Бизнестің жол картасы 2020 жұмыс істеуде
Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық шеңберінде а.ж. 8 тамызында экономика және ауылдық аумақтарды және аграрлық өндірісті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы О.В.Даниленко бастаған депутаттардың Жұмыс тобы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының нысандарын аралады. Жұмыс тобына депутаттар С.С. Ағайдаров, В.Ф. Ковальский, А.К. Сергеев, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Бекенов, Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Т.С. Шоқанов, Қостанай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Т.В.Шабаева қатысты.
Екінші деңгейдегі банктерге несие бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау бойынша «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысушыларына айналған объектілерді депутаттар аралады. «Стомед Групп» ЖШС 2014 жылдан бастап бірнеше рет Бағдарлама қатысушысы болып шықты. Клиникасыны қайта жаңартуға және жаңғыртуға, көпсалалы медициналық орталықтың ашылуына, медициналық жабдықтарды сатып алуға қаражатбөлінді. Облыста теңдесі жоқ қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтармен жабдықталған бір ауысымда 250 адам қабылдайтын көпсалалы емхананың ашылуы нәтижесі болды. Депутаттар алдына қойған проблемалық мәселелердің бірі тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жақын маңда орналасқан автокөлік аялдамасының жоқтығы. «Аква Арасан» ЖШС сондай-ақ, квас өндірісі үшін жабдықтар сатып алынған кезден бері 2013 жылдан бастап бағдарламаға қатысушы. 2016 жылы тоңазытқыш жабдықтарын сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта «Аква Арасан» ЖШС заманауи жоғары технологиялық жабдықтары бар өндіріс болып табылады. «Аква Арасана» ЖШС барлық өнімдері тек қана табиғи компоненттерден жасайды. Өнім ассортименті кеңеюде. Қазір зауытта барлығының сүйікті Грушевый сусыны ғана емес, көптеген алкогольсіз сусындар, квастар, сулар, салқын шайлар өндіреді.
Депутаттар Қостанай ауданының аумағында «Triera KZ» ЖШС барды, онда сэндвич-панельдер өндіреді, қайта өңделген шикізаттан дәретхана қағазын шығарады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты айына 13 мың парақ, дәретхана қағазының 50 мың орамынын құрайды. Кәсіпорында 27 адам еңбек етеді. И.А. Пирог – кәсіпорын басшысының жоспарларында ассортиментін және өндіріс қуаттарын кеңейту болды.
Бұдан әрі депутаттар «Костанайшинсервис» ЖШС болды, бағдарламаның шарттары өзгергеннен кейін Бағдарламаға қатысуға мүмкіндікті өндірісшілерге ғана емес, сауда саласындағы кәсіпорындарға да мүмкіндік берген. Бағдарламаға қатысу көлік құралдарына арналған өнімдердің компоненттері мен керек-жарақтардың ассортиментін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Кәсіпорын республикалық трассаның өтетін жеріне жақын орналасқандықтан сатып алушылар үшін қол жетімді, қазіргі заманғы қоймалық үй-жайлар, дүкен, техникалық көмек көрсету станциясы бар. Сапар барысында шиналарды кәдеге жаратуға баж салығын екі есе төлеу бойынша мәселе көтерілген. Мәселе «Костанайшинсервис» ЖШС үшін ғана емес және де аймақтың басқа ауыл шаруашылық тауарын өндірішілер үшін де өткір болып шықты.
Депутаттар Бағдарлама бойынша соңғы «Г.Б. Шнайдер» ЖК барды, «Золотой фазан» қонақ үйі ауласы базасының қожайыны «жасыл» саясатын көп жылдан бері қолданады, оны экобазаға айналдыруды жоспарлап отыр. Г.Б. Шнайдер сондай-ақ, тіпті шағын желдің екпіні кезінде энергия жинақтауға мүмкіндік беретін Болотовтың желді роторлы турбинасын сатып алуға грант ұтып алып, бағдарламасының қатысушысы болды.
Жинақталған ақпарат тұрақты комиссия қаулысының жобасына кірді, отырыс 14 тамызға жоспарланып отыр.