«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша Лисаков қаласы қорғаныс істері бойынша бөлімінің жұмысы туралы

2016 жылғы 3 маусымда И.В. Неявконың төрағалық етуімен мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша Лисаков қаласы қорғаныс істері бойынша бөлімінің жұмысы туралы» мәселе қаралды.
Комиссияның жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
   Баяндамамен Қостанай облысы Лисаков қаласы қорғаныс істері бойынша бөлімінің бастығы В.В. Слободюк сөз сөйледі.
   Қорғаныс істері бойынша бөлім бастығының баяндамасын тыңдап, мәслихаттың тұрақты комиссиясымен қорғаныс істері бойынша бөлім бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырумен айналысатыны, 17 жасқа толған жасөсіпірімдердің тіркеуін жүргізетіні және әскери оқу орындарына түсу бойынша насихаттау жұмысын жүргізетіні мен шақыру жұмысын ұйымдастыратыны белгіленді. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қаланың білім бөлімімен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі.
2015-2016 оқу жылында бастапқы әскери дайындықты қаланың                    734 оқушысы өтіп жатыр, оның ішінде 7 жалпы білім беру мектептері мен                  1 колледжде 402 жасөспірім. Барлық оқу орындары БӘД оқытушыларымен қамтылған. Оқу жылы басталған кезде қорғаныс істері бойынша бөлім бастапқы әскери дайындық оқытушылары-ұйымдастырушыларымен оқу-әдістемелік жиындар өткізеді.
Бұдан басқа, қалалық қорғаныс істері бойынша бөлім ҚР ҚМ әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша мақсатты жұмысты жүзеге асырады. 2015 жылмен салыстырғанда ҚР ҚМ әскери-оқу орындарына түсушілердің саны маңызды ұлғайды.
Отырыс барысындаЛисаков техникалық колледжінде оқу-далалық жиындар өткізуді ұйымдастыру проблемасы көтерілді. Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасымен жете зерделенеді және бақылауға алынды.
Жұмыстың қорытындылары бойынша комиссия тиісті қаулы қабылдады.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .