Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы

2017 жылғы 02 маусымда Қадырғали Қонысбайұлы Жаманбалиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы болды, онда жоспарлы мәселе қаралды: «Қостанай облысы Қамысты ауданында 2012-2016 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша өңірлік бағдарламаны іске асыру барысы туралы».
Тұрақты комиссия отырысы Қамысты ауданының әкімі Жаңабай Жолтайұлы Бисимбаев, әкімнің орынбасары Ғазиз Ғұмарұлы Ахметчин, Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы Сәуле Мұқатқызы Қыстаубайева, Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары Қадырғали Қонысбайұлы Жаманбалин, Еркін Аманжолұлы Әбіл, Есым Салықұлы Давлетов, Манат Кәкімжанұлы Карбозов, Ерболат Серікұлы Коппаев, Нұркелген Әбдрашұлы Өтеулин, Төремұрат Көбекұлы Өтепов және шақырылғандардың қатысуымен өтті.
Мәслихаттың тұрақты комиссия отырысының алдында депутаттар Бағдарлама аясында Қамысты ауданының ІІО, Қамысты ауданының №2 орта мектебінің нысандарын аралады.
Қамысты ауданы әкімнің орынбасары Ғазиз Ғұмарұлы Ахметчин Бағдарлама бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады, сондай-ақ олардың орындалуы бойынша қандай алдын-алу шаралары жүргізілгенін айтып берді. Қамысты ауданының жергілікті атқарушы органдарымен осы Бағдарламаның қолданылу кезеңінде 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін келесі жұмыс атқарылды: медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қамысты ОАА жанындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетімен нашақорлықтың алдын алу бойынша оқушыларды, жастарды тарта отырып, 20 «дөңгелек үстелдер» өткізілді, 30 дәріс оқылды, ұйымдасқан түрде 1420 әңгімелер, жастар арасында 280 сауалнамалар өткізілді, 38 көрмелер ресімделді, 3520 ақпараттық материалдар, соның ішінде 470 плакаттар берілген. Аудандық ауруханада нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша консультациялық қызмет телефоны (тел: 21-9-31) жұмыс істейді.
Қамысты ауданының ІІО бірінші бастығының орынбасары Самрат Айтбайұлы Шалиевтің мәліметтері бойынша бағдарламаны іске асыру кезеңінде ауданның кәмелетке толмағандар мен жастар арасында ауданның мектептерінде дәріс жүргізу арқылы өткізілген есірткі құқық бұзушылықтың және есірткі қылмыстарын жасаудың алдын алуға ерекше назар аударылды. Мысалға, «Жасөспірім және заң», «Жасөспірім және зиянды әдеттер» сияқты негізгі бағыттары есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз айналымының фактілері туралы ішкі істер органдарын ақпараттандыру қажеттілігі туралы қоғамдық санада есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру және халықтың белсенді әлеуметтік ұстанымын қалыптастыру. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде барлығы 60 дәріс жүргізілді. Сонымен қатар аудандық әскери комиссариат комиссияларында жаппай тестілеу арқылы оқушы жастар арасында есірткі қолдануды ерте анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Есірткі заттар тұтынатын тұлғаларды анықтау мақсатында аудан орталығындағы көңіл көтеру орындарында және елді мекендерде рейдтік іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, «Допинг», «Тор» жедел-профилактикалық шаралар өткізілді.
Әрине, халық арасында нашақорлықтың зиянын насихаттау бойынша жұмысты медицина қызметкерлері де жүргізеді, нашақорлыққа қарсы күрес өткізу профилактикалық іс-шаралар өткізу, есірткі қолдануды ерте анықтау және қоғамның бұл ауруына тиісті ем көрсету олардың негізгі міндеті болып табылады. Қостанай облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері Владимир Алексеевич Михайленконың деректері бойынша Қамысты ауданында есірткі заттарды пайдалануға ұшырағандардың психикалық және мінез-құлықтық ауытқуларға бастапқы сырқаттанушылық бойынша жағдайы іс жүзінде тұрақты, бірақ 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңінде халық санының азаюынан 205,8 % (28098 бастап 13650 дейін), 100 мың тұрғынның нашақорлықпен аурушаңдық көрсеткіші 6,7 ден 29,3 дейін өсті. 2012 - 2015 жылдар кезеңінде 1 пациент есепке алынды, 2016 жылы – 4. Есірткі заттарды пайдалануға ұшырағандардың психикалық және мінез-құлықтық ауытқуларға науқастық бойынша жағдайы, сондай-ақ, тұрақты, бірақ 2012 - 2016 жылдар кезеңінде халық санының азаюына байланысты 100 мың тұрғынның нашақорлықпен аурушаңдық көрсеткіші 40,0 ден 51,9 дейін өсті. 2012 - 2014 - 2015 жылдар кезеңде 6 есірткі тұтынушылар, 2013 - 2016 жылдары 7 есірткі тұтынушылар есепте тұрады.
Жұмыс қорытындысы бойынша комиссия медикоәлеуметтік оңалтудың тиімді бағдарламалармен есірткіге тәуелді контингентті толық қамту бөлігінде нашақорлық пен есірткі бизнесін алдын алу күресін жалғастыру қажеттігін атап өтіп, тиісті қаулы қабылдады.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .