Балалардың жазғы демалысы туралы

Ағымдағы жылдың 4 тамызында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның отырысы өтті. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссиямен Федоров ауданында балаларға арналған жазғы демалыс ұйымдастыру және сауықтыру туралы мәселе қарастырылды.
Отырысқа аудандық әкімдігі бөлімдердің және аумақтық мекемелердің басшылары, аудандық орталығының орта мектептердің директорлары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Осы мәселе бойынша «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысы Динара Әбдікәрімқызы Бектыбаева сөз айтты, ол депутаттарды «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде ауданның әр білім мекемелерінде балаларға жазғы демалыс ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырып шықты. Аудан бойынша оқушылардың қамтуы, мектеп жанындағы алаңшалар саны, шатыр лагерлері, жұмыс істейтін үйірмелер мен спорт секциялары туралы толық айтып өтті. Сондай-ақ баяндамада «Жаз-2017» бағдарламаның әзірленген және бекітілген жұмыс жоспарлары және іс шаралары туралы белгіленді.
Осымен қатар, білім бөлімі есептің барлық түрлерінде тіркелген, соның ішінде жазғы кезеңде АІІБ КТІТ алдын ала есебінде тіркелген оқушыларына бақылауға назар қалдырмайды.
Бұдан басқа, депутаттарды және отырысқа шақырылғандарды аудан оқушылары арасында «Жасыл ел» бағдарламаны іске асыру және                  «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне барып келгендер туралы хабардар етті.
Соңында білім бөлімінің басшысы «Лесной уют» балалар сауықтыру лагерінің қызметі туралы айтты.
Жарыссөзге осы мәселе бойынша тұрақты комиссияның депутаты              А.Н. Сағнаев сөз берді. Отырысқа дайындалу барысында депутаттар Федоров ауылының № 1, № 2 және № 4 орта мектептері жанындағы балаларға арналған жазғы алаңшаларды аралап шықты. Депутаттар орта мектептердің базасында мектеп жанындағы лагерьлердің қызу жұмысын белгіледі. Мұнда 7-12 жастарлы балалар өз денсаулығының пайдасына жазғы демалыстарын өткізіп жатыр. Бағдарлама түрлі спорт-таныту іс-шаралармен және ойындармен толықтырылған. Оқушылар ойын бағдарламаларын өткізуге қатысады, лагерьдің ұжымдық істеріне қатысады. Бірақ оқушылардың балалар алаңшасына қызығушылықпен баруына қарамастан балалардың тамағы нақты қиындықты жасайды. Сондай-ақ Димитров атындағы № 1 орта мектебінде спорт алаңы жоқ.
Талқылау нәтижелері бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .