Федоров аудандық мәслихатының кезекті VІІ сессиясы
2017 жылғы 4 тамызда Федоров аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының VІІ сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Исабаев Тәуба Қайыржанұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтерінің әкімдері, ауданның кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кезекті сессияда Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындау туралы және Федоров ауданы ішкі істер органының жергілікті полиция қызметі бастығының есептері тыңдалды.
Өз сөзінде аудан әкімі ағымдағы алты айдың ішіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып кетті.
Есептік кезең ішінде ауданның мемлекеттік бюджеті 105 % атқарылған, 1, 2 және 3 санат салығы бойынша кіріс бөлігі 104,0% атқарылған, бюджеттің шығыс бөлігі 1 млрд. 593 млн. 943 теңге мөлшерінде немесе 100% атқарылған.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 84,3% құрайды. Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексі 127,1 % құрайды. Бөлшек сауда тауар айналымының физикалық көлем индексі 102,4 % құрайды.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 84,3% құрайды. Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексі 127,1 % құрайды. Бөлшек сауда тауар айналымының физикалық көлем индексі 102,4 % құрайды.
Аудандағы жұмыссыздық деңгейі 1,67% құрайды. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша күнкөрісі төмен отбасы ретінде теркелгендер жоқ.
Аудандағы кедейлік деңгейі 0% құрайды.
Жартыжылдық қорытындыларын айта келе, Т.Қ. Исабаев жыл қорытындылары бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында жақын арада шешуді қажет ететін мәселелерді назарынан тыс қалдырмады.
Жартыжылдық қорытындыларын айта келе, Т.Қ. Исабаев жыл қорытындылары бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында жақын арада шешуді қажет ететін мәселелерді назарынан тыс қалдырмады.
Депутаттармен Федоров ауылының газификациясы, ауылшаруашылық өнімін өндіру көлемі, төртдеңгейлі бюджетін қалыптастыру мәселелері айтылды. Оларға толық жауап берілді. Талқылаудан депутаттар шешім қабылдады – Федоров ауданы әкімінің есебі бекітілсін және тиісті мемлекеттік органдарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын әрі қарай қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берді.
Жергілікті полиция қызметі бастығының есебін қарастыру мәселесі бойынша депутаттар бірінші жарты жылдығының нәтижелері бойынша саралау жергілікті полиция қызметі жұмысының бөлек көрсеткіштерінің жақсартылуы туралы белгілеп өтті. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың, пәтерлі ұрлықтарды, тонау және бұзықшылықтың төмендетуі байқалады. 6847,418 мың теңге сомасына 811 әкімшілік айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың үлкен саны қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жатады.
Бірақ есептік кезеңнің қорытындылары бойынша ауданда кәмелетке толмағандар қылмыстықтың өсуіне қол жіберілді.
Сондай-ақ депутаттар бұқаралық ақпарат құралдарда полиция қызметінің жұмысын жариялау жөніндегі жеткіліксіз жұмысын белгілеп өтті, соның ішінде осы мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын пайдалану. Ауылдық округтердегі учаскелік инспекторлардың штаттарын толықтыруға, оларды қызметтік автокөлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз етуге жататын проблемалық мәселелер қозғалды.
Сондай-ақ сессияда депутаттар «Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 79 «Федоров ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім қабылдады және ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі кейбір консультациялық-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізілді.