Лисаков қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының жұмысы туралы
2016 жылғы 27 мамырда С.Қ. Шалдыбаеваның төрағалық етуімен мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, отырыста «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету бойынша, қаланың мектепке дейінгі білім мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыс туралы және педагогикалық жұмысшылардың кәсіби құзыреттілігі өсу үшін жағдайлар жасау туралы жұмысы туралы» мәселе қаралды.
Баяндамамен «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысы Е.А. Бурдыка сөз сөйледі.
Ақпаратты тыңдап, депутаттар білім ұйымдарының балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету бойынша, қаланың мектепке дейінгі білім мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмысын белгіледі. Тең мүмкіндіктер ұсыну үшін қаланың мектепке дейінгі ұйымдарымен мүмкіндіктері шектеулі балаларға жеке білім бағдарламаларын іске асыру арқылы көмек көрсету бойынша қызметтер көрсетіледі, бала, ата-ана, тетелес балалар және ұстаздар тұлғасында әріптестіктің жаңа моделіне бағдарланған авторлық бағдарламалар шеңберінде жеке қабілеттіліктері табылып, дамытылады.
Қалада мектепке дейінгі білім беруді балабақшалар мен мектепке дейінгі дайындық сыныптарының 156 тәрбиешісі жүзеге асырады, 69% жоғары білімі бар. 1 және жоғары дәрежелі ұстаздардың сапалы құрамы 30,2% құрайды. Балабақшаларда жұмыс істеу үшін жас мамандарды шақыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Соңғы үш жылда қалаға 35 адам келді, мектепке дейінгі факультеттердің 6 жас маманы қалада мемлекеттік тәжірибиеден өтіп жатыр. Бірақ мектепке дейінгі білімі бар ұстаздардың (32%) жеткіліксіз пайызы проблема болып қалады.
Қаралған мәселе бойынша депутаттар тиісті қаулы қабылдады.