Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ветеринариялық анықтамалар беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату өткізу бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 515 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда № 3972 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда «Қостанай таңы газетінде жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов