Облыстық мәслихаттың депутаттары Алтынсарин ауданында жазғы демалысты ұйымдастыру және балаларды сауықтыру туралы
2017 жылғы 9 маусымда облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі жұмыс тобы болды, онда жоспарлы мәселе қаралды: «Алтынсарин ауданында жазғы демалысты ұйымдастыру және балаларды сауықтыру туралы».
Комиссияның көшпелі жұмыс тобының жұмысында объектілер бойынша комиссия төрайымы Т.Б. Булгацевич; облыстық мәслихаттың депутаттары: И.Н. Дмитриева, Т.Е. Қайкенова, Ю.М. Малышко, Е.В. Смышляева, Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары С.С.Мұсапірова, Алтынсарин ауданының Краснокордонский орта мектебінің директоры Р.А. Өмірбаева, Алтынсарин ауданы М.Хәкімжанова атындағы Щербаков орта мектебінің директоры А.С. Мәмиева, «Светофор» балаларды сауықтыру лагерінің директоры И.В. Семенова, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ өкілі Т. Жазитов, «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» ММ өкілі, БАҚ өкілі қатысты.
Алтынсарин ауданының Краснокордонский орта мектебінің директоры Р.А. Өмірбаева мектепті және мектеп ауласын көрсетті. Мектеп ауласында жылыжай, жабық топырақтағы эксперименттік учаскесі бар. Мұнда балалар қызынық, қияр, шалғам және ағаш өсіреді. Олардың арасында бөріқарақат, балқарағай, жөке өсіріледі және оның жұмысы туралы әңгімеледі. Жазғы лагерь 1 ауысымын 1 маусымнан бастап 30 маусым аралығында бастайды. Балалардың саны 35 құрайды, педагогтар 7.
«Светофор» балаларды сауықтыру лагері бойынша лагерь директоры И.В. Семенова бұл лагердің 1981 жылдан бастап жұмыс істейтінін айтты. Лагерь аумағы 5 га. Лагерь аумағында 4 ұйықтайтын корпус, 1 медициналық блок, 380 адамға арналған 1 ас блогы, монша, қойма, көл, 5 спорт алаңы, түрлі түсті 2 ашық жазғы сахна орналасқан. Жазғы маусыда балалардың орта есеппен 1000-1200 қамти отырып, барлығы 10 күн бойынша 4 ауысым 5 уақыттық тамақтандыру жүргізу жоспарланған, жолдама құны 28 000 теңге. Бірінші келуі 2017 жылғы 19 маусымда. Тәлімгерлер «Қостанай педагогикалық коллежді» қоғамдық бірлестігінен, «Қостанай гуманитарлық колледжі». 2016-2017 жылдары лагерь қайта құрылған және күрделі жөндеу жүргізілген, материалдық-техникалық базасы жаңартылған. Лагерь спорттық мүлікпен және ойын-жабдықтарымен жабдықталған.
Алтынсарин ауданы М.Хәкімжанова атындағы Щербаков орта мектебі бойынша мектеп директоры А.С. Мәмиева хабардар етті. Мектеп 1963 жылы салынды. Мектепте балалар жазғы лагерге барады, балалар «Шебер қолдар» сәндік-қолданбалы өнер, «Шеберлер елі» үйірмелеріне, «Киноклуб» мүдделері бойынша сабақтар жүргізіледі, «Кітап жақсы көремін» әдеби үйірмесіне қатысады.