Лисаков қалалық мәслихатының депутаттарымен Лисаков қаласы әкімінің есебі бекітілді және жергілікті полицияның жұмысы бағаланды

2017 жылғы 3 тамызда депутат А.А. Калининнің төрағалығымен Лисаков қалалық мәслихатының кезекті VIII сессиясы өтті. Сессияның жұмысына Лисаков қ. әкімі А.Е. Исмағұлов, Лисаков қ. ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы, Лисаков қ. прокуроры, облыстық мәслихат депутаты, әкімдік мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, учаскелік инспекторлар, ҮЖИК басшылары, бұқаралы ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мәслихаттың сессиясына сұрақтар дайындау шеңберінде «Лисаковская новь» газетінде қала тұрғындарының Лисаков қ. әкіміне және жергілікті полиция қызметінің бастығына оларды қызықтыратын сұрақтарды қою мүмкіндігі туралы хабарландыру орналастырылды.
Депутаттар қараған бірінші мәселе Лисаков қ. әкімі А.Е. Исмағұловтың оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі болды.
Бірінші жартыжылдықтың нәтижелері бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына депутаттар оңды баға берді.
Бұған қоса өткен жылға 121,8% өнім өндіруде де, сонымен қатар НКИ бойынша да көрсеткіш 105,7% оңды динамикаға қол жеткізілді. Салықтар да жоспарға 117,4% өсіммен жиналды, егер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 138,7% құрады. Бұл бірінші жартыжылдықтың нәтижелері бойынша қаладағы бірінші кезектегі міндеттерді шешуге қосымша қаражат жіберуге мүмкіндік берді. Шығындар бойынша бюджеттің атқарылуы 100% құрады, оның ішінде нысаналы трансферттер 99,8% игерілді.
2017 жылдың қорытындылары бойынша Лисаков қ. бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің күтілетін көлемі 38,6 млрд. теңгені құрайды, бұл 2016 жылдың (33,8 млрд. теңге) көлемдерінен 14,3 % артық, нақты көлем индексі – 102,2% (2016 ж.- 90,5%).
2017 жылдың 6 айында қаланың экономикасына 4 млрд. 149 млн. теңге инвестициялар бөлінді, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңінен 6,1% артық.
2017 жылғы инвестициялардың болжалды көлемі – 12,3 млрд. теңге (2016 ж. – 10879 млн. теңге).НКИ 109,3 % деңгейінде.
КБКБ өнімнің өсуі 3,7% құрады. Жаңа кен шығарылатын орындарды салу жүзеге асырылып жатыр. Компаниямен кәсіпорынның қызметкерлері үшін 60 пәтерлік арендалық тұрғын үй салынып жатыр.
Жалпы тұрғын үй құрылысы саласында пайдалануға 628 ш. м. тұрғын үй енгізілді, өсім 25% құрады.
Шағын бизнес саласында кәсіпкерлік субъектілерінің саны 92 бірлікке немесе 6,3% өсті.
Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жағдай тұрақты. Жоспар 200 жаңа жұмыс орны жанында 402 жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық деңгейі 0,9% құрайды.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 300 млн.теңге сомасында жолдарды жөндеуге трансферттер бөлінді. Труд, Тобол, Набережный, Горняков, Верхнетобольский көшелері бойынша жолдарды орташа жөндеу, сонымен қатар қаланың жолдарын шұңқыр жөндеу (6,2 км. жолдарды жөндеу және 10 500 ш.м. - шұңқыр жөндеу) жүргізіліп жатыр. Жалпы жөндеумен 94247 ш. метр қамтылады.
Ағымдағы жылы жолдарды жөндеуге бөлінген қаражаттардың көлемін есепке алғанда жағдайы қанағаттанарлықсыз жолдардың үлесі 8 % азаяды.
Депутаттар атқарушы билік пен бизнестің күшін біріктірудің арқасында қаланың көркі мен қала тұрғындарының өмірінде маңызды жағымды өзгерістерге қол жеткізілгенін белгілеп өтті, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы шеңберінде 1-шағын аудандағы бұрынғы «Колокольчик» балабақшасы ғимаратының қайта құрылуын аяқтауға өз қаражатын бөліп жатқан инвестор табылды.
Сонымен қатар сессия барысында халықтан жиі түсетін сұрақтар айтылды: бірінші кезекте негізгі азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін тоқтату бойынша атқарушы органдармен қабылданып жатқан шаралар туралы, «Юпитер», «Урал» гараждарының жерқоймаларында және коттедждерде су пайда болуының себебі туралы, қаланың шағын аудандарында ескі ағаштарды кесу қажеттілігі туралы, қаланың қараусыз аймақтарын жинау туралы, аула клубтарын жөндеу және материалдық техникалық жабдықталуын бекіту қажеттілігі туралы, қаланың мектептері үшін компьютерлер сатып алу туралы, қалада жауынгер-интернационалисттер даңқы ескерткішін орнату қажеттілігі туралы, жеңілдікті дәрі-дәрмек препараттарымен үздіксіз қамтамасыз етуге байланысты жыл сайынғы проблемалар туралы, түнгі уақытта жұмыс істейтін дәріханалардың жоқтығы туралы.
Қараудың қорытындылары бойынша әкімнің есебі бекітілді.
Екінші мәселе бойынша Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Лисаков қаласы ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы                                Р.Д. Болдусовтың есебі қаралды.
Ағымдағы жылдың 6 айында әртүрлі профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында жергілікті полиция қызметкерлерімен 2133 әкімшілік құқықбұзушылық айқындалды (2016 ж. - 2483), 14,1% төмендеді, олардан: ҚРӘБтК 437-бабы (тыныштықты бұзу) – 64 (2016 ж. -109) 41,3% төмендеді, ҚРӘБтК 440-бабы (спиртті ішімдіктер ішу немесе а/м көріну) – 396 (2016 ж. - 398) 0,5% төмендеді, ҚРӘБтК 441-бабы (темекі шегу) – 117 (2016 ж. -119) 1,7% төмендеді, ҚРӘБтК 408-бабы (иттер мен мысықтарды серуендету қағидаларын бұзу) – 77 (2016 ж.-71) 8,5% өсті.
Қабылданған шаралар жалпы оперативті жағдайды бақылауды қамтамасыз етуге және қылмыстардың санын өткен жылмен салыстырғанда -27,8 % төмендетуге мүмкіндік берді (400 қылмыстан 289 қылмысқа дейін).
Бағдарламалық профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде басқа біреудің мүлкін ұрлауды 240 қылмыстан 152-ге дейін төмендетуге қол жеткізілді.
Құқық тәртібі туралы қоғамның ой-пікірін зерттеу, халықтың сенімділік деңгейін арттыру үшін «Facebook» және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде Жергілікті полицияның ресми беттері орналастырылды, онда байланыс телефондары туралы ақпарат және азаматтарды қабылдау кестесі, полиция учаскелік инспекторларының жұмыс кестесі, қолданыстағы заңнама нормаларына түсініктемелер орналастырылады, сонымен қатар Жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы ақпарат орналастырылады.
Сессияға дайындық барысында депутаттардың жұмыс тобы қалалық ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратына, оның ішінде кезекші бөлімге, ІІБ жергілікті полиция қызметінің әкімшілік тұтқынға алынған тұлғалар үшін арнайы қабылдау мекемесіне, полиция даңқы мұражайына барды.
Бару барысында полиция қызметкерлері проблемалар қатарын қозғады, атап айтқанда ғимараттың төбе жабындысын жөндеу, ғимаратты күрделі жөндеу, бейнебақылау камераларының жұмысы туралы.
Депутаттар полицияның жұмысындағы оңды жағдай ретінде ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша жүргізіліп жатқан «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру»пилоттық жоба шеңберінде ҚІІБ енгізілген жаңалықты белгілеп өтті. Қазіргі уақытта ІІБ ғимараты холының бірінші қабатында экран орналастырылған, ал тергеу жүргізілетін кабинетте бейнебақылау камерасы орналастырылған. Камераның бейнесі онлайн тәртібінде экранға шығарылады. Әр келуші, ұсталған адамның туысы және тікелей прокуратураның қызметкері монитор арқылы барлық іс-қимылды көре алады.
Сонымен қатар бұл мәселе бойынша қала прокуроры Е.А. Тайкешов сөз сөйледі, ол жергілікті полиция қызметкерлері кәсіпқойлығының жоғары деңгейін белгілеп, полиция қызметкерлеріне шағымдардың саны азаюына көңіл аударды.
Депутаттар жергілікті полиция қызметінің жұмысын қаңағаттанарлық деп белгіледі.
Үшінші мәселе бойынша депутаттар қаланың алдында заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес бойынша ерекше қызметі үшін, ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі, полицияның жас қызметкерлерінде жоғары отаншылдық сезімін тәрбиелеудегі белсенді қызметі, антқа деген адалдығы үшін, Лисаков ішкі істер бөлімінің полиция даңқы мұражайын жасауға тікелей қатысуы үшін П.А. Волокитинге «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы бір ауыздан шешім қабылдады.
Сонымен қатар депутаттармен Лисаков қ. бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілді, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша кейбір консультативтік-кеңесшіоргандардың, сайлау комиссияларының құрамына және Лисаков қалалық мәслихатының регламентіне өзгерістер енгізілді.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .