Облыстық мәслихаттың депутаттары Алтынсарин ауданында жазғы демалысты ұйымдастыру және балаларды сауықтыру туралы

2017 жылғы 13 маусымда облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды, онда жоспарлы мәселе қаралды: «Алтынсарин ауданында жазғы демалысты ұйымдастыру және балаларды сауықтыру туралы».
         Комиссия қорытынды отырысының жұмысына комиссия төрайымы Т.Б. Булгацевич; облыстық мәслихаттың депутаттары: Т.Е. Қайкенова, Ю.М. Малышко, Е.В. Смышляева, Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары С.С.Мұсапірова, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ өкілі Т.А. Жазитов, Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат аппаратының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Алтынсарин ауданының ауылдық округ мектептерінің директорлары, БАҚ өкілі қатысты.
         Белгіленген тақырып бойынша ақпаратпен Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары С.С.Мұсапірова сөз сөйледі, ол өз сөзінде Алтынсарин ауданында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және балалар мен жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуы бойынша қызметті іске асыру 21 білім беру мемекмесінің базасында, балалар шығармашылық үйі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, бос уақытты өткізу орталықтары, орталықтандырылған кітапхана жүйесімен жүзеге асырылады және 1862 оқушылардың (100%) денсаулық, шығармашылық дамытуды қолдауға бағытталған, сондай-ақ жазғы демалыс уақытында оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу туралы ақпарат айтты. Аудан мектептерінде оқушылардың демалуы және ұйымдасқан жұмыспен қамтуды іске асыру шеңберінде жазғы сауықтыру компаниясы ұйымдастырылған, оның мақсаты балалар мен жасөспірімдердің еңбек дағдыларын дамыту, сауықтыру және жұмыспен қамту, өзін-өзі танытуы, жеке тұлғалық даму үшін орынды ұйымдастырылған орта ретінде жан-жақты дамыту демалысын құру, жазғы кезеңде балалардыңөмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады.
Алтынсарин ауданының «Светофор» балаларды сауықтыру лагерінің директоры И.В. Семенова өз баяндамасында 2017 жылы тұрғын корпустарының шатырына, асханаға күрделі жөндеу, жатын корпустардың ішіне косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Кішкентай балаларға арналған корпусқа санитариялық торап қойылған. Моншада, жуынатын бөлмелерде, гигиена бөлмесінде қабырға жабындары ауыстырылды, ыстық және суық су беретін құбырлар, душтың су сепкіші, сонымен қатар санитарлық тораб қойылды, медициналық пункт және оқшаулағыш жөнделді. Осы жылы 1000 адамды қамтитын 4 маусым ашу, сонымен қатар жұмыс орындарымен қалалық жастарды ғана емес, жақын маңдағы Щербаков ауылының жастарын жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ бас маманы Т.А. Жазитов өз сөзінде, ол Алтынсарин ауданында қала сыртындағы лагерь жоқ екенін айтты. Осы лагерьдің мақсатқа лайықтылығын қарастыру керек, өйткені ауданда лагерьлер желісі мен балалар қала сыртындағы лагерьлерде жазғы демалыспен қамтылады. Алтынсарин ауданында барлығы 4 алаңы тамақпен барлығы 48 бала қамтылған, тамақсыз 56 алаңдар оларда 956 балалар бар.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қаулыларын қабылдады, жазғы демалысты ұйымдастыру және балаларды сауықтыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді жалғастыру қажет екенін атап көрсетті; жазғы демалысын ұйымдастыру саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларға қатысу үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін зерделеу; ортақ ақы төлеу элементтерін енгізу жолымен жалпыға міндетті оқу қоры есебінен балаларды қамтуды ұлғайту мүмкіндігін қарастыру; балалардың демалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша барлық жауапты қызметтердің үйлестіру жұмысын қамтамасыз ету; балалардың мектеп жанындағы алаңдардың жұмыс істеуін орталықтандырылған әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмысты күшейту; ауданның балалары мен жасөспірімдердің демалыс кезеңінде жұмыспен қамту сапасын бағалау және қамтудың сапалы мониторингін қамтамасыз ету; орталық аудандық ауруханамен бірлесіп, балалардың жазғы демалысын сауықтыру компонентіне ерекше назар аудару; жазғы алаңшаларда жұмыс істеу үшін студенттік жастар қатарынан еріктілерді және үкіметтік емес ұйымдардың белсенділерін тарту; Алтынсарин ауданында балаларды сауықтыру және жазғы демалысты ұйымдастыру жұмысын бақылауды күшейту; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелерінде әдістемелік көмек көрсету. Аудандық мәслихатқа тұрақты комиссияның отырысында алдын-ала істің жағдайын зерттей отырып, «Алтынсарин ауданында жазғы демалысты ұйымдастыру және балаларды сауықтыру туралы» мәселені оның сапасы тұрғысынан жалпы оқу қорын пайдаланудың ашықтығын, жазғы демалыспен мұқтаж барлық аудан тұрғындарын толық қамтылу ұсынысын қарау.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .