Жолдар бақылауда

2017 жылғы 7 маусымда «Лисаков қаласы   әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қаланы көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша, коммуналдық сала объектілерінде жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысы туралы» мәселе бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысына дайындалу аясында депутаттардың жұмыс тобы қала әкімі А.Е. Исмағұловпен жөндеуге жататын жолдарды апта сайынғы аралау жұмыстарына қатысты.
Жол жүру барысында депутаттар орындалып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Лисаков қаласындағы және Октябрь кентіндегі жолдардың жалпы ұзындығы 80,84 км.
2017 жылы 569,769 млн. теңге жалпы сомасына Темірбаев көшесін қайта жаңарту, Труд, Горняков, Тобольский және Набережный көшелерін орташа жөндеу, сонымен қатар кварталіші жолдарын ағымдағы жөндеу іске асырылып жатыр. Жалпы көлемі 91 мың шаршы метрді, қайта жаңартуға және орташа жөндеуге жататын жолдардың ұзындығы 6,427 км. құрайды.
Темірбаев көшесі бойынша жолды қайта жаңарту барысында (мердігер «ВАН» ЖШС) көше жарығын, су құбырын, жылу желісін, газ құбыры бойынша қаптаманы ауыстыру, екі автобус аялдамасын, жол белгілерін және шағын сәулет нысандарын (орындықтар, урналар, қыш құмыралар, тас нобайлары) орнату жоспарда. Жобаны іске асыру мерзімі 2017 жылғы мамыр-қазан.
Труд және Горняков көшелерін орташа жөндеу бойынша шарт               «ВАН» ЖШС жасалды. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 2017 жылғы 15 шілде. Жарияланған конкурс барысында пайда болған үнемдеудің есебінен Горняков көшесі бойы қосымша жаяужол салынады.
Тобольский көшесі бойынша жолды орташа жөндеу бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Оны жөндеуге облыстық бюджеттен 34,2 млн.теңге бөлінді.
Набережный көшесін орташа жөндеу бойынша жұмыстар 2017 жылғы             15 маусымнан басталады. Тобольский және Набережный көшелеріндегі жолдарды орташа жөндеу бойынша шарт «Стройсвязькомпани» ЖШС жасалды.
Бару барысында депутаттарды орындалып жатқан жұмыстардың сапасын, мерзімін және кестесін бақылау қалай жүргізіледі екендігі туралы мәселе қызықтырды. Жолдарды өздері қарап, депутаттар пайдаланылып жатқан қиыршық тастың сапасы бойынша күмәнданды, бірақ мердігер де, ТКШ бөлімінің маманы да қиыршық тастың бұл түрі талаптарға сәйкес келеді екендігін растады, оған тиісті құжаттар, сонымен қатар орындалып жатқан жұмыстарға кепілдік бар.
Бұдан басқа, қала әкімі мердігерлерге жолдарды жөндеу маңайындағы аумақтардың толық көріктендірумен аяқталуы тиіс деп ескертті.
Темірбаев көшесін қайта жаңартудан және орташа жөндеулерден кейін Лисаков қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 53,6 км. (немесе 66,3%) дейін көбейеді.
Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында нақты қаралады.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .