Лисаков қаласының бюджетіне өзгерістер енгізілді
2016 жылғы 3 маусымда И.В. Неявконың төрағалық етуімен VI шақырылымның Лисаков қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессияда:
1) Мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 381 «Лисаков қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2) Мәслихаттың 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3) Ведомствоаралық сипаттағы мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Лисаков қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджетін нақтылау жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трансферттердің сомаларын нақтылауға, жергілікті бюджеттің жалпы көлемі 80,5 млн. теңгеге азаюына, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бос қалдықтың бөлігін бөлу және бірінші кезектегі мәселелерді шешуге үнемдеу сомаларын қайта бөлуге байланысты.
Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 27 мамырдағы шешімімен Лисаков қаласы бойынша облыстық және республикалық бюджеттерден нысаналы трансферттер нақтыланды, осыған сәйкес 2016 жылға арналған трансферттердің жалпы сомасы 76 млн. 383 мың теңгеге көбейтілді, оның ішінде тарнсферттердің түрлері бойынша:
- Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға қосымша жалақыны ішінара субсидиялауға;
- Лисаков қаласы № 6 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу үшін мемлекеттік сараптама құнын ескере отырып жобалық–сметалық құжаттаманы әзірлеуге;
- Лисаков қаласы Октябрь кентінің бірінші көтерілім сорғысы және екінші көтерілім сорғысы арасындағы ауыз су таратқышында Тобыл өзені арқылы өтетін дюкерді қайта жаңартуға;
Лисаков қаласының Октябрь кентінде марганецтен су тазалауды орнату мен ІІ көтерілім сорғы станциясын қайта жаңартуға;
қаланың су құбыры желілерін қайта жаңартуға;
Лисаков қаласы биологиялық тазалау станциясының коллекторынан жинағыш тоғандарына дейін кәріз желілерін қайта жаңартуға;
Октябрь кентінде ағынды суды биологиялық тазалау станциясын қайта жаңартуға.
Акциздер бойынша бекітілген жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі болжамды орындалмауына байланысты мәслихат сессиясында қалалық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі азайтылды.
2016 жылға арналған Лисаков қаласының нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 5 млрд. 106 млн. 809,8 мың теңгені, 2017 жылға бюджет көлемі – 3 млрд. 103 млн. 472 мың теңгені құрады.
Сессия барысында мәселелер қозғалды, оларға толық жауаптар берілді.
Сонымен қатар депутаттармен тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына және консультативтік-кеңесші органдардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.