыссын, ЖҚ көшбасшыларының облыстық мектебіне тұрақты түрде барып тұрсын.
2. «Жас Отан» ЖҚ-ның қызметі жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған полицияға жәрдемдесетін «Сақшы» жасағын құру жөніндегі тәжірибесі атап өтілсін.
3. «Жастар денсаулық орталығы» ҚҚ-ның жұмыс тәжірибесі атап өтілсін, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік саулығын қорғаумен және нығайтумен айналысатын облыстың ҮЕҰ-мен тәжірибе алмасу үшін әдістемелік оқу құралдарын әзірлеу ұсынылсын.
4. Аудандық мәслихатқа ұсынылсын:
-
«Жастар мәслихаты» және «Депутаттың жас көмекшісі» жобаларын практикаға енгізсін; аудан жастарының көптеп тартылуын ескере отырып қызметтің жаңа нысандарын дамытсын;
-
жастарды жергілікті деңгейде шешім қабылдауға қатыстыру мақсатында жастардың мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына және оның сессияларына қатысуын практикаға енгізсін;
-
жастар мәслихаты депутаттарының ауданның жастар проблемаларын қозғайтын жоспарлары мен бағдарламаларын алдын ала талқылауын практикаға енгізсін.
5. Әулиекөл аудандық әкімдігі Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын қолға алынған шаралар туралы2011 жылғы 1 қазанға дейін хабардар етсін.
Гендерлік және отбасылық-
демографиялық саясатты іске асыру,
ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссия төрайымының орынбасары Қ. Жаманбалин
-
-
Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының Қаулысы №360 Қостанай қ. 2010 ж. 8 қыркүйек
Мемлекеттік гендерлік саясаттыңҚостанай қаласында іскеасырылу барысы туралыТұрақты комиссия істің жағдайын зерделей және Қостанай қ. әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевтың есебін тыңдай келіп, қалалық мәслихат пен қаланың атқарушы органдарының ерлер мен әйелдердің Қостанай қ. әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуларына нысаналы тең өкілдікті және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыру жөнінен белгілі бір жұмыстың жүргізіліп жатқандығын атап өтеді.
Қазіргі уақытта әйелдердің шешім қабылдау деңгейіне ұсынылуының жалпы сипаты мынадай: мәслихатта – 5 әйел немесе депутаттардың жалпы санының 26 %, Қостанай қ. тіркелген 300 мемлекеттік органның 108-ін әйелдер басқарады - 36%. Әкімдіктің әрбір бөлімінде гендерлік саясаттың іске асырылуына жауапты адам бекітілген.
2006 жылдан бастап Қостанай қ. әкімінің жанында консультативтік-кеңесші орган болып табылатын әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Оның жұмысының негізгі нысандары қайырымдылық акциялары, конкурстар, дөңгелек үстелдер болып табылады, ҮЕҰ-мен, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
Комиссия гендерлік теңдік мәселелеріне айрықша назар аударады. Жыл сайын 8 наурыз қарсаңында қала әкімі кәсіптік және қоғамдық қызмет саласында жетістіктері бар, табысты әйелдерге арналған мерекелік қабылдау өткізеді. Әйелдер ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады. Комиссияның қолдауымен өткізілетін «Қостанай аруы» конкурсы, Қарттар күні мен Мүгедектер күніне орай өткізілетін «Жақыныңа көмектес» акциясы танымал бола бастады.
Президенттің Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының бір бағыты халықтың неғұрлым осал жіктерін қорғайтын қазіргі заманғы әлеуметтік саясат болып табылады. Соңғы жылдары қалада әйелдер мен аз қамтылған отбасыларына көмектесудің және әлеуметтік қолдаудың белгілі бір тұрақты жүйесі қалыптасты.
Бұл орайда негізгі қызмет түрі әлеуметтік және материалдық қолдауға мұқтаж әйелдер мен балаларды әлеуметтік бейімдеу және уақытша баспана беру болып табылатын балалар мен әйелдерге арналған қалалық бейімдеу орталығының рөлі зор. Орталықта мектеп жасына дейінгі балаларға арналған күндізгі топ ашылған, бұл олардың аналарын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Психологтың кабинеті жұмыс істейді. Бүгінде Әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығында 120 адам тұрып жатыр, соның ішінде 78 бала.
Табысты бұқаралық жобалардың бірі жыл сайын 15 шілдеден бастап 15 қыркүйекке дейін өткізілетін «Мектепке жол» акциясы болып табылады. Акцияның мақсаты: жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдан келгенше көмек көрсету. 2009 жылы акция қорытындысы бойынша 1491 балаға жалпы сомасы 10 196 036 теңгеге көмек көрсетілді.
Қостанай қ. әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселесінде үкіметтік емес ұйымдармен тығыз іс-қимылды жүзеге асырады. Олардың ішінде неғұрлым белсендісі – «Үміт-Надежда» азаматтарды – тірек-қозғалыс аппараты функциясы бұзылған мүгедектерді қолдау қоғамы. Осы ҮЕҰ-мен бірқатар бірлескен жобалар бекітілді: І Республикалық «Билейтін арбашалар» спорттық балл билері фестивалі, «Біздің өміріміз – қозғалыста» автошеруі, ол биылғы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық жасауына және ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған болатын. Үстіміздегі жылдың сәуірінен бастап комиссияның қолдауымен «Үміт-Надежданың» «Кедергісіз өмір» тең мүмкіндіктер қоғамын құру жөніндегі жаңа жобасы іске асырылуда. Оған қалалық сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары, БАҚ қатысуда. Жоба мақсаты: тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге кедергісіз қозғалыс жағдайын туғызу.
Қалада мүгедектердің қалалық қоғамдық бірлестіктері мүшелерінің ҚБШМ және Спорт сарайы базасында өтетін қазақстандық және ресейлік жұлдыздар концерттеріне, цирк қойылымдарына, мюзиклдар мен басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларына тегін кірулері жөніндегі мәселелер шешілген, мүгедектердің әлеуметтік такси, жеке көмекшілер қызметтерін пайдаланып келе жатқандары бірінші жыл емес.
Әйелдер арасындағы көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатымен комиссия 2009 жыл ішінде «Тәуелсіз бақылаушылар республикалық желісі» ЗТБ бірлесіп әйелдердің әртүрлі санаттары үшін екі мәрте «Қазақстандықтарға ЕҚЫҰ туралы» және «Саяси өкілеттілікті және Қазақстан Республикасы әйелдерінің сайлау үдерісіне қатысуын күшейту» тақырыптары бойынша семинарлар ұйымдастырды, олардың барысында Қостанай қаласының депутат әйелдері, кәсіпкер әйелдері, басшы әйелдері белсенді және енжар сайлау құқықтары бойынша оқытылды.
Қостанайда ана мен баланың денсаулығын қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. Нәтижесінде ана мен бала өлімі төмендеуде.
Ағымдағы жылы қалада халықтың жекелеген жас санаттарын скринингтік тексеру жолымен профилактикалық байқаулар жалғасуда. Әйелдер сүт безі қатерлі ісігін және жатыр мойны қатерлі ісігін анықтауға тексерілуде, қала халқының ерлері мен әйелдерін қан айналымы жүйесі ауруларын анықтауға тексерулер жүргізілуде. 2010 жылы 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық медициналық байқаулар жалғастырылуда.
Қалалық әкімдік пен «Алау» ТРК және «Саламатты Азия» ҚБ-нің сүт безі қатерлі ісігі профилактикасына бағытталған лайдағы волейбол жөніндегі бірлескен жобасының жұмыс істегеніне бір жыл емес. Биылғы жылы «Саламатты Азия» қоғамдық қоры бұл аурудың профилактикасы және ерте анықталуы мақсатымен қала әйелдерін маман-маммологтың профилактикалық қарауын ұйымдастырды және сүт безі УЗИ-ін тегін өту мүмкіндігі берілді.
Комиссия қызметі бағыттарының бірі Қостанай қ. ішкі істер басқармасымен бірлесіп әйелдерге қарсы зорлықтың алдын алу проблемалары бойынша жүргізілетін жұмыс болып табылады. Ағымдағы жылдың мамырында Қостанай қ. әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия № 16 ОМ базасында қалалық дағдарыс орталығымен, білім бөлімімен, Қостанай қ. ІІБ-мен бірлесіп «Әйел және қауіпсіздік» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ішкі істер басқармасы тұрақты түрде ақпараттық-насихаттық және білімдік жұмыс жүргізеді: зорлық пен трафиктің алдын алу проблемалары бойынша лекциялар, әңгімелесулер өткізеді. Ай сайын қолайсыз отбасыларында құқық бұзушылықтарға және зорлық фактілеріне жол бермеу жөнінен жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіледі.
Комиссия отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мәртебесін көтеру жөнінен үлкен жұмыс атқаруда. Қала мектептерінде бірте-бірте оқушыларға гендерлік білім беру жүйесі қалыптаса бастады.
Ұлттық келісімді, халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеуді қалыптастыруға мектептердегі Ұлттық мәдениет орталықтары ықпал жасауда. Мектептерде балаларды Отанға, өз отбасына, Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал жасайтын «аналар», «әкелер», «әжелер» клубтарының қызметі ұйымдастырылған.
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және отбасы мәртебесін көтеру мақсатында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бастамасымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлескен жас отбасылары арасындағы «Отбасы – алтын ұя» қалалық конкурсы өткізіліп тұрады. Халықаралық Отбасы күніне орай «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі «Дефиле-мода» отбасылық конкурсын ұйымдастырды.
Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатымен комиссияның билбордтар, пилондар, баннерлер конкурстарын өткізіп келе жатқаны бірінші жыл емес, олардың жеңімпаздары облыстық және республикалық деңгейлерде жүлделі орындарды иеленуде. Мәселен, 2009 жылы республикалық деңгейде ЖК Нұрмақанов 2-ші орын алды, «Баспа үйі» ЖШС-і көтермелеу сыйлығын иеленді.
Президенттің Қазақстандағы кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау, әйелдерді экономикалық сүйемелдеу жөніндегі бастамаларын қолдау аясында кәсіпкерлік бөлімінің «АСПреДКО» ЗТБ-мен және «Қостанай қаласының шағын кәсіпкерлік одағымен» тығыз іс-қимылы қамтамасыз етілді. Ынтымақтастық нәтижесі «Кәсіпорын қаржысын басқару», «Сауда маркасын құру және қолдау технологиясы», «Персоналды тиімді басқару», «Маркетинг элементтерін пайдалана отырып сауданы қалай көтеруге болады?» және басқа да тақырыптар бойынша кәсіпкерлермен өткізілетін тұрақты семинар-тренингтер болып табылады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп «Бизнес-кеңесші» экспресс-турлары ұйымдастырылды.
Қала аумағында гендерлік саясат саласындағы қызметті Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының облыстық филиалы да жүзеге асырады, олар тұрақты түрде тренингтер, қайырымдылық акцияларын, конкурстар, семинарлар, депутаттармен кездесулер өткізеді. 2009-2010 жылдар ішінде облыстың ҚІӘҚ «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ кубогына «ҚР гендерлік саясат» тақырыбына дебаттық турнирлер ұйымдастырды. Іскер әйелдер қауымдастығы «Нұр Отан» ХДП ҚФ бірлесіп тұрақты түрде «Әйел және саясат» жобасының шеңберінде демократиялық көшбасшылық мектебі дәрістерін өткізеді, оның бағдарламасында – ҚР 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік Стратегиясы мәселелерін зерделеу, әйелдерді жергілікті өкілді органдарға сайлауға қатысуға дайындау бар. 2009 жылдың қыркүйегінде «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ басқармасы отырыстарында ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия қызметінің мәселелері, әйелдерге қатысты зорлық проблемалары қаралды, «Әйел және бизнес» бағдарламасы шеңберінде ықтималды және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін «Бизнес негіздері» циклынан семинар-тренингтер өткізілді. Ағымдағы жылдың маусымында «Біз біргеміз!» әлеуметтік-ақпараттық науқаны барысында бұл қоғамдық бірлестік «Қазіргі заманғы инвестициялық және бизнес құралдары» тақырыбына оқыту семинар-тренингін өткізді.
«Костанай» газетінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік гендерлік саясатты насихаттауға бағытталған материалдар жарияланып тұрады. Тек биылғы жылы ғана 50-ден астам мақала жарияланған. Қостанай қаласында отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған 3 әлеуметтік баннер орналастырылған.
Сонымен қатар Қостанай қ. атқарушы органдарының гендерлік саясатты іске асыру жұмысы үлкен назарды талап етеді. Қостанай қ. ІІБ-де тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдерге психологиялық көмек кабинеті жоқ, халық арасында «Тұрмыстық зорлық профилактикасы туралы» заңды насихаттауға қаражат жоқ, әйелдерді зорлықтан қорғау істері инспекторының жеке (босатылған) ставкасының мәселесі шешілмей келеді.
Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасының жанындағы Дағдарыс орталығы материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды керек етеді, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағымен» серіктестік қарым-қатынас орнатылмаған.
Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығымен ынтымақтастық тиімділігі жеткіліксіз.
«Даму» қоры әйелдер бизнесін шағын кредиттеу саласындағы белсенді қызметіне қарамастан, кәсіпкер-әйелдердің кредиттер алу үдерісін қадағаламайды, бұл салада проблемалық мәселелер мониторингі жоқ.
Қостанайда гендерлік саясатты іске асыруда бұрынғысынша, негізінен, әйелдер проблемаларына назар аударылған.
Облыстық мәслихаттың гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевтың мемлекеттік гендерлік саясатты әске асыру барысы туралы есебі назарға алынсын (қоса беріліп отыр)
2. Қостанай қ. әкіміне ұсынылсын:
· Қостанай қ. әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның босатылған хатшысын ұстау мүмкіндігін қарастырсын;
· барлық мемлекеттік органдардың Ережелеріне гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелерін енгізу жөніндегі мүмкіндіктерді зерделесін және тиісті шаралар қабылдасын;
· әйелдер мен ерлердің теңдестірілген өкілдігі және оларға шешім қабылдау деңгейінде тең мүмкіндіктер жасау негізінде кадр саясатын қалыптастырсын;
· барлық мемлекеттік органдарда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіруге жауаптылар белгіленсін, бұл жұмысты құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне енгізсін;
· ерлерге, әйелдер мен балаларға арналған Дағдарыс орталығын ашу мүмкіндігін қарастырсын;
· өңірлік әлеуметтік бағдарламалар, әлеуметтік серіктестік және ұжымдық шарттар жөнінен келісімдер әзірлеу кезінде гендерлік ыңғайды енгізсін.
3. Қостанай қ. әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға ұсынылсын:
· әйелдер және гендерлік ҮЕҰ ашуға жәрдемдессін;
· әйелдерді саяси және экономикалық қолдау жөніндегі жұмысты жандандырсын, соның ішінде оқыту семинарлары мен тренингтер арқылы.
4. Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына гендерлік және әлеуметтік саясат саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер қызметін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
5. Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ағымдағы жылдың іс-шаралар жоспарына Бейімдеу орталығы әйелдеріне арналған оқыту лекциялары мен тренингтерін қоссын.
6. «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ-ге ҮЕҰ құру және Қостанай облыстық психиатриялық аурухана жанындағы Дағдарыс орталығына арналған халықаралық гранттер әзірлеуге консалтингтік көмек көрсету ұсынылсын.
7. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалына әйелдер көшбасшылығы экономикалық мектебін қолодау үшін «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша ҚІӘҚ-мен серіктестікке кіру ұсынылсын. Әйелдер бизнесін кредиттеу саласында мониторинг жүргізсін.
8. «Қостанай қ. әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығының жұмыс тәжірибесі атап өтілсін. Бұл мәселе бойынша жеке хат дайындасын және оны облыстың барлық қалалары мен аудандарына жіберсін.
9. Қостанай қалалық мәслихаты мен қаланың әкімдігі Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын қабылданған шаралар туралы 2011 жылдың 1 шілдесіне текті хабардар етсін.
10.Осы қаулы Қостанай қ. мәслихатына, әкімдігіне, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссияларына жіберілсін.
Гендерлік және отбасылық-демографиялықсаясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен жәнежастармен жұмыс мәселелері жөніндегітұрақты комиссияның төрайымы С.Гумирова
-
Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы Қарамеңді с. 2010 жылғы 17 маусым
Науырзым ауданындағы үкіметтікемес сектордың жұмысы туралыІстің жағдайын зерделей және Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановтың есебін тыңдай келіп, тұрақты комиссия аудандық мәслихат пен ауданның атқарушы органдарының тұтастай алғанда азаматтық қоғамды және, атап айтқанда, үкіметтік емес секторды қалыптастыру жөнінен нысаналы жұмыс жүргізіп жатқандықтарын атап өтеді.
Қостанай облысында 540-тан астам ҮЕҰ тіркелген. Науырзым ауданында 9 үкіметтік емес бірлестік жұмыс істейді: «Тюльпан» ҚБ, «NaurzumBioNet» ҚЖБ, «Науырзым» ҚЭБ, «Ақ ниет» мүгедек балаларды оңалту орталығы ЖҚБ, «Елім ай» ҚҚ, «Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі» ҚБ, «Ақ тырна» экологиялық орталығы, «Достық» ҚБ, Буревестник селосындағы ҚЭБ.
ҮЕҰ құрылымының дамуы жөнінен Науырзым ауданы орта деңгейде тұр, бұл Қостанай облысы селолық өңірлерінің көпшілігіне тән.
Өз қызметтері бойынша ауданның ҮЕҰ-сын экологиялық, жастар, әлеуметтік және кәсіпкерлік деп бөлуге болады, ауданның үкіметтік емес секторының 55%-ын экологиялық бірлестіктер алады, бұл оның аумағында Науырзым мемлекеттік қорығының орналасуына байланысты.
Осылардың бірі – «Тюлпан» ҚЭБ – «Экотуризмді дамыту және экологиялық білімділікті арттыру жолымен Науырзым қорығының және онымен шектес аумақтардың биоалуандығын сақтау» жобасы бойынша 30 178 АҚШ доллары сомасына грант жеңіп алды. Осыған байланысты ауданда экотуризмді және жастар ҮЕҰ-ны дамыту мақсатымен экологиялық бағыттағы ҮЕҰ-ны дамыту неғұрлым өзектірек болып табылады.
Ауданның балалар мен жастар бірлестіктері жалпы білім беретін мектептер ұйымдарынікі; олар «Мұрагер» облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрамына кіреді.
Мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту проблемалары бойынша «Ақ ниет» жастар бірлестігі белсенді жұмыс істеуде, олар жыл сайын «Синяя птица» фестивалі, мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы аудандық спорт спартакиадасы сияқты іс-шаралар өткізеді.
Іс жүзінде барлық ҮЕҰ қоғамның: соғыс ардагерлері мен мүгедектерін қолдау, мүгедек балаларға көмек көрсету, сирек кездесетін жануарлар мен құстарды сақтау, бақтар мен ескерткіштерді абаттандыру, жастарды экологиялық тәрбиелеу сияқты әлеуметтік маңызды проблемаларды шешу жөнінен мемлекеттік органдармен ынтымақтаса жұмыс істеуде.
Экологиялық қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен өткізілуі дәстүрге айналған «Марш парков», «Чистый родник» акциялары, қорық базасындағы экологиялық лагерь («Тюлпан» қоғамдық бірлестігі және «Стерх» ақ тырна халықаралық фестивалі, Naurzum Bionet, «Ақ ниет») сияқты іс-шаралары неғұрлым маңыздылығын танытты.
«Ақ тырна» ресурстық орталығы ү.ж. сәуірінде Австриядан және Германиядан келген ғалымдар үшін туристік экскурсия ұйымдастырды, күзде Норвегиядан қонақтар келуі жоспарлануда.
«Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жеңіс Күніне дайындық және мерекелеу жөнінен үлкен жұмыс жүргізді: аудан ардагерлерінің естеліктері жинастырылды және «Олар жеңіспен оралды» кітабы басып шығарылды, Қарамеңді селосындағы науырзымдық-жауынгерлер ескерткіші күрделі жөнделді, аудандық Жеңіс Қорына 1 млн. 400 мың теңге жиналды және облыстық Жеңіс Қорына 194 мың теңге аударылды.
Ауыл жастарының форумдары ҮЕҰ мен билік арасындағы диалогтық алаңға айналды; 2007-2008 жылдары жастар саясатын жүргізуге және ҮЕҰ-ны қолдауға аудандық бюджеттен тиісінше 350 және 190 мың теңге бөлінді. 2009 жылы қаржыландыру қарастырылған жоқ, ал биылғы жылы ҮЕҰ-ны қолдауға жергілікті бюджеттен 50 мың теңге және жастар саясатын жүргізуге – 63 мың теңге бөлінді.
Аудан бірлестіктерінің басшылары І және ІV Азаматтық форумдарының делегаттары болды, бұл олар үшін нысаналы топтармен жұмыс істеудің нысандары мен әдістерін меңгерудің, белсенді жұмыс істеп жүрген ҮЕҰ-ның жұмыс тәжірибесін зерделеудің жақсы мектебі болды.
«Науырзым» қоғамдық экологиялық бірлестігі (басшысы экономика ғылымдарының докторы Т.В. Брагина) 2009 жылы облыстық әлеуметтік маңызды жобалар байқауында «Науырзым ауданының сирек кездесетін тамаша табиғи жерлерін сақтау» жобасы бойынша 1 млн. теңге сомасындай грантты жеңіп алды.
Семинарлар мен тренингтерде оқыту барысында қызметтерін жаңадан бастаған ҮЕҰ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қызметтерін жаңадан бастаған ҮЕҰ-ның (әсіресе ауылдық) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға қатысу арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру тәжірибесін иеленуі, ауылдық жерлерде ҮЕҰ-ны құру жөнінен бастамашыл топтарды қалыптастыру мақсатымен облыста Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жастардың Коучинг-орталығы» жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде Науырзым орталығында ауылдағы әлеуметтік бастамаларды дамыту проблемалары бойынша жас адамдарды оқыту өткізілді. Ауданда жобаның қорытындысы бойынша Науырзым ауданында жастар ҮЕҰ-ны құру жөнінен бастамашыл топ құрылды.
Үкіметтік емес бірлестіктердің жұмысы БАҚ-та кеңінен жарыққа шығарылады. Есепті кезең ішінде «Науырзым тынысы» газетінің беттерінде ҮЕҰ қызметі туралы 14 жарияланым орналастырылды.
Аудан әкімінің ақпараттық сайтында «Жастар және ҮЕҰ» айдары ашылды, онда қоғамдық бірлестіктердің қызметі жарыққа шығарылады.
Сонымен қатар аудандық мәслихат пен әкімдіктің үкіметтік емес секторды одан әрі дамыту жөніндегі жұмысы қазіргі таңда тоқырау деңгейінде тұр. Үкіметтік емес ұйымдарды дамытуда жергілікті бюджеттен әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру тетігі әлсіз буын болып табылады. Егер республика және облыс деңгейінде ҮЕҰ-ны қолдау бюджеттік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызды жобалар байқауын өткізу арқылы жүргізілсе, ал жергілікті деңгейде аудандық бюджеттің субвенциялылығынан ҮЕҰ-ны қолдаудың нысаналы бағдарламасы жоқ. Осы себепті үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау бағдарламасы уақытында қабылданған жоқ, ауданда Өңірлік облыстық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекітумен шектелген.
Қызметі шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған ҮЕҰ дамытылмай отыр.
Егер облыстық деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы жыл өткен сайын ұлғайып келе жатса (2005 жылы бұл сома 2 млн. 672 мың теңгені құрады, 2010 жылы – 48 млн. 518 мың теңге), ал аудандық деңгейде мұндай қаражат бөлінбейді.
Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі өз міндеттерін жүзеге асыруда қиыншылық көріп жүр. Себептері – мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тетіктері жетілдірілмеген, мемлекеттік қызметшілерде үкіметтік емес сектормен жұмысты ұйымдастыру, ал қоғамдық бірлестіктер басшыларында – мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөнінен тәжірибенің жоқтығы.
Облыстық мәслихаттың гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімнің орынбасары Х.С. Қуатқановтың Науырзым ауданындғы үкіметтік емес секторды дамыту жөніндегі жұмыс туралы есебі назарға алынсын (қоса беріліп отыр).
2. «Ақ ниет» жастар бірлестігінің мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту жөніндегі жұмыс тәжірибесі атап өтілсін, оның қызметінің тәжірибесі туралы жазба облыстың қалалық(аудандық) мәслихаттарына жіберілсін.
3. Аудандық әкімдік үкіметтік емес секторды қолдау жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жаңартсын, оған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты өткізуге арналған жергілікті бюджеттен қаржылық қаражат салынсын.
4. Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасына «Коучинг-орталықтарды», ауылдық жастар және әйелдер ҮЕҰ-ны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
5. «Ақ тырна» ақпарат-орталығының бірінші ауылдық «Буревестник» ҮЕҰ-ны құру жөніндегі жұмыс тәжірибесі, жобаны жазудағы қолдауы атап өтілсін. Су ресурстарын жақсарту жобасын іске асыру қорытындылары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірленсін, облыстың қалалық(аудандық) мәслихаттарына жіберілсін.
6. «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ-ға Науырзым ауданында өз ұйымының филиалын құру жөнінен жұмыс жүргізу, әйелдерді оқыту семинарлары мен тренингтері арқылы саяси және экономикалық қолдау жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылсын.
7. Науырзым аудандық мәслихаты мен әкімдігі Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, ҮЕҰ-мен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын қабылданған шаралар туралы 2010 жылғы 15 желтоқсанға текті хабарландырсын.
Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру,ҮЕҰ-мен және жастармен жұмысмәселелері жөніндегі тұрақтыкомиссиясының төрайымы С.Гумирова